Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқытуды жаңаша ұйымдастырудың мәні -

Оқытуды жаңаша ұйымдастырудың мәні

Сабақ жоспары | Документы | Коучинг жоспарлары Загрузок: 0 | Просмотров: 3934 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы Оқытуды жаңаша ұйымдастырудың мәні
Сілтеме МАН, ақпараттық материалдар, интернет ресурстары
Жалпы мақсаты Бүгінгі білім бала болашағына бағытталып берілуі үшін деңгейлік курс бітірген аудан мұғалімдерімен бірлесе отырып мұғалім құзіреттілігін көтеру, үздіксіз дамуына әсер ету.
Күтілетін нәтиже Шынайы білім сапасына қол жеткізу нысандарын түсіну, білімді жеке тұлғаға бағыттап жаңаша беру.
Түйінді идея Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді .
Ресурстар Маркер, стикер, ақ парақ, ватман,кеспе қағаздар, видеожазба.
Коучинг
Коучингтің өтілу кезеңдері Уақыты Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі 2 мин Тренинг «Менің тұлғам». Қатысушылар ақ бетті екіге бүктеп, өз қолдарымен жыртып бала бейнесін жасайды.
Топқа бөлу 2 мин 1.Өз мамандығымызға жақын бес сөзді атаңыз.(Білім, оқушы, мұғалім, сабақ, мектеп)
2.Осы сөздерді рет бойынща айту арқылы топқа бөліну.


Ой шақыру 5 мин «Мектеп білім сапасымен бағаланады...»- деген ойға топтардың көзқарастарын білу.
Ой тастау 5 мин Кеспе қағаздарда дайындалған 1.«Оқушы»,
2. «Білім», 3.«Сабақ», 4.«Мұғалім», 5.«Мектеп» сөздерін өз қалаулары бойынша ретімен орналастыру. Ойларын дәлелдеу.
Ой қорыту 5 мин
+
5 мин « Мектеп білім сапасымен бағаланады, бірақ білім сапасы мектеп үшін басты мақсат емес...»- деген ойды өз көзқарастарынша ашу және алдыңғы ретімен орналастырған сөз тізбектерін қорытынды ойлары бойынша қайта орналастыру. Егер реттік көзқарастары өзгерген болса, оған не түрткі болғандығын түсіндіру.
Тұжырым 5 мин Бүгінгі білім жеке тұлғаның өмірлік ұстанымына, қажеттілігіне негізделіп берілуі тиіс. Біз – адам жасаушымыз. Сондықтан, мектептегі мұғалімнің әр сабағы арқылы берілетін білім - ең бірінші бала үшін екенін ұмытпағанымыз абзал. Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді . (20 тоқтаммен таныстыру)
Топтық жұмыс 7 мин
+
қорғауға
2 минуттан Қандай болуы керек? Қалай жасауымыз керек?
1. Оқушы тобына – «Мінсіз оқушы»
2. Білім тобына – «Мінсіз білім»
3. Сабақ тобына – «Мінсіз сабақ»
4. Мұғалім тобына – «Мінсіз мұғалім»
5. Мектеп тобына – «Мінсіз мектеп»
Рефлексия 5мин А) Топтық жұмысқа пікір жазу арқылы стикермен бағалау.
Ә) Бүгінгі таңда оқытуды жаңаша ұйымдастырудың мәні қандай? (пікір алысу)
Қорытынды ой 2 мин +
1 мин 1.Бейнежазба «Бәрі өз қолыңда».
2.«Ұстаз – болашақтың ұстасы». Ойды түйіндеу.
Кері байланыс 2 мин «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.