Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Технологиялық карта
Өтетін күні: 06.04.2012 жыл
Тәрбиеші: Мусина Л.
Білім беру саласы «Таным»
ҰОІӘ бойынша: Құрастыру
Тақырыбы: Бағдаршам.
Мақсаты: Балалардың құрастыруға деген ынталарын арыттырып жол белгілері ережелерін есте сақтауға үйрету. Әр түрлі материалдарды пайдаланып бұйымдар жасауға үйрету. Соның ішінде бос сіріңке киндер қорапшалары арқылы бағдаршам жасауға балалардың шығармашылық ойларын дамытып, оны іс жүзіне асыруға үйрету. Жұмыс барысында бір-біріне кедергі жасамауға, бастаған істерін тиянақты аяқтауға үйрету.
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Ұ.О.І.Ә дайындық Жылулық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз!
Жайнай түсті даламыз!
Қайырлы таң қонақтар!
Қайырлы таң достарым!

Ұ.О.І.Ә өткізілуі Есік қағылып пошташы ағай хат әкеледі.
-Балалар бізге жыл атасы пошта арқылы хат жіберіпті.
-Хатта не бар екен,ішін ашып қарайық?!
-Жыл атасы әр суреттің астына сұрақтар,тапсырмалар жазыпты.Соны орындаймыз ба?
-Олай болса мына суреттің пішіні,түсі қандай?
-Жыл атасы қызыл дөңгелекке жұмбақ жасырыпты.
I-тапсырма:
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен селдеткен.
Шалшық кешіп ойнайтын
Бұл қай мезгіл деп ойлайсың?
ІІ-тапсырма:
Мына суреттің түсі, пішіні қандай?
Көктем мезгілінің айларын ата?
Қазір қай қай айы?
ІІІ-тапсырма:
Дөңгелектің түсі қандай?
Көкем мезгіліне байланысты тақпақ білесіңдер ме?
Көктем мезгіліне тақпақ айтқызу.
Тапсырмасын орындаған, пішіндерін тақтаға құрастыру арқылы бағдаршам бейнесі шығады.
Тосын сәт
Топқа басын ұстаған аю кіреді.
-Басым-ай, басым.
-Аюжан саған не болды, басыңа не болған?
-Көшеде бал тиеген машинаны көріп, соған жармасып едім,құлап,басымды ауыртып алдым.
- Аюжан олай көшедегі машинаға жармасуға болмайды. Жол ережесін бұзбау керек, көшеде бағдаршам бар емес пе?
Аю:
-Мен жол ереже дегенді білмеймін,бағдаршам деген не?
-Олай болса жол ережесі,бағдаршам дегенді бізден,біздің балаларымыздан үйрен.Қазір мен саған жол ережесін түсіндіріейін.
Тақтағы сурет арқылы әңгімелеу.
-Бағдаршам жол ережесін реттеуші,жол қиылысынан өтуге көмектеседі.Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды.Біз жол ережесін сақтай білуіміз керек.Бағдаршам бар жерде адамдар өтетін ақ жолақтар болады.Балалар жолдан өткенде ата-аналарының немесе үлкендердің көмегімен өтуі тиіс.Көлік жүретін үлкен жолдың қапталында арнайы адамдар жүретін тратуарлар болады.
Жол ережесіндегі суреттен дұрыс-дұрыс емес әрекеттерді көрсетіп,сұрақтар қою.
-Балалар мына суретке мұқият қарайықшы,не байқадыңдар?
-Бәрекелді,дұрыс айтасыңдар.Бізге келеген аюдың да машинаға жармасуы дұрыс әрекет емес,ол жол ережесін бұзып тұр.
-Балалар бүгін біз аюға жол ережесі, бағдаршам туралы өз білгендерімізді айтайық.Ол өз қателігін түсініп жол ережелерін үйренсін.
-Сендер бағдаршамды көшеде көрдіңдер ме?
Бағдаршам қай жерде тұрады.
-Бағдаршамның неше көзі бар?
-Көздерінің түсі-пішіні қандай?
-Жол ережесіне байланысты тақпақтар кім айтады.
-Балалар қандай көлік түрлерін білесіңдер.
Осы көліктердің ішінде қайсысы бағдаршамның көмегімен жүреді?
Көлік ішіндегі тәртіп ережелерді білесіңдер ме?
Көлік ішінде не істеуге болмайды?
Үлкен автобусқа мінгенде не істейміз?
Көлік туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Ауада ұшатын көліктерге қандай көліктер жатады.
Ал суда жүретін көліктерді білесіңдер ме?
Дұрыс айтасындар балалар!
Телеэкран арқылы жол ережелерін, көлік түрлерін көрсету.
Машинаға бағдаршамның көмегі қажет пе?
Д/о: «Қай көліктің даусы»
Құйрығым-ай, құйрығым деп мысық келеді.
Мысығым-ау бүгін сендерге не болды? Мен көшеде доп ойнап жүр едім құйрығымды машина басып кетті.
Мысық сенің оның дұрыс емес жол ережесін білмейсің бе? Бағдаршам бар дегендей.
Мысық:
Жол ережесін білемін ғой. Бірақ бұл балабақшаның көшесінде бағдаршам жоқ қой қайдан білейін.
Олай болса біз саған көмектесейік. Біздің балалар Аюға және саған бағдаршам жасап берсін. Сол бағдаршамға қарап жол ережесін үйреніңдер.
Бағдаршам құрастыру.
Керексіз қалдық заттар сіріңкенің қорабы мен киндер сюрприздің қорабынан құрастыру.
Жұмыс барысы:
- Бағдаршамның бірінші бөлігі сіріңе қорапшасы.
- Қорапшаға бағдаршамның көздерін рет-ретімен орналастыру.
- Бағдаршам көздерін желімдеу.
- Киндер қорабынан бағдаршам қондырғышын орналастыру.
Сергіту сәті.

Балалар хаттың ішінен шыққан суретке қызығушылық танытты.

Қызыл,дөңгелек

Көктем

Сары, дөңгелек
Наурыз, сәуір, мамыр
Сәуір айы

Жасыл, дөңгелек

Сұңқар, Ақмерей, Дана

Балалар топқа келген аюға таңдана қарады.

-Бала жолдан дұрыс өтпеді.
-Оны машина қағып кетеді. –Бағдаршамнан өту керек.

-Бағдаршам жол ережесін реттеуші.
- Үш көзі бар.
-Қызыл,сары,жасыл.Дөңгелек.
-Әлинұр,Мөлдір,Назерке,
Сабыржан.
-Камаз,автобус,ұшақ,тік ұшақ,зымыран,кеме.

Иә, білеміз.
Көлік жүргізушісі телефонмен сөйлесуге болмайды.
Артқы есігінен мініп,алдыңғы есігінен түсу керектігін.
Ұшақ, тікұшақ, зымыран.
Кеме, қайық, параход.


Қажет. Ол бағдаршам көмегімен жүреді.

Балалар берілген тапсырмаларды ұқыптылықпен, қызығушылықпен орындады.

Қорытынды
Жасаған жұмыстарына талдау жасау, мадақтау. Балалар бүгін біз не туралы өттік. Қане құрастырған бағдаршамымызды мына жасалған макеттегі жол қиылыстарына қояиық. Қалған бағдаршамды Аю мен Мысыққа берейік. Ормандағы басқа да аңдар бағдаршамға қарап жол ережесін сақтап жүруді үйренсін.
Ән «Бағдаршам»
Аю мен мысық балаларға өз сыйлықтарын беріп, ризашылықпен рахметтерін айтып қоштасады.

Макеттегі көше қиылыстарына жасаған бағдаршамдарын қойды.
Балалар әнді қызығушылықпен айтты.
Аю мен мысықтан сыйлықтарын алып қоштасты.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Көлік түрлерін, көшеде жүру ережелерін.
Үйренеді: Әр түрлі материалдарды пайдаланып бағдаршам жасауды.
Игереді: Жұмыстарын тиянақты аяқтауды, берілген сұрақтарға нақты, толық жауап
беруді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.