.
.
Біріктірілген 3+4 сыныптар Біріктірілген 3+4 сыныптар
Сабақ жоспары | Документы | Мектептен тыс мекемелер Загрузок: 0 | Просмотров: 2632 | Размер: | Автор: Нартай45401- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Бояулар сыры. Түстердің түс шеңберінде орналысыуы.
Сабақтың мақсаты: 1) түстерді айра тануға және атауға ұйрету, түс шеңбері туралы түсінік беру; 2) оқушының ой-өрісін бейнелеу өнері әлеміне бағыттап, қызығушылығын арттыру; 3) балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін, зейіндерін дамыту, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кемпірқосақ көрінісін бейнеленген сурет
Сабақтың әдістері: қызығушылығын ояту, жұмбақ, тақпақ, жаттығу, проблемалық сұрақ, тест.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Бағдарлау – мотивациялық кезең
Қызығушылығын ояту.
Балалар, бүгін біз бейнелеу өнерінің сиқырлы әлеміне саяхаттаймыз.
Мына жұмбақты шешіп көрініз:
Алдымда әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейлеп кесте тіктім.
(Кемпірқосақ)
Дұрыс, ол кемпірқосақ. Кемпірқосақ туралы өлең де бар:
Кемпірқосақ
Жаңбыр жауып, басынды,
Күлімдеді көкте күн.
Кемпірқосақ асылды,
Өрнегіндей көктемнің
(Ермек Өтетілеуұлы)
Балалар, кемпірқосақтың неше түсі бар? (балалар атайды ).
Бояулардың сиқыры неде? Қандай сыры бар?
Кемпірқосақта жеті түрлі түс бар: қызыл, сары, сарғыл, жасыл, көгілдір, көк, күлгін. Олардың үшеуі негізгі түс (қызыл,сары,көк), ал қалған төртеуі
қосымша түстер.
Негізгі түстерді қосқаннан кейін пайда болған түстер «қосымша түстер» деп аталады.
Осылай әр түрлі бояқтарды бір-бірімен араластыра отырып, көптеген түстерді табуға болады.
3 сынып
Тапсырма «Сиқырлы бояу»
Негізгі түстерді араластырғанда қандай түстер шығады?
қызыл + сары = сарғыш
сары + көк = жасыл
қызыл + көк = күлгін.
Түстердің түс шеңберінде орналысыуы.
Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді. Оларды жылы және суық түстер деп атайды. Түстерді қарама-қарсы түстер дейді. Олар қызыл- жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр,т.б.
Түстерді бір - бірімен қосып езген кезде түс шеңберінде тұрған реттерін ескере отырып қосса, келесі бір түстің таза түрі шығады.
Егер екі түстен алынған таза бір түсті қарама-қарсы тұрған бір түске қосса, кір түс шығады.
Ой –тұжырым:
1. Кемпірқосақтың көрінісінен жеті түрлі түсті көруге болады.
2. Негізгі түс (қызыл,сары,көк), ал қалған төртеуі солардың қоспасынан шыққан түстер.
3. Қоспасынан шыққан түстер екінші дәрежелі түстер болып саналады.
4. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді.
ІІ . САРАЛАНҒАН БӨЛІМ
Операциялық – орындаушылық кезең.
3 - сынып 4 – сынып
Кемпірқосақ түстерін бейнелеу. Кемпірқосақтың түстерін міндетті түрде дәйектілікпен орналыстыру. Араластыра отырып түстердің қоспасын табуға тырысу.
«Күн және күн қояндары»
Құрлымда бас кейіпкерлер (күн, күн қояндары) жұмыстың ортасыны орналысу керек. Міндетті түрде сұр, қара,қоңыр түстермен қолдануға болмайтының ескерту. Сонымен бірге қояндарды бейнелеу барысында (олар жай қояндар емес, күн қояндары ғой) көңіл бөлген жөн (олардың жүздері жылы, мейрімді, жұмсақ).
ІІІ. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Рефлекциялық - бағалау кезең.
Тест
1) Кемпірқосақтын неше түсі бар?
а) алты ә) жеті б) сегіз
2) Неше негізгі түстер бар?
а) екі ә) үш б) төрт
3) Олар қандай түстер?
а)қызыл, сары, көк ә) қызыл, сары, күлгін б) жасыл, сары, көк
4) «Қосымша түстер» ол қандай түстер?
а) сарғыш ә) сары б) күлгін
5) Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді не деп атайды?
а)негізгі түстер ә) қарама-қарсы түстер б)қосымша түстер
Өзін - өзі бағалау жүйесі бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы мұғалімнің берген бағалау анықтағышына сүйене отырып, өзін-өзі бағалайды.
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
3 сынып
р/с
Тапсырмалар Мұғалім берген
ұпай саны Оқушының жинаған ұпай саны Баға
1 жұмбақ 3
2 проблемалық сұрақ 7
3 тест 15
4 өзіндік жұмыс 10
барлығы 35
Бағалау критерийі:
20-25 ұпай - «5»,
13-19 ұпай - «4»,
6-12 ұпай - «3».
4 сынып
р/с
Тапсырмалар Мұғалім берген
ұпай саны Оқушының жинаған ұпай саны Баға
1 жұмбақ 3
2 проблемалық сұрақ 5
3 жаттығу 5
4 тест 15
5 өзіндік жұмыс 12
барлығы 40
Бағалау критерийі:
25-30 ұпай - «5»,
18-24 ұпай - «4»,
10-17 ұпай - «3».
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.