Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Отаным-атамекенім»  мерекелік ертеңгілік. -

«Отаным-атамекенім» мерекелік ертеңгілік.

Сабақ жоспары | Документы | Мектептен тыс мекемелер Загрузок: 0 | Просмотров: 1871 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Айгөлек» Әулиекөл балабақшасы» МКҚК


Ортаңғы «А» тобы.



Өткізген: Дүйсен Мөлдір Серікбайқызы.

2013 жыл

Ән-күй залында М. Омаровтың «Қазақстан» әні орындалуда, топтың балалары қолдарында әр түстегі гүлдер, көк түсті жалаушалармен кіреді.
Жүргізуші: Республикам күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Алтын-бесік Қазақстан гүлістан!
-Қайырлы күн қадірменді қонақтар, бүлдіршіндер!
Бүгінгі «Отаным-атамекен» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз!
Әнұран орындалады.
Тақпақтар.
Алина:
Алтай-жайық арасы,
Жарты әлемдей даласы,
Ол біздің Қазақсатан!
А. Ерасыл:
Кенге толы қойнауы,
Төлге толы жайлауы,
Ол біздің Қазақсатан!
Ақбота:
Жастан сүйіп аңсаған,
Тәтті күймен кәусар ән,
Ол біздің Қазақсатан!
Ілияс:
Анамыздай тілеуі – ақ,
Отан-бізде біреу-ақ,
Ол біздің Қазақсатан!
Каусар:
Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз,
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
С. Ерасыл:
Отанды жас кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Балалардың орындауында «Отаным» өлеңі.
Тақпақтар:
Алмира:
Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді, қолдайды.
Өйткені Отан баласындай
Бізді асырап, қорғайды.
Аңсар:
Туған жер, алтын мекенім,
Бақытым сенсің аңсаған.
Мәңгі де бақи өтемін,
Қарыздар болып мен саған.
Аяулым:
Туған жерім-алтын босағам,
Аттандым сенен қияға.
Апам мен Отан-қос анам,
Қондырған мені ұяма.
Балалардың орындауында «Ана тілі» өлеңі.
Жүргізуші: Қазақстанымыздың болашағы жас бүлдіршіңдердің қолында десек, сол бүлдіршіңдердің 4-тілегін тыңдайық!
Әмір: Бірінші менің тілегім «Денсаулық»
Жүргізуші: Сол жадында жүрсінші!
Алина: Екінші менің тілегім «Еркіндік»
Жүргізуші: Құсша самғап желпіндік!
Аңсар: Үшінші менің тілегім «Тіліміз»
Жүргізуші: Онсыз жоқ-ау күніміз!
Нұралы: Төртінші менің тілегім «Күш-қайрат»
Жүргізуші: Арманына ұш жайлап!
Жүргізуші: Ендігі кезекте ұлттық би балалардың орындауында «Қара жорға»!
Тақпақтар:
Даяна:
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер төккен
Билігім өз қолында
Еркіндігім, елтаңбам!
Жасұлан:
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт бейнесі.
Сол қырандай еркіндеп,
Келеген бізге бақыт қой!
Жүргізуші:
Отан деген-атамекен,
Отан деген–туған жер.
Отан -ана,
Отан-үлкен
Қазақстан-туған ел!
Құрметті қонақтар! Бүлдіршіндер! Бүгінгі мерекемізге еліміздің тірегі болған Үш биді шақырайық!
Әйтеке би: Әмір
Армысың бақ дәулетті жерім менің,
Армысың асқар тауым, көлім менің.
Армысың еңселі елім менің,
Еліме тыныштықты тілеймін мен!
Әумин!
Қазыбек би: Нұралы
Ей, қазақтың ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер суын қорғау бабаңның
Емеспе еді басты ұраны.
Төле би: С.Ерасыл
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын!
Тату-тәтті бірлік болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын!
Әумин!
Жүргізуші:
Айбын болған еліме,
Айдын болған көліме.
Айналайын үш бабам,
Пана болған көліме.
Қалың қазақ пір тұтар,
Қасиетті үш бабам!

Ән: «Балдырғандар».
Жүргізуші:
Ата-бабам жанын қиып қорғаған,
Ақ тілегін ұрпақтарға арнаған!
Қазақстан алтын ұя-Отаным
Жайнай берші, мәңгі гүлден әрқашан!
Осымен бүгінгі «Отаным-атамекен» атты мерекеміз аяқталды!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.