Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабақтың  тақырыбы: Біз не үйрендік? -

Сабақтың тақырыбы: Біз не үйрендік?

Сабақ жоспары | Документы | Мектептен тыс мекемелер Загрузок: 0 | Просмотров: 1896 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Аружан» балабақшасы» МКҚК





Психолог: А.Р. Атшибева

Сарысай аулы, 2014 жыл
Тақырыбы: Біз не үйрендік?

Мақсаты:Балалармен психалогиялық жұмыстардың қалай ұйымдастырылатынын насихаттау, балалардың бойларындағы қабілеттерін ояту,дамыта білу. Балалардың саусақ моторикасын дамыту. Оларды сөйлеуге, ойлауға, көруге, естуге, есте сақтауға,бейнелеуге, қабылдауға, қиялдауға машықтандыру.Өз беттерімен және топ болып жұмыс істей білуге үйрету. Түстерді ажырату, санау, мазмұндау т.б қабілеттерін ашу.Қоршаған ортамен қарым-қатынас орнатуға баулу. Достық,татулық,бірлік қасиеттерін ұштау.

Түрі: Қорытынды оқу іс әрекеті.

Пәнаралық байланыс: психология, қарапайым математика, бейнелеу, музыка, тіл дамыту, көркем әдебиет, құрастыру, дене тәрбиесі.

Көрнекіліктер:
-суреттер
-муляждар
-бауырсақ балалар
-шарлар
-саусақ жаттығуларына қажетті заттар
-дамытушы көрнекті құралдар
-төсеніштер
-тіс щеткалары
-отырғыштар
-тақия
-құрастырмалы төсеніштер
-қағаздар мен карандаштар
-тасбақа
-майшам
- техникалық құрал:музыкалық орталық

Барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Шаттық шеңбері: Қайырлы тан,қонақтар!
Қайырлы күн,достым!
Күлші қане,достым!
Бүгінгі күн,міне
Сәттілікке толсын!
Көрнекті жерде бүгінгі оқу-іс әрекетінде балалармен жасалатын 7 түрлі жұмыс түрі ілулі тұр.
1.Ойлау.
2.Ойнау.
3.Сөйлеу.
4.Тыныстау.
5.Шынығу.
6.Құрастыру.
7.Қорыту.

1-бөлім-Ойлау тапсырмалары
-Есте сақта да сал!( берілген тапсырма бойынша психолог балаларға түсіндіріп,өз беттерімен орындау үшін ақ қағаздар таратады.)
-Дамытушы тапсырмалар:
*адамдарды үйлерге орналастыр( қарандашпен сызу арқылы орындайды)
*ең үлкен және ең кіші итті көрсет
*не артық?( бұлттар мен қолшатырлар)
*төртбұрышты заттарды тап



*жұптарын көрсет



*айырмашылығын тап



*мектепке бару үшін не керек?

Саусақ моторикасымен жұмыс. Тасбақа. (балаларға бауды шешіп байлау,замоктарды ашып-жабу,геометриялық пішіндерді орналастыру,ілгектерді қадау,сандарды санау,түстерді ажырату т.б тапсырмалар беріледі.)


2-бөлім-Ойнау.
Дидактикалық ойын: «Жеміс пе? Көкөніс пе?» (Кілем үстіне муляждар шашылып тасталады. Балалар соларды жемістер мен көкөністерге ажыратады.Оларлың айырмашылығына тоқталады.)



Қимылды ойын: «Тақия тастамақ».
Ойын ережесі бойынша балалар кілем үстіне дөңгелене отырады. Бастаушы адамның қолында тақия болады. Балалар көздерін жұмып отырып төмендегі сөздерді қайталайды.
Көзді жұмып отырып
Тақияны күтеміз.
Киіп алып тақия
Сені қуып жетеміз
Тақияны киген бала бастаушыны балаларды айнала қуады. Жетіп алса тақия киген бала айып төлейді. Ал жете алмаса қуған бала айып ретінде мақал, жұмбақ, тақпақ айтады.


3-бөлім - Сөйлеу.
- Үйшік және Маша мен аю ертегілерінің мазмұнын қысқаша айтып береді.
- Ертегіні суреттері бойынша " Ретімен орналастыр" дамытушы ойыны арқылы рет-ретімен орналастырып береді.



4-бөлім- Тыныстау
Кілем үстіне кілемшелер жайылады.Балалар төсеніш үстіне шалқаларынан жатады.Психолог оларға көздерін жұмып,айтқандарын көз алдарына елестетулерін сұрайды.Әуен ойналады.Психолог қолындажұпар иісті жағулы майшам.Біз шалғында күн көзіне қыздырынып жатырмыз.Шіркін,қандай керемет иіс.Жоғарыда көбелектер ұшып жүр.Құстардың сайраған дауыстары естіледі.Табиғат қандай тамаша.Бойым балқып,ұйқым келіп,маужырап барамын.Тыныштық деп осыны айт.
Қане көзімізді ашайық.Көңіл-күйлерің қалай?Табиғат ұнады ма?Әсіресе не қатты ұнады?



*орнымызда отырып,аяқтарымызға массаж жасайық.Ол үшін психолог әр балаға аттары жазылған щеткаларын береді.Балалар щеткалармен аяқтарына массаж жасайды.
Оң аяқта бес башпай,
Сол аяқта бес башпай.
Қосқан кезде екеуін,
Болып шықты он башпай.

*Психологиялық жаттығу
-Кім келді?
-Қане, қане кім келді?
-Біз, біз, біз.
-Әке, әке бұл сіз бе?
-иә, иә, иә.
-Апа, апа бұл сіз бе?
-иә, иә, иә.
-Ағатайым, бұл сіз бе?
-иә, иә, иә.
-Қарындасым, бұл сіз бе?
-иә, иә, иә.
-Біздер тату жанұя
-иә,иә,иә. (әрбір айтылған сөздер саусақ қимылдарымен бірге жасалады)



5-бөлім-Шынығу
Балалар" әуен терапиясы" арқылы ритмикалық гимнастикаға би қимылдарын жасайды.



6-бөлім-Құрастыру
Ойын-Кім тез құрастырады?

Балалар кілем үстіне отырады.Әр балаға жеке полимерлі металдан жасалған "Затейники " кілемшесі беріледі.Балалар құрастыру жұмысымен айналысады.

7-бөлім-Қорыту
Балалар,бүгінгі жасаған жқмыстарын өздеріңе ұнады ма?Ерекше ұнаған тапсырмалар бар ма?
Иә,бүгін барлығын да оқу іс әрекетіне тамаша қатыстыңдар.Ол үшін бәріне көп рахмет.Мен сіздерге өте ризамын.Сіздердің мына бауырсақ бала сияқты әрқашан көңілді жүрулеріңді тілеймін. Сондықтан осы шарды сіздерге тарту етемін.



Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.