Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұстаз - сізге мың алғыс! -

Ұстаз - сізге мың алғыс!

Сабақ жоспары | Документы | Мектептен тыс мекемелер Загрузок: 430 | Просмотров: 2866 | Размер: 27.1 Kb | Автор:
. Ұстаз – сізге мың алғыс!

Өткізілетін уақыты: 3 қазан
Өткізілетін жері: Борлық негізгі мектебі

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар!

2-жүргізуші: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
1-жүргізуші: Қажымас қайрат,

2-жүргізуші: Шығармашылық табыс,

1-жүргізуші: Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!

2-жүргізуші: Бүгінгі ән-күйіміз өздеріңізге арналады.

1-жүргізуші:
Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдермен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күніде күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетседе, бойында жылуы бар әрбір парасатты азаматқа әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздарымен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кезкелген шəкірт ұстазы мен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз
1-жүргізуші:
Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін сөз кезегі мектеп директоры Хасенова Ермек Тлеубайқызына беріледі.
2-жүргізуші:
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
Сөз кезегін мектебімізде 36 жыл еңбек еткен ұлағатты, жарқын жүзді, ұстазымыз Ғайша апайға береміз.
1-жүргізуші:
Біз бұлбұл әншіміз асыл ұстаздарға деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын әсем әнімен жеткізгіміз келеді.
Ендеше сахнада ән : «Ұстазым» орындайтын Милана, Айымгүл
2-жүргізуші:
Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
Би: «Восточный» билейтін 1-сынып оқушылары
1-жүргізуші:
Сахна төріне 4 мұғалімді шақырамыз. Пародия орындайды.Әншілердің қимылына салып ән айту
2-жүргізуші:
Зауытта болсаң, күнбе-күн көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің - шипалы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзің арнап ел үшін осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам - елдің тірегі, байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі көгінде тұрған жарық күн.
сан жастың қамын шертесің, тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн, шәкіртсіз өмір - сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің, жанымнан жаныл, жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,әр сәтің тұрған бір ерлік!
1-жүргізуші:
Ұстазым,менің,ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!
Құрметті ұстаздар біздің сіздерге арнап пародия дайындағанбыз соны тамашаланыздар.
Пародия қоятын 6-7-8-9-сынып оқушылары
2-жүргізуші:
Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама.
Біз үшін сенсің мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана да.
Би: «Қамажай» билейтін 2-3-сынып оқушылары
1-жүргізуші:
Анадай құс ұйқымен көз ілдірер,
Арманын аласартпас, сезімділер.
Бағбандай мәуелі бақ мәпелеген,
Бала үшін бар азапқа төзімділер – дей отырып, Ерасылдың орындауында «Жаным» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас,
Қамдан, жатпа заманыңмен хабарлас.
Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң,
Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас – деп алдарыңызда өз өнерімен 6-7,8,9-сынып оқушыларының «Флешмоп» биін қошеметпен қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші:
Өлеңге көңілің құмар, даусың жытар,
Созылтып ән мұржасын созсаң зытар.
Ән сүйгіш, жылы көңіл, сөзге тақсық,
Жылпыңдап жылы сөзді неге ұмытар – деп, келесі кезекте 2-3-сынып оқушыларының орындауында «Үйретеді мектебімде» әні қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның
Ортаға мың бұралған бишілер шығап «Қамажай» биін билейді. 6-7-8-9-сынып оқушылары.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.