Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты  интеллектуалды-танымдық ойын -

«Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды-танымдық ойын

Сабақ жоспары | Документы | Мектептен тыс мекемелер Загрузок: 0 | Просмотров: 2233 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты
интеллектуалды-танымдық ойын

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру;
Көрнекілігі: Елбасы Н.А.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздері, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған кітап көрмесі, нақыл сөздер жазылған плакаттар, қазақ халқының тарихи тұлғаларының, мәдениет және әдебиет өнері қайраткерлерінің суреттері, слайд-шоу, энциклопедиялар.
Қолданылған құрал-жабдықтар: «Үздік бестік» кестесі, компьютер, дискілер, нөмерленген асықтар, дорба, бағалау парағы, сағат; марапаттау қағаздары; суреттер салынған конверттер.

Ойынның барысы:
Жүргізуші: -Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым!Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды-танымдық ойынымызға қош келіпсіздер!
Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенінін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады.
Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.
Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды-танымдық «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты ойыны да осыны меңзейді. Жоғары да аталған қасиеттер сіздердің де бойларыңызда бар екені және тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сіздер екені анық. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық. Ортаға «Жарық жұлдыз» және «Тәуелсіздік тірегі» топ мүшелері шығады, орындарына жайғасады.
\Топтарға арналған үстелдер әзірленеді және әр үстелде топтың атауы жазылған кесте көрсетіледі\
Әр топ өздерімен таныстырып өтеді.
Жүргізуші: - Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сіздерге үлкен сәттілік тілейміз.

Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.
Әділ қазы алқасының мүшелерімен таныстыру.
Ойын төрт кезеңнен тұрады:
І кезең «Түрлі, түрлі сұрақтар...ой түртеді», ойынды бастамас бұрын ет қыздыру, яғни, балаларды ойынға бағыттау кезеңі.
ІІ кезең «Суреттер сыр шертеді тереңінен».
Ш кезең «Үздік бестік» мектеп бағдарламалары бойынша сұрақтар.
ІҮ кезең «Көзқарас калейдоскопы» бейне сұрақтар.
Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар ойынның барлық ережелерімен таныстық, іске сәт.
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей отырып ойынымыздың
І кезеңін бастайық.
І кезең: «Түрлі, түрлі сұрақтар ой түртеді...». Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде сіздерге 20 сұрақ қойылады, ал сіздер, сол сұраққа тез арада, сол сәтте жауап берулеріңіз қажет.Әр нақты дұрыс жауап 1 ұпай. Бірінші болып қай топ жаңылмай, мына сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ ойынды бастайды.
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? \Интерфейс\
-Рахмет, Ал, «Тәуелсіздік тірегі» тобына іске сәт делік.
1. Ең ащы көл (Қарасор)
2.Көлікті күтетін жер (Аялдама)
3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
4.Бөле деген кім? (1 үйдің қыздарының балалары)
5.Құлагер кімнің аты?(Ақан сері)
7. Күрішті аймақ?(Қызылорда)
8. Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/
9.Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? \Бәйтерек\
10.Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлшегі? (Түбір)
11. Жартылай тұщы, тұйық көл ( Балқаш)
12.Нағашы кімнің туысы? (Ананың ағасы)
13.Көмірлі аймақты астана? (Қарағанды)
14. Ең үлкен жануар? (кит)
15.Аспанда қанша жұлдыз бар? (саналмайды)
16. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? (1995.30.08)
17.Карта жинағы? ( Атлас)
18.Құстың негізгі мекені? (Ұя)
19.Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
20 Жер шарының моделі?( Глобус)
-Рахмет, құрметті сайыскерлер, құрметті көрермендер, мінекей, І-ші кезеңіміз аяқталды.Осындай ет қыздыру жаттығудан кейін, ойларыңыз оянып, ой-өріс көкжиектеріңіз кеңейіп қалды, сұрақтар әр саладан болғандықтан бірнеше тарапқа барып та қайттық, сіздер келесі кезеңдерде де осындай жылдамдық пен тапқырлықтарыңызды көрсете аларсыздар деймін.Ал, сөз кезегін ойынның сарапшыларына, әділ-қазы алқасына береміз. Сараптамаларыңыздың соңында ұпай санын айта өтсеңіздер. (Бірден топтардың ұтыстарын айта өту керек)
-Рахмет, әділқазы алқасына.
Сонымен, ойынымыздың ІІ кезеңіне көшейік.
ІІ кезең:
«Суреттер сыр шертеді тереңінен» атты бұл кезеңде сіздер мына дорбадан нөмірленген асық аласыздар және сол нөмір түбіндегі конвертті ашып суретке қол жеткізесіздер. Конверт ішінде қазақ халқының өнер, мәдениет қайраткерлері мен тарихи тұлғаларының суреттері. Сіздердің негізгі әрекеттеріңіз суретке мұқият қарап, менің беретін ақпаратыма құлақ асу.Әр суреттегі тұлғалардың өмірбаяны мен Отан үшін, еліміздің тәуелсіздігі үшін атқарған қызметі жайлы, өз заманында әлемдік үлкен сахнаға шығып қазақты танытқан өнері, ерліктері жайлы айтамын, ал сіздер өз кезектеріңізде тұлғаның аты-жөнін айту керексіздер. Ойынды І -ші кезеңде басым ұпайға ие болған топ бастаса болады. Ал, іске сәт.
№1. Дінмұхамед Қонаев. Қазақтың біртуар ұлы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Мәскеудің түсті металл алтын институтын тәмамдаған. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. Ол 1955—60 және 1962—64 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960—62 және 1964—86 жж. Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Ол 1986 ж. Қызмет орнынан босатылды.
№2. Қасым Аманжолов. Соғыстан кейінгі қазақ әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан, ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті қайраткерлерінің бірі. Ақын, журналист, драматург, сазгер, аудармашы және пародист. 1911 жылы 10 қазанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Семей мал дәрігерлік техникумын (1930) бітірген, Орал педагогикалық институтында (1931) және Ленинградтың орман шаруашылығы институтында (1932) оқыған. Оның ең мықты туындылары, майдангер ақынның қасіретіне толы.Көптеген өлеңдері соғыстың ауыр жылдарында жазылған («Елге хат», «Қоштасу», «Май майданда», «Ағайға» т.с.с.). Арнайы музыкалық білім алмағанымен, ол суырып салма дарынына ие сазгер болған, ол домбырамен сүймеледей отырып, тамаша әндер жазатын.
№3 Қалқаман ұлы Бұқар жырау 1693-1781. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының рухани мәдениетінің көрнекті өкілінің бірі, әдебиетімізде аты әйгілі, ірі тұлға..Ол-ХҮІІІ ғасыр поэзиясының көрнекті өкілі. Ол қазақ халқының басын қосып ел болу, сыртқы жаулардан қорғану мәселелерін өз жырларында тірек еткен. Ол ел тарихында «Ақ табан шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталған қатерлі заманда, халық көсемі Абылайдың қасында болды.Қиын сәттерде ақыл-кеңес беретін қабырғалы биі аталған. Ол жұртты татулық-бірлікке, адамгершілікке үндеген-насихаттық жырлары да сан алуан.
№4. Қашаубаев Әміре (1888 -1934). Қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыканты. Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабында туған. Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы.Ол есейе келе 1921-1924 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес-аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түседі.Бүгінгі күні, ол кісінің атымен Семей қаласындағы облыстық филармония аталады. 1925 ж Халық Ағарту комиссары Луначарскийдің шақыруымен Парижде болатын дүниежүзілік көрмеде қойылатын концертке қатысады. Онда ол «Ағаш аяқ», «Дудар», «Екі жирен» т.б. әндерін айтып, өзінің ерекше дауысымен Париж халқын таң қалдырып, қазақ деген халықтың атын әлемге паш етеді.
№5. Бағланова Роза.
Қазақстан мен ССРО-ның халық артисі. 1922 жылы Қызылорда облысында туған.1941ж. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. 1947-1949 жж. Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 1949-1960 жж. Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан Қазақконцерт солисі. Ол сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, ССРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқаған.
№6. Шерхан Мұртаза. 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Талапты ауылында туған.Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1955 жылы Мәскеудегі Ломоносов атындағы мемлекеттік университетті бітірген. 1975-1994 жылдары республикалық «қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы, теледидар және радио мемлекеттік комитеті торағасы.1994-1995 жылдар Қазақстан Республикасы жоғары кеңесінің депутаты. Қазір Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне депутат. Ол Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, орден, медальдармен марапатталған, «Қазақстан халық жазушысы» атағы берілді. Ол «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы», «Қырық бірінші жылғы келіншек» әңгіме повестерінің авторы. Жазушының көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рұсқұловтың өмір жолына арналған «Қызыл жебе» романы бар. - Жарайсыңдар, тәуелсіздік таңының жұлдыздары, тамаша ойын көрсете білдіңіздер. Ой-өріс көкжиегінің биіктігі осы кезеңде керемет байқалды десем артық емес шығар. Әділқазы ұпай санын айта өтсін.Құрметті сарапшыларға рахмет, міне құрметті көрермендер ойынға қатысушы жастардың жан-жақтылығын, ой ұшқырлығын байқаған шығарсыздар? Көрермендермен жұмыс. Олай болса, келесі кезеңге көшпес бұрын сіздердің де жанкүйерлер ретінде осы ойыншылардың қоржынына үлес қосуларыңызға мүмкіндік берелік. Ол үшін мен сіздерге 1 минут уақыт беремін және мына алдарыңыздағы шатаспа кестесінен Тәуелсіз Қазақстанымыздың қала аттарын тауып айтуыңызды сұраймын. Қай топ жанкүйерлері көбірек қалаларды атаса сол топтың қоржынына 3 ұпай қосылады. Шатаспа кестесі тақтаға ілінеді.
СКЕӨНМЕ, ЗАТАР, ЛҚҒОАТДНРЫА,ӨБҚТЕА, ЗҒНАЖҚЕЗН, НТЕШТАК,ШО, КБКЕШИ, ЕЫТШМКН, АТӘБВСЕ, АНТСАА, АШБЛХА, ТУАЫРА. (Сәтбаев, Балхаш, Астана, Шымкент, Өскемен, Тараз, Талдықорған, Ақтөбе,Жезқазған, Ташкент, Бишкек, Ош, Атырау).
ІІІ кезең. -Тамаша, жанкүйерлерге де үлкен рахметімізді айтамыз. Ал, ойыншыларды ойынымыздың ІІІ кезеңі, яғни «Үздік бестік» атты мектепте алған білімдеріңіздің деңгейін көрсетуге шақырамыз. Бұл кезеңде 4 түрлі пәндер бойынша және бесіншісі «Әр түрлі» сұрақтардан және ұпайлардан құралған кесте беріледі.Кестеде Егер пән сұрақтарына дұрыс жауап берсеңіздер, сол пән ұпайлары өз қоржындарыңызға түседі. Ойын шарты түсінікті болса ойынымызды бастаймыз.
Қазақ тілі
1. Дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл күйін білдіретін немесе жануарларға айтылатын сөз – \Одағай\
2. Есім сөздің де, етістіктің де қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрі. \Есімше\
3. Іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. \Толықтауыш\
Математика
1. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? \5 минутта\
2. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем? \аксиома\
3. Бір түзуде жатпайтын үш нүктеден және осы нүктелерді қосатын үш кескіндіден тұратын фигураны не деп атаймыз. \Үшбұрыш\
География
1. Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл?
\Қызылқұм\
2. АҚШ-тың солтүстік штаты? \Аляска\
3. Ең терең көл? \Байкал\
Тарих
1. Тарихтың атасы? \Геродот\
2. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім? \Р.Қошқарбаев\
3. 2010 жылдың 1-3 желтоқсан аралығында ОВСЕ ұйымының нешінші саммиті өтті. \Жетінші
Әр түрлі
1.ҮІІ қысқы Азия олимпиадасы қай елде өткізілді?
2. Ең жоғары ғылыми атақ ? \Академик\
3. Қан қысымын өлшейтін аспап? \Танометр\
Жүргізуші:-Иә, құрметті ойыншылар, менің ойымша, мектеп бағдарламсынан да жаман нәтиже көрсетпедіңіздер.Сөз кезегін сараптауға және ұтып алған ұпай санын атауға әділқазы алқасына берелік.
ІҮ кезең.
-Рахмет сіздерге, құрметті әділқазы алқасы.
Енді ІҮ «Көзқарастар колейдоскопы» кезеңіне шақырамын. Ол кезеңде әр топқа бір-бірден бейне сұрақ қойылады. Егер де топ өзіне тиісті сұраққа дұрыс жауап берсе 2 ұпай, ал қарсыласының сұрағына оң көзқарас танытса ұпайы екі есеге өсетінін айта кетейік. Ендеше, бірінші болып сұраққа жауап беретін алда келе жатқан «Жарық жұлдыз» тобы. Сонымен, бірінші бейне сұраққа назар аударайық. \Балалар сұрақты тыңдап өз көзқарастарын айтады\ -Ал, енді сұрақ авторының өз нұсқасын тыңдайық. \Компьютерден автордың жауабы тыңдалады\ Ал, сарапшыларымыз не дейді екен?\Сарапшылар өз шешімдерін айтады\. Келесі топқа әзірленген бейне сұраққа назар аударайық. – Енді, дұрыс жауабын тыңдайық. \Компьютерге барлағымыз назар аударамыз\- Сөз сарапшыларда.\Сарапшылар өз ойларын ортаға салады, ұпай санын айтады\
-Рахмет, міне бүгінгі ойынымыздың соңғы кезеңі де аяқталып, оның нәтижесімен де таныстық. Ендеше,
Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін.
Барыс текті жастар, сендер, білемін,
Жалыңдатып биік шыңда жүрерін – дей отырып, бүгінгі білім додасын аяқтамас бұрын, әділқазы алқасына сөз берейік, жеңімпазды атасын.
Сарапшылар ойынға сараптама жасап, жеңімпазды атайды.
\Әділқазы алқасының төрайымы жеңімпаз топты атап марапаттайды\
Қорытынды: -Осымен бүгінгі білім додасын аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да білімді болсын,ағайын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.