.
.
Шауменова Мира Ергалиевна Жайқалған жасыл жайлау
Сабақ жоспары | Документы | Мектептен тыс мекемелер Загрузок: 0 | Просмотров: 1861 | Размер: | Автор: Нартай4540Ақтөбе қаласы, Қалалық оқушылар Сарайы,
бейнелеу өнері пәні.
Қосымша білім беру педагогі
Сабақ тақырыбы: Жайқалған жасыл жайлау
Сабақтын мақсаты: Қазақстан ұлттық ою өрнектері жайлы түсініктерін кенейтіп, ою аттарын атай білуге үйрету.
Сабақтын міндеті: Әсемдікті сезіну, ою өрнекті бағдарлау дағдырларын қалыптастыру. Балалардың ой қиялының және эстетикалық талғамының арттыруна мүмкіндік жасау. Сөздік қорларын, іскерліктерін дамыту, тіл мәдиниетін жетілдіру. Көркемдік мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Киіз үй ішкі құрылысы бейнеленген сюжетті сурет, ою түрлері бейнеленген суреттер,иллюстрациялар, шығармашылық жұмыс үлгілері.
Керекті құралдар: түрлі түсті қағаздар, желім, мата,қайшы, фломастер, қарындаш, өшіргіш,формат
Сабақтың әдістері: қызығушылығын ояту, ойын, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақ жоспары:
1) Ұйымдастыру кезең (5 мин.)
Тәжім ету. Қызығушылығын ояту.
2) Бағдарлау – мотивациялық кезең
Сабақтың тақырыбы,мақсаты, міндеттері
3) Операциялық – орындаушылық кезең.
Сергіту сәті. .Жұмыс шарты және орындауы.
4) Рефлекциялық - бағалау кезең.
Сабақтың қортындысы.
Балалар жұмыстары. Көрме.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
Қызығушылығын ояту.
Қуан, шаттан, алақай
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты, бүгін күн
Қайырлы күн қонақтар,
Күліп шықты, бүгін күн
- Балалар, менде сендерді көргеніме қуаныштымын.
Балалар, көздерінді жұмып, көз алдарынызға кең байтақ даламызды, даладағы киіз үйді, ұшқан құстарды, жүгірген аңдарды т.б. көріністерді елестетейік.(Елестеткен көріністер бойынша балаларды әңгімелету. Киіз үйге тоқталу).
Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар
(Киіз үй)
Киіз үй мал баққан көшпелі халықтардың қысы жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Киіз үйге сәндік жиһаздар қойылады.
Киіз үйдің ішінде қандай мүліктер орналысқан? (сандық, жүкаяқ, кебеже т.б.)
Олар нелермен әшекейленген?
Қандай ою өрнектер?
(Қошқар мүйіз, тұмар, гүл, ирек т.б.)
Ою өрнектерді кімдер жасайды?
(Оюшылар, шеберлер)
Ою өрнектер не үшін қажет?
(Бұйымдар әдемі болу үшін).
Жайлауға барамын
Мен жайлауға барамын,
Қолға құрық аламын.
Торы тайға — бәсірем
Құрығымды саламын.
(Е. Өтетілеуұлы)
ІІ . Операциялық – орындаушылық кезең.
Сергіту сәті:
Күйді тыңдау арқылы ою юрнектерді би қимылымен көрсету.
(Қошқар мүйіз, тұмар, гүл, ирек су т.б.)
Дидактикалық ойын.
«Бас киімдерді ою өрнекпен әшекейлеу».
Ойын шарты: Бас киімдерді ажыратып, атын атап (сәукеле, бөрік, тақия т.б.)оны тиісті ою өрнекпен әшекейлеу.
Жұмыс шарты:
- Балалар, осы өрнектерді пайдалана отырып,киіз үйдің сыртқы көрінісін мата арқылы жапсырып бейнелейміз. Сабақта коллаж әдісін пайдаланамыз. Бұл әдіс сіздерге бұрыннан таныс. Алдын ала жыртып жабыстырылған түрлі түсті қағазға (фон) киіз үйдін пішінін қиып, желім арқылы жабыстырамыз, керекті элементтермен толықтырамыз.
Сабақ қортындысы.
ІІІ. Рефлекциялық - бағалау кезең.
- Киіз үй діңгегі шанырақ.
Шанырақ достықтың, татулықтын, тыныштықтың белгісі.
Балалар, біздер шанырақтан таралған күн нұры болайық,
Шанырақты құрайық
Керегені жазайық
Үық болып, иіліп,
Киіз үйдей болайық.
(Қазақстан мәдениеті)
1) Қыз балалар аяқ киімі (кебіс)
2) Мұсылмандық дін ғұрыпы ғимарат (мешіт)
3) Кішкентай, дөңгелек өрнекті бас киім (тақия)
4) Келіншектердің жарқын түсті киімі (камзол)
5) Екі түсті киізден оюланған әшекейлі төсеніш (сырмақ)
6) Бие сүті (қымыз)
7) Жүннен жасалған жабынды (киіз)
8) Күмістен, алтыннан және асыл тастардан бұйымдар жасайтын шебер (зергер)
Шығармашылық көрме. Балалар жұмыстары.
Қалалық оқушылар Сарайы
«Жайқалған жасыл жайлау»
Орындаған: қосымша білім беру педагогі
Шауменова М.Е
АҚТӨБЕ 2010
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.