Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бар мейіріміз балаларға -

Бар мейіріміз балаларға

Сабақ жоспары | Документы | Мектеп әкімшілігі Загрузок: 0 | Просмотров: 1408 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кемерши селосы

Қ.Жазықов атындағы орта мектептің тәрбие ісінің
орынбасары
Құлманова Злиха Санаққызы

Бар мейіріміз балаларға

Жайдары жаздың алғашқы күні балғын бөбектердің мерекесіне орай «Біз мектепке барамыз» атты елімізде республикалық акция өткізілуде.Жалпы акцияның мақсаты: мектепалды даярлық класс түлектеріне, яғни бірінші класқа баратын оқушыларға қолдау көрсету.Сонымен қатар, балаларды 1 класқа даярлауға халықтың және қоғамның назарын аудару.
Бұл акция біздің Қ.Жазықов атындағы мектепте де жалғасын тауып, 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Бар мейіріміз балаларға» атты қайырымдылық шара ұйымдастырылды. Акция кезінде ауылымыздың «Әсем» сауда дүкенінің кәсіпкері Жаназилов Болатбек Маратұлы 15 000 теңге көлемінде, барлық 1 класс оқушыларын мектеп құралдарымен қамтамасыз етіп, кішкентай балдырғандардың ықыласына бөленсе , мектептің тәрбие ісінің орынбасары, әлеуметтік педагогтары Мырзаханова,Айтжановалар аз қамтылған,көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды оқу құралдарымен қуантып, ата- аналардың алғысына бөленді.Мереке қарсаңында бастауыш класс оқушылары мерекелік ән- шашу ұсынды.Акцияға қатысқан ата – аналар, ардагер ұстаздар бүлдіршіндерге өз тілектерін білдірді. Кеш соңында мектеп директоры Дусипова Миргүл Уәлиқызы , 1 класс жетекшісі Сейт Нұргүл Мырзанқызы акцияға қатысып, қолдау білдірген жанашыр жандарға шын көңілден алғыстарын білдірді.
Бар мейірімізді, бар жақсы тілегімізді балғын болашақ балдырғандарға арнасақ, өсер елдің ертеңі де жарқын болады деп сенемін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.