.
.
«Білім-бақыт бастауы» мерекелік форумы. «Білім-бақыт бастауы» мерекелік форумы.
Сабақ жоспары | Документы | Мектеп әкімшілігі Загрузок: 0 | Просмотров: 2064 | Размер: | Автор: Нартай4540Форум шымылдығы әуелеген әнмен ашылады.
Ортаға жүргізушілер шығады. Болатбаева.Н.Б мен Дүйсенбаев.Е
1.Дүйсенбаев.Е
Қайырлы күн! Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,қадірлі ұстаздар мен ата-аналар,оқушылар!
Бүгін мектебімізде,талантты,дарынды оқушыларды тану және олардың бойындағы қайталанбас қанына біткен дарынын аша білген ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында жылдың қорытынды есебі ретінде «Білім-бақыт бастауы» атты жетістіктер форумын өткізгелі отырмыз.
Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!
2.Болатбаева.Н.Б
Добрый день!Здраствуйте!Мы приветствуем здесь всех участников сегодняшнего праздника.Англичане говорят мой дом - моя крепость» и запирают ворота. А мы предлагаем открыть двери, распахнуть окна, впустить в наш зал побольше тепла, света, веселья. Добро пожаловать на наш форум, уважаемые гости,учителя,родители.
Ту әкелінеді.
ҚР әнұраны айтылады.
Фанфары.Кубок әкелінеді.
Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Абдигожина Карлығаш Базыловнаға беріледі.
Муз номер Вальс
І Блок «Тәрбие негізі-білім»
Ортаға жүргізушілер шығады.
1Дүйсенбаев.
Бойдағы білім шын зейнет,
Жұмсағанмен таусылмас.- демекші, еліміз өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім – патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.
2.Болатбаева.Н.Б
Құрметті қонақтар,ұстаздар мен ата-аналар бүгінгі күннің куәгерлері мектебіздің намысын қорғап жүрген озат оқушыларымызды олимпиада жүлдегерлерін ұстаздарымен бірге құрметтеп,қошеметтеп сахнаға шақырайық.
1жДүйсенбаев.Е
Екі бірдей олимпиада жүлдегерінің жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Дүйсенов Жеңіс Жолкенұлы және 11А сынып оқушылары Қияшева Альмира, Тлеуханова.Аңсаған
1.Болатбаева.Н
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аханова Гүлмира Рахметовна оқушысы қазақ тілі пәні бойынша облыстық олимпиаданың ІІІ орын жүлдегері Тынысбаева Қарлығашпен бірге.
2.Дүйсенбаев.Е
Орыс тілі пәні бойынша облыстық олимпиаданың жүлдегері 10 сынып оқушысы Билялова Арайлым мұғалімі Ильясова Гүлжамал Әсетовнамен бірге.
1.Болатбаева.Н.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Смаулова Бахытжан Абдикаримовна оқушысы облыстық олимпаданың жүлдегері Ромкина Дианамен келеді.
Дүйсенбаев.Е
География пәні бойынша облыстық олимпиаданың ІІІ орын және Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Қоғамдық пікірді бірге қалыптастырайық» атты пәндік олимпиаданың ІІ орын жүлдегері Абдикаримов Ғазым жетекші ұстазы Аринова Дамеш Ариновнамен бірге.
Болатбаева.Н
VIII Республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасының 2 жыл қатарынан жүлдегері атанған 8 В сынып оқушысы Сапар Диана мұғалімі Абдрахманова Гүлмира Сериковнамен бірге келеді.
Дүйсенбаев.Е
Математика пәні бойынша «Таным-2013» облыстық олимпиадасының І орын иегері 4-сынып оқушысы Смайлова Әсел мұғалімі Ибикенова Қарлығаш Қылышовнамен.
Болатбаева.Н.Б
Құрметті халайық бүгінгі форумда осы оқу жылында білім белесін
бағындырған оқушыларымызды ұстаздарымен бірге марапаттаймыз.
Дүйсенбаев.Е
Олай болса, марапаттау рәсімін бастаймыз.Олимпиада жүлдегерлерін марапаттау салтанаты аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Жетібаев Жетпісбай Қырғызбайұлына беріледі.
Ән.Тәуекелова.А «Мектебім»
ІІ Блок «Даналық негізі-ғылым»
Ортаға жүргізушілер шығады Құсбекова.А.Қ мен Игенов Е.
Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы - айқын, ерік-жігері - зор, тілек-мақсаты - жоғары болғаны дұрыс.
2-Құсбекова.А
Жоғарыда аталғандай білім- бақыт бастауы болса, ғылым- шығармашылық негізі. Өткен оқу жылы біздің мектеп үшін толағай табысқа толы жыл болды. Ғылыми жұмыстар сайысында облыстық ғана емес республикалық деңгейде оқушыларымыз жеңіс тұғырынан көріне білді.
Олай болса сахна төріне мектебіміздің ең үздік,ең ақылды оқушыларын жетекші ұстаздарымен бірге шақырамыз.
Өзі кішкентай ғана болса да, үлкен жетістіктің иегері Шушинск қаласында өткен республикалық «Зерде» ғылыми жобалар сайысының жеңімпазы Сапарғали Санжарды жетекші ұстазы Шожина Бақытгүл Қайыровнамен бірге қарсы алайық.
Игенов
Жас маман болса да, қиындықтан жасымаған, жаңашыл ұстаз Искакова Шайзада Картаевна Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен ғылыми жобалар байқауында І орын иегері атанған оқушысы Тоқтасынов Жанболатпен бірге.
Құсбекова.А
Өткен оқу жылында олимпиада жүлдегерін шығарса биылғы оқу жылында ғылыми жобаның жеңісін татқан жас ұстазымыз Изтулеуова Айгерим Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ұйымдастырған ғылыми жобалар сайысының ІІ орын жүлдегері 10 сынып оқушысы Оразгелді Мархабатпен бірге.
Игенов
Мектебіміздің алтын қоры,Айгерім мен Шайзададай жас мамандардың ақылшы тәлімгері, ардагер ұстазымыз Жексенбина Марал Жұмабековна және оқушылардың ғылыми жұмыстар сайысының ІІ орын иегері 11-сынып оқушысы Қаратай Жанайымды қарсы алайық.
Құсбекова.А
Ғылыми жұмыстар ғана емес,биылғы оқу жылында облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалары ойып орын алған Омарова Жаңыл Қабыкеновна «Туған соқпақтары» атты облыстық ғылыми жобалар сайысында екі оқушысы Қалыбек Жансұлтан мен Қуантай Шұғыла ІІІ орынға ие болды. Олай болса қарсы алайық!!!!
Игенов
«Адам және қоғам мәселесі» тақырыбында Қарағанды қаласында өткен ғылыми жобалар сайысында оқушысы қомақты орын алған олимпиаданың ғана емес ғылыми жобалардың да жетекшісі Жеңіс Жолкенұлы осы жобаның авторы, жүлделі І орын иегері 10 Б сынып оқушысы Абюрова Дианамен бірге
Құсбекова.А
Үш жыл қатарынан оқушылары ғылыми жұмыстар сайысының жеңімпазы атанған аудан көлемінде жалғыз ЭКСПО-2017 шеңберінде өткен облыстық «Болашақ жобалары» конкурсында оқушысы ІІІ орын иеленген, жеңімпаз жетекші Рахижанова Мейрамкуль Абижановна 10А сынып оқушысы Әдилханова Ғалия-Банумен бірге.
Жас ғалымдарымызды және олардың жетекшілерін марапаттау үшін сөз аудандық білім бөлімінің әдіскері Айзада Халықовнаға беріледі.
Құсбекова.А
Дарынды жас- елдің болашағы,баға жетпес қазынасы. Болашақта егеменді еліміздің тарихын арқалап, болашағын айқындайтын дарынды жастар мына сіздер. Сіздерге ғалым болуға талпынып, әрқашан жалықпай, талмай зерттеу жұмыстарын жалғастырып өз білімдеріңді кеңейте беріңдер, сөйтіп еліміздің білімді азаматы болыңдар демекпіз.
ҰРАН
«Ламбада» биі. 5 «А» сыныбы
ІІІ.Блок «Жаңашыл сабақ негізі-ізденісте»
Ортаға жүргізушілер шығады Искакова.Ж мен Кокин.А
Искакова.Ш
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестірдің үніндей
әр баланың жүрегіне жол тауып,
тұрасың сен, дирижер боп күлімдей
әр сабаққа кіресің сен сыйынып
жыр оқисың нөсер болып құйылып
қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
Кокин.А
Жалын атып от боп бірге жанасың
Білім беріп содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
Оқушының ең сенімді ұстазы,сыр жасырмас ашық айтатын адамы-мұғалім деп Ғ.Мүсірепов айтпақшы,мектептің тірегі де,тілегі де мұғалім.
Искакова.Ш
Еліміздегі түбірлі өзгеріс,жаңалық сәулесі –мектеп,оқушы,ұстаздар арасында да кеңінен қолдау табуда.Ең басты маңызды мәселе –ұстаздар арасында шығармашылық жолдың ашылуы.Міне осыған байланысты қазір сабақтың көптеген тиімді түрлері,тәжірибеге кеңінен еніп отыр.Әр сабақты мүмкіндігіне қарай түрлендіре жүргізу бүгінгі сабақ,бүгінгі оқытудың басты белгілері болып табылады.
Кокин.А
Дұрыс айтасың Шайзада Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес,ол жаңадан жаңаны табатын өнер»-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай мұғалім шеберханасынан шыққан үздік сабақтардан жыл басында идеялар банк құрылған болатын. Ендеше сол банкті өз шеберліктерімен толықтырған жақсы үздік сабақтардың үлгісін көрсеткен, Ең жаңашыл, шығармашылық сабақтың иегерлерін ортаға шақырамыз.
Искакова.Ш
1.Абдрахманова Гүлмира Сериковна-тарих пәнінің мұғалімі.
2.Аринова Дамеш Ариновна -география пәнінің мұғалімі
3.Садвакасова Жанар -бастауыш сынып
4.Болатбаева Надия Бейсенбаевна-тарих пәні мұғалімі
5.Шабдаров Берген Боранбайұлы-еңбек пәні
6.Амирова Анар Анарбиевна-қазақ тілі
7.Жамауова Маржан-қазақ тілі
8.Сайтбаева Роза -бастауыш сынып
9.Төребекова Асия Макатаевна -орыс тілі
10.Хасенова Ляззат Сабыровна-орыс тілі
11.Игенов Еркебулан Даулетбаевич-ағылшын тілі
Кокин.А
Ұстаздарды марапаттау үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі Мияшева Айман Мияшевна беріледі.
1ж Келесі орындалатын ән сіздерге арналады құрметті жаңашыл ұстаздар.
ҰРАН
«Құс жолы». А. Құсбекова
3.1 блок «Ата-ана» марапаттау
Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі зор. Ал, үйдегі тәрбие әрине ата-ананың арқасы. Ұлы Абайдың «Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген қанатты қағидасын ескеретін болсақ, өнерлі де білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында ата-ана мен ұстаз еңбегінің қатар жүретіні анық. Сондай мектебіміздің бір топ жанашыр ата-аналарды атап өтсек дейміз.
• 1. Қасымбеков Жансұлтан;
• 2. Тойымбаев Серік;
• 3. Даулетова Жұпар;
• 4. Малайсаринова Асыл.
Ортаға ата-ана Жақаев Серік Абюрұлын шақырамыз!.
Жанашыр ата-ананы марапаттау үшін ортаға тәрбие ісінің меңгерушісі Аманжолова Гүлназ Жұмажанқызын шақырамыз!
Олай болса құрметті ата-аналар келесі ән-шашуымызды қабыл алыңыздар!
Алдарыңызда облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты __________________ Сания
4.Блок «Дарынды балаларға-талантты ұстаз»
Ортаға жүргізушілер шығады.Болатбаева, Дүйсенбаев
Болатбаева
Мұғалімнің бүкіл мақтанышы шәкіртінде,өзі шашқан дәннің өсіп өнуінде.
Ерканат
Иә, Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демекші, жүзінен нұры, жүрегінен шуағы төгіліп, әрбір іс-қимылынан өнеге өрбіген ұстаздар туралы көптеп айтуға болады.
Болашақ жеткіншектердің бойындағы қайталанбас, қанына біткен дарынын аша білген ұстаздарымыз аз емес. Десек бүгінгі құрмет,бүгінгі сый сіздерге арналады құрметті талантты тұлға тәрбиелеуші дарынды ұстаздар!
Надия
Олай болса ортаға талантты оқушылардың дарынды ұстаздарын шақырайық.
1.Хасенова.Л.С-орыс тілі пәні бойынша өткен аудандық эрудит-2013 байқауының дарынды балалардың талантты ұстазы номинациясының иегері.
2.Аринова.Д.А-9 мамыр мерекесіне арналған аудандық мерекелік шеруде дайындаған оқушылары үздік өнер көрсетті.
3.Құсбекова.А.Қ-аз ғана уақыт ішінде өзінің ерекше талантының арқасында мектепішілік қана емес,аудандық қоғамдық іс- шаралардың белсенді мүшесі бола білген,жыл бойы өткен жақсы істің басы қасында болып,дарынды оқушылардың жүрегіне жол таба білген, сол арқылы талай таланттың ықыласына бөленіп, Біздің Ардана мұғалім осындай талантты мұғалім ғой деген оқушылардың мақтанышына айналған дарынды ұстазымыз.
4.Қожамұратова.Ш.-Аудандық ән-би байқауларында жеткіншектердің талантын ұштап қана қоймай шығармашылық өсу деңгейін облыстық,халқаралық дәрежеге дейін көтеруде көп еңбек еткен ұстазымыз.
5.Асамиданова.Б-Барлық аудандық шараларда мектеп оқушыларының мерекелік киімдерін тігуде үздік дизайнер атанған мұғаліміміз.
6.Сухарева.Н.Н-оқушысы облыстық шабыт әлемі байқауының жүлдегері ол ғана емес жыл бойы өткен аудандық үздік көрмелер байқауында жұмыстары көзге түсіп ерекше мақтау марапатқа ие болған ұстазымыз.
Ерканат
Мектебіміздің бетке ұстар белсенділерін марапаттау үшін сөз беріледі.
Талантты ұстаз Ардананың дайындаған «Украин биін» қабыл алыңыздар. Алдарыңызда 10 сынып оқушылары.
5 блок «Озық тәжірибе- көпке өнеге»
Ортаға жүргізушілер шығады Искакова.Ш мен Кокин.А
1.Кокин
Ердің атын еңбек шығарады.
Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер – деген дана халық.
Шайзада
Мен айтар ем егер адамның жүрегінде ізгілік,мейірімділік сәулесі болса-ол мұғалім еңбегі.Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп,жүрегіне сіңіру үшін мұғалім қаншама тер төгеді десеңші!
Кокин
Әрине адамды тәрбиелеп,оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе.Сондықтан да ұстаздардың еңбегі ұлы еңбек.Білікті ұстаздан тәлім-тәрбие алған шәкірттердің алысқа шабары анық.
Шайзада
Жақсы мұғалім маған әр уақыт қат,қымбат,өйткені,ол мектептің жүрегі деп ағартушы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай,мектеп үшін ең керегі жаңашыл,шығамашыл ұстаз.
Ардақ
Өз мамандығын сүйген ұстаз-қашанда әдіскер.Себебі мұғалім әрдайым ізденісте болғанда ғана шәкірт жүрегіне нұр құя алады.
Шайзада
Дұрыс айтасыз желге жүсең ғана жеңіс туы желбірейді демей ме шәкірт үшін талмай еңбек етіп,білгенін жетілдіру жолында,үнемі ізденісте жүрген озық ұстаздарымыз аз емес.
Ардақ.
Келесі кезекте ортамызды жекелеген номинация бойынша ең үздік,ең озық,ең тәжірибелі ұстаздар мен жаңашыл әдістемелік бірлестік жетекшілері толықтырады.
Шайзада
Сахна төріне;
1.Жаңашыл кәсіби шеберлігі жоғары әдістеме бірлестігі жетекшісі- Ашықбекова Гүлшат Мұқыжанқызы
2.Озат әдістеме бірлестігі-. «Технология бірлестігі»
3.Үздік сабақ жоспарлары-орыс тілі бірлестігі.
4.Озат тәжірибе авторы-Акбөпенова Ардақ Диханбаевна
5.Үздік идеялар авторы-Болатбаева Надия Бейсенбаевна
6.Үздік портфолио- Байжуманова Әсел Аманбаевна
7.Үздік кезекші мұғалім-Сәкенова Рсалды Сериковна
8.Өрлеу біліктілігін арттыру курсының ІІ деңгейлі алғашқы білім алушы ұстазы-Текебаев Ерболат Саламатовичты шақырамыз.
9. «Үздік бірлестік портфолиосы» - Информатика математика, физика бірлестігі
Ұстаздарымызды марапаттау үшін құтықтау сөз беріледі.
Муз номер «Көктудың желбірегені» Қаппаров.М
6.Блок «Ұстаздық еткен жалықпас...»
Ортаға жүргізушілер шығады Құсбекова.А мен Игенов Е
Ұлылықтың ұйтқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағаты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңмен бастау алар бап арман
1.Еркебулан
Ұрпақ тәрбиелеп өсіруші,қоғам сенген өкіл ол-мұғалім.
2.Ардана
Шығармашыл,тәрбиелі,мәдениетті,төзімді,мейірімді,шыдамды,қайырымды,зиялы тұлға ол-ұстаз
1Еркебулан
Ұстаздық ұлы қызмет,ұлы еңбек.
2.Ардана
Сол еңбектің өтеуі ретінде,жыл бойы жасаған жемісті еңбектің жетістігін бағалау мақсатында әр пән бірлестігі өздерінің үздік ұстаздарын бүгінгі жетістіктер шеруіне ұсынған болатын.
1.Еркебулан
Олай болса озат ұстаздарымызды ортаға шақырамыз. Кезекпен.
1.Дүйсенов.Ж.Ж-тарих пен бірлестігінің озат мұғалімі.
2.Қоңқашева.Ж-Үздік тәлімгер облыстық байқау жеңімпазы.
3.Илясова.Г.Ә-орыс тілі пәні мұғалімі, олимпиада жеңімпазының жетекшісі
4.Құлмағанбетов.Е.Ш-денешынықтыру пән бірлестігі мұғалімі.
5. Искакова Ш.К. биология пәнінің мұғалімі, ғылыми жұмыстар жетекшісі
6.Ускембекова Салтанат Жарылғаповна – информатика пәнінің мұғалімі,
7. Амирова Анар Анарбиевна – қазақ тілі пәнінің мұғалімі, аудандық үздік мұғалім байқауының жеңімпазы
8.Смагулова Бахытжан Абдикаримовна – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, олимпиада жеңімпазының жетекшісі
9. Шожина Бақытгүл Қайыровна – бастауыш сынып мұғалімі республикалық оқушылардың ғылыми жұмыстар байқауының жеңімпаз жетекшісі
10. Шабдаров Берген Боранбайұлы – технология пәнінің мұғалімі, аудандық қолөнер байқауларының жеңімпазы.
2.Ардана
Әр пән бірлестігінің үздік ұстаздарын марапаттау рәсімін мектебіміздің ардагер ұстазы береміз
1.Еркебулан
Ал енді келесі кезекте ең маңызды жұлдызды сәт «Жылдың үздік мұғалімін»жариялау кезеңі келіп жетті.
2.Ардана
Олай болса,жыл бойғы нәтижелі еңбегімен ерекше көзге түскен,тынымсыз талмай еңбек еткен,сол еңбектің нәтижесінде талай жетістіктерге қол жеткізген,атап айтар болсақ;
Біріншіден-Республикалық инавациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңінде ІІ орын иеленді.
Екіншіден- «Болашақ жобалары»ғылыми жұмысында оқушы дайындағаны үшін Облыстық білім басқармасы мен оқу-әдістемелік орталығының мадақтама грамотасымен марапатталды
Үшінші-Аудандық Флипчарттар байқауында ІІ орын алған
Төртіншіден-Мектепішілік озық жабдықталған оқу кабинетінің байқауында физика кабинеті І орын және аудандық байқаудың үміткері атанды.
Бесіншіден-«ЭКСПО-2017» шеңберінде өткен жобалық қызмет ұйымдастыру семинарында Сарыарқа дарыны оқу әдістемелік орталығының сертификатына ие болды.
Алтыншыдан-Оқу-әдістемелік орталық «Ізденіс» газетінің 5 санында «Жобалау әдісі-оқу-зерттеу әрекетін тиімді ұйымдастыру тәсілі» мақаласы жарық көрді.
Жетінші-«Мектепте зертханалық жұмыс өткізу кезінде СХ регистраторын қолдану» семинарында Оқу-әдістемелік орталығының куәлігін алды.
1Ардана
Олай болса, жылдың қомақты жеті жетістігінің иегері «Жылдың үздік мұғалімі» кім деп ойлайсыздар.
Әрине ол Рахижанова Мейрамгүл Абжанқызы.
Ардагер ұстаз «Жыл мұғалімі» белгісін тағып,құттықтау сөзін айтады.
2.Еркебулан
Ортаға жаңа оқу жылының алауын жағу құрметіне Мектеп директоры Абдигожина.К.Б,ата-аналар комитетінің белсенді мүшесі Абюров.С, Жыл мұғалімі Рахижанова.М.А мен Мектептің спорт және қоғамдық жұмыстарының белсенді мүшесі,алтын белгі үміткері 11Асынып оқушысы Стрелков.Ә шақырамыз.
Соңы.
Муз номер «Чемпиондар әні»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.