Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері ». -

«Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері ».

Сабақ жоспары | Документы | Мектеп әкімшілігі Загрузок: 0 | Просмотров: 2274 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері ».

Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой - өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын», - деген қанатты сөзді еске түсіреді.
Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру,оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов « Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында « Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Инновациялық технологияны пайдалану — өмір талабы.
Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті — білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім.
Жаңа нәтижеге бағытталған білім — инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану — біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек .
Инновация дегеніміз — жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру. Ендеше,осы міндетті орындауда инновациялық технологияны қолдану — өмір талабы.
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация

– арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. «Инновация» ұғымының (латынша inovatis) аудармасы жаңалық, жаңаша, жаңалықты енгізу деген мағынаны білдіреді.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:
-дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков) ;
-оза отырып оқыту (С.Лысенкова);
-іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили);
-тірек - схема және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов);
-саралап оқыту;
-деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;
-модульдік оқыту (М. Жанпейісованың);
-Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
-оқу үрдісін оқушының сезінуі .

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасы қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж. Пиаже Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:
1. Өзбетінше тұжырым жасау,қортындыға келу.
2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
3. Проблеманы шеше білу.
4. Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.

Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:
1. Әдіс түрлері.
2. Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы
3. Басқалармен қарым-қатынас жасай білу,қорғай білу.
4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.
5. Топтық тұжырымға келе білу.
6. Топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу.

Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарлаудың мұғалім құзырлылығын арттырудағы ролі. Т.Нақыпов.
Оқушы бойында құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған деңгейлер: Блум бойынша оқу тапсырмаларының таксономиясы оқу тапсырмаларын 6 (АЛТЫ) деңгейге бөледі :Бірінші деңгей «БІЛІМДЕР» – мақсаты ақпаратты интерьеризациялауға, яғни ақпаратты мұғалім сөздерінен, оқулық бетінен, басқа да көздерден ЖАД қоймасына көшіру, АҚПАРАТТЫ БІЛІМГЕ айналдыруға үйрету болып табылады .Екінші деңгей «ТҮСІНУ» – мақсаты ЖАДҚА түскен БІЛІМДІ МАНИПУЛЯЦИЯЛАУҒА (интерьеризацияланған білімді көптеген түрде ұсыну) үйрету болып табылады .Үшінші деңгей «ҚОЛДАНУ» – мақсаты БІЛІМДІ үлгі, ереже немесе алгоритмдік тапсырма бойынша, яғни «үлгі мен ұқсастық бойынша» пайдалануға үйрету болып табылады. Төртінші деңгей «ТАЛДАУ»- мақсаты бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы өзі үшін ЖАҢА БІЛІМ ашуға үйрету болып табылады . Бесінші деңгей «СИНТЕЗ»- мақсаты бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы өзі үшін ЖАҢА БІЛІМ ашуға үйрету болып табылады. Алтыншы деңгей «БАҒАЛАУ»- мақсаты алдыңғы деңгейлерде өзі үшін ашылған ЖАҢА БІЛІМДЕРДІ бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы нақты жағдайда қорытындылар жасауға үйрету болып табылады.
Баяндаманы қорытындылай келе,
Жай мұғалім – хабарлайды,
Жақсы мұғалім – түсіндіреді.

Керемет мұғалім – көрсетеді,
Ұлы мұғалім – шабыттандырады.
Уильям УОРД.

ҰСЫНЫС:
1. Білім берудің инновациялық педагогикалық технологияларын басшылыққа алу.
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың / АКТ/ -ның, визуалды бағдарламалардың тиімді жақтарын сабақ үрдісінде пайдалану.
3. ПАБ – ты , өзара тәжірибе алмасуды жандандыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.