Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Рахмет,анашым! -

Рахмет,анашым!

Сабақ жоспары | Документы | Оқушымен жұмыс Загрузок: 0 | Просмотров: 1734 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Рахмет,анашым!
Ана жайлы ойыңды, айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында терең ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. "Алып анадан туады" дегендей біздің неше түрлі ғұламаларымыз, батырларымыз анадан туған. Әл-Фараби тіпті Фердаусидің өзі осы анадан туды емес пе? Ананың құдіреті өте күшті...
«Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
«Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз бар кезде біз өзімізді әлі де сәбидей, сәби болмаса да, қорғаны бар, ұясы бар балапандай, шатыры бар керегедей, аспаны бар жұлдыздай, құнары бар топырақтай, ағашы бар жапырақтай, көктемі бар самал желдей, жазы бар жайнаған гүлдей, күзі бар жаңбырдай, қысы бар қардай, қысқасы, жаны бар адамдай сезінеміз.
Әрбір адам осы керемет күміспен қапталып, алтынмен апталған АНА деген сөзді естіген сәтте-ақ жүрегі дір етеді. Сен осы дүниеге шыр етіп келген сәтте анаң "БАУЫР ЕТІМ БАЛАМ",- деп ақ сүтін беріп, аяалап,” МЕНІҢ БАЛАМ КЕРЕМЕТ” деп мақтан тұтады. Иә, бірақ біз осы ана махаббатын қадір тұтып, біз де сол керемет адамды аяалап жүрміз бе? Ана көңіліне қаяу түсірместен мақтан тұтатындай сүйкімді жағымыздан көрінеміз бе? Жоқ ондай адамдар саны кемде-кем! Шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!Осы ананың махабатын аңсап жүргендер де аз емес.
Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.