.
.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар оқушылар,ата-аналар!Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан жаңғырығы-жадымызда» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. «Желтоқсан жаңғырығы-жадымызда» атты тәрбие сағаты
Сабақ жоспары | Документы | Сценарилер жинағы Загрузок: 460 | Просмотров: 2427 | Размер: 27.5 Kb | Автор:Әнұраным – жан ұраным
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі бақи шақырады.
Республикам әнұраным!
Әнұран:
Студент:
1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қзақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.
Студент:Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бар күнде,
Қайғыға халық батқан күн
Әділдік пен шындықты
Өтірік жала еткен күн
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шеккен күн
Студент:Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен
Қағалар билік алған күн.
Адал мен арсыз, аярды,
Айырып халық ұққан күн.
Саф алтындар бәз баяғы
Сары жез болып шыққан күн.
Көрініс: «Қазақ жастарының алаңға шығуы»
Бір топ:
Естідіңдер ме?
Бұл не масқара!
Неге халықпен санаспайды?
Қашанғы шыдаймыз?
Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?
Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды.
/сахна алдына ержүректі желтоқсан батырлары шыға бастайды/
Студент:Демократияны бұғаудан босатыңдар,
Әр халыққа өзінің көсемі керек...
Студент:
Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,
Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген,
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Студент:
Бұл дегенің ҚКП-да беделдің қалмағаны,
Тілің құрып барады білесің бе?
Студент:
Ескерусіз дін жатыр жатыр сүресінде,
Қақпақ қойып ауызға , көзді байлап
Санаспайды, әй,, бұлар тегі ешкіммен
Жариялылық дегенің елес білем.
Студент:
Өгей қозы біз болдық енемізге,
Келімсектер шықты ғой төбемізге.
Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз,
Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.
/ Сахнаға осы сәтте милиция мен солдаттар шығады/
Милиция: Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз!
\ сол сәтте сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу шығады\
Студент:
-Бар болғаны осы еді қылмысымыз,
Савицкийді көрген жоқ бір кісіміз.
Кейін соның қазасы танылғанда,
Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.
Темір құрсау біздерді бүргені шын.
Мұң шағады қапаста кімге құсың.
Ақ-қараңды тексерер түрме деген,
Концлагерь болды ғой біздер үшін.
\Осы сәтте екі солдат бір қыз, бір жігітті алаңға сүйреп әкеліп, тепкілеу,айқай- шу, алаң қызыл қанға боялады.
Студент:
1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті.Міне,осындай ұмытылмас оқиғадан бері 23 жыл өтті.Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына,ерлігіне деген тағзым,құрмет. Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық
(1 минут үнсіздік).
Студент:
Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеде өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылмас барлық шарасы.
Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз — жігіттер «контреволюционерлер емес» -еді.
Тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған Сабира Мұхамеджанова, Лаззат Асанова,Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбековтар еді.
Студент:
Түн кәдімгі милиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді.Себебі,бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған қыз-жігіттердің қатігездік жасағанын көргендердің ішінде Қайрат Рысқұловта бар еді.
Тұтқынға түстім жаутаңдай
Жолама ешкім қасыма
Бара салсаң сәлем айт
Елдегі құрбы досыма.-деп мұңая жырлаған албырт жас, ел жаңа-жылды қарсы алып жатқан күні туған нағашысының үйінде тұтқынға алынды.
Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы»
(Дастархан басында Қайрат,нағашысы,жеңгесі отырды.)
Нағашысы:Қайрат-ау тамақ алсаңшы. Студент болам деп бір ішек болып қалыпсың-ау өзің. .
Қайрат: Жә, бұйырғанын жеп отырмын ғой нағашы.
Нағашы:Астан алыңқыра.Қайрат өзіңнің ептеп өлең жазатының болушы еді ғой.Жаңа жылға арналған, мына маған арналған өлеңің бар шығар, жаман жиен.Айта отыр көңілдене түсейік.
Қайрат:Иә, нағашы,бар ғой бар.
(Осы кезде есік қағылып,үш-төрт милициа үйге кіріп келеді.)
Милиция:Біз органнан келдік.Қайрат Рұсқұлбеков деген азаматты тұтқындаймыз.Прокурордың санкциясы бар,Міне,
Екі жігіт Қайратқа:Тез жинал,бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі;Ойбай-ау,бұларың не?Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді?Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз?
Милиция:Жеңеше сабыр етіңіз. Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.Анық-қанығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.
Қайрат:Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма
Жігіттер-ай,айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен анамды сағындым
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым ?
Бостандықта еркін жүрген жан едім
Енді ,міне, абақтыға жабылдым.
Көрініс: «Қайраттың жауабы»
(Түрме іші,қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып,түрме жыры өлеңін оқып
шығады. Содан кейін қатты шаршап ,былай дейді.)
Қайрат: Уһ, әбден шаршадым ау,жүйке тамырым жұқарды ғой ! Қайран бостандық!
Кезекші: аключенный Рысқұлбеков на допрос!Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков! Сен мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір.Бұл өтірік жала!
Тергеуші: Ах, ты декабрист несчастный! Я тебя покожу өтірікті жала дейді еще. (Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады)
Тергеуші: Әй Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал.Сонда сенің жазаң жеңілденеді.Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз.Әйтпесе әкеңді де.
Қайрат: Жолдас тергеуші!Бұл жала ғой!Өлтірген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын?Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргенім жоқ қой.
Тергеуші: Заключенный Рысқұльеков!Сен ақымақ болма! өлтірдім деп мойында.Бұл бір.Сен әкеңнен 4000 сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі.Түсіндің бе мақұлық?
Қайрат: Жолдас тергеуші!Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және неүшін төлеуім керек?Не үшін?Ешқандай қылмысым жоқ қой.
Сот болады: сот Қайратты ату жазасына кеседі
Қайрат:
Күнәдан таза басым бар
Жиырма бесте жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.
Музыка: Желтоқсан желі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.