Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұсттаз мәңгілік әрі биік шың -

Ұсттаз мәңгілік әрі биік шың

Сабақ жоспары | Документы | Сценарилер жинағы Загрузок: 434 | Просмотров: 2392 | Размер: 18.1 Kb | Автор:
. Шынар І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған. Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Ернар ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы. Өмірді алға қарай өрлететін, Сендерде Ұлы Отанның болашағы –
І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың Шынар. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
І жүргізуші: Иә, Ернар. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп директоры Мариям Тауфиккызына береміз. Рахмет, апай! Мөлдірдің « » әнін қабыл алыңыздар.
2 жүргізуші Сымбаттың « « өлеңін қабыл алыңыздар

1 жүргізуші Енді 9 сыныбының шағын сыйлығын тамашалаңыздар (вальс)

2-жүргізуші: Сен қалай ойлайсың, Шынар? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

1-Жүргізуші:Ернар, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
2-Жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады, Көңілді күндер тусын алдан әлі Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер, Бүгінгі күн сіздерге арналады. Ұстаз туралы видео сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! (видеоролик слайд)

1 жүргізуші Асыға сәлем жолдап жүректен біз Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз, Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді, Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызға 9 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

2 жүргізуші: Шынар, ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.
І жүргізуші: Дұрыс айтасың, Ернар. Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
2 жүргізуші: Олай болса ұстаздарымызға арналған Мажит Назеркенин анин тамашалайык
І жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған Шаршаса да осы жолдың бойында, Қандай жақсы шын бақытын тапса адам Келеси Жанардың« » әнін тамашалайык

2 - Жүргізуші: Қадіріңді кезінде Білмепті ғой ұланың. Қазір әрбір сөзіңе, Елеңдейді құлағым. Бірдей етіп ұстадың. Демей бізге бөтенсің. Кейде акылын ұстаздың, Сағынады екенсің. Сол ұстазға жаны нұр, Демек үлкен адаммын. Есейсек де бәрі бір, Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.