Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
1001 мақал, 101 жұмбақ -

1001 мақал, 101 жұмбақ

Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 333 | Просмотров: 2555 | Размер: 0.2 Kb | Автор:
. Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ».

Мақсаттары:
Қазақтың мақал – мәтелдердің, жұмбақтың мағынасын түсіндіру, өмірде қолданылған орнын атап айту, оқушыларды тәртіптілікке, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу, оқушылардың тілдерін жаттықтыру, мәнерлі сөйлеуге, шешендікке үйрету, сөздік қорларын нығайту.
Көрнектілігі: Мақал – мәтелдер, плакаттар.
Әдісі: Мақал соңынан жалғастыру, сұраққа жауап беру.
Түрі: сайыс сабақ.
І . Кіріспе бөлім.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі өткізгелі отырған 3 сынып оқушылары арасындағы «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Алдымен мақал – мәтел айырмашылығын, жұмбақ деген неден шыққан ұғым екеніне тоқталайық.
Мақалда қортынды, тұжырымды, түйін болады.Дәлелдеу мен қорытынды пікір келіп отырады.Мысалы: «Ердің атын еңбек шығарады» деген мақал. Өйткені, мұнда еңбек еткен адам ер аталатыны жайлы ой анық айтылып тұр.
Ал мәтелде ой тікілей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көптен көрген ұлы той» деген мәтел.Өйткені, мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген ой тұспалдап айтылып тұр.
Жұмбақ деген, алақанды жұмудан шыққан, яғни қолдың ішіне бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып соны тап дегеннен шыққан.
Ойынға 3 мақалшы, 3 жұмбақшы қатысады.Осылардың ішінен «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтауымыз керек.
Ойынымыз 3 турдан тұрады.
І - тур. Мақалшылар шығады.
а) Әрқайсысы өз білетін мақалдарын айту.
ә) Жүргізуші 1 жолын айтады, олар жалғастырады.
1) Оқу білім бұлағы (Білім өмір шырағы).
2) Ақыл тозбайтын тон (Білім таусылмайтын кен).
3) Балалы үй базар (Баласыз үй – қу мазар).
4) Батыр туса ел ырысы (Жаңбыр жауса – жер ырысы).
5) Атаның баласы болма (Адамның баласы бол).
6) Еңбектің наны тәтті (Жалқаудың жаны тәтті).
Кім аз балл жинайды, сол ойыннан шығады.
Бір оқушы мақал айтады, ІІ-сі соның ішінен бір сөз алып, мақал құрайды. Қайсысы таппайды, сол ойыннан шығады.
Соңында бір оқушы қалады.
Көрермендер көзайымы.Мақалдар айтқызу.
1. Отан.
2. Өнер.
3. Дос.
ІІ - тур. Жұмбақшылар шығады. 3 жұмбақшы шығады.
Жүргізуші жұмбақ жасырады, кім аз шешеді, сол ойыннан шығады.
1. Жер көрдім, қаласы бар.
Үйлері жоқ мекендейтін
Көл көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін.
(Карта).
2.Торғын көкте қара құс
Ағылып ұшып барады.
Қағып екі қанатын
Күннің көзің жабады.
(Бұлт).

3.Отқа жанбас, суға батпас.
(Қар).
Көрермендер көзайымы. 3 жұмбақ жасырамын. Шешушіге сыйлық.
ІІІ – тур.
Жұмбақшы мен мақалшы шығады.Жүргізуші жұмбақшыға 1 жұмбақ жасырады, ол шешеді. Ал оның жауабынан мақалшы мақал айтады.Кім дұрыс айтса, сол жеңеді.
Жеңімпаздарға сыйлық.

Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ».

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.