.
.
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу. Алтын күз
Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 284 | Просмотров: 1882 | Размер: 16.7 Kb | Автор:Жүргізуші:
Бейне нұрлы көкте күн,
Білсең өмір – көктемің.
Айқара ашар есігін,
Хош келдің! – деп мектебің
Балдырғандар, бұл мәлім,
Еркелігін тастайды.
Қыркүйекте мұғалім
Оқу жылын бастайды.
Жүргізуші:
Екінші айы бұл күз дің,
Доп қуып, футбол ойнаймыз.
«Күз гі балын» мектептің
Қазан айында тойлаймыз!-деп ақын ағаларымыз жырлағандай, бүгінгі «Күз гі бал» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Күз келсе – біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе – аппақ қарда алысып ойнаймыз, (қысқы ойындардың өзінің бір ерекшелігі бар емеспе?); көктемде қабат-қабат тонымызды шешіп, күннің сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз; ал жазда – көлге барып, суға түсіп, жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.
Жүргізуші:
Құрметті қауым! «Алтын күз » мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар:
1. Топты таныстыру (Топтың аты, эмблемасы, киімдері. Топтың киімі бірыңғай болуы шарт. Сыныптың жетістіктері жайлы өлең шумақтарымен топты таныстырады.)
2. Өнер көрсету /ән би немесе тамаша/
3. Бейне көрініс /еркін тақырып, сол жерден дайындау немес түсіріп алып келу/
4. Күзге байланысыты слайд жасау, қорғау
5. Күзге байланысты сән үлгісі (Киім, шаш үлгісі)
Жүргізуші:
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқалармен таныстырып,
кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әдәлқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
1. Мектеп директорының оқу ісі-жөніндегі орынбасары: Муратова Мейрамугул Абатқызы
2. Мектеп жанынағы интернат тәрбишісі: Джапарова Динара Жинғайқызы
3. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Утепов Мархабат Хамитұлы
Жүргізуші:
Салқын тартып түз демі,
Білдіреді күз нені?
Шым еткізер жүректі
Тырналардың тізбегі, -дей келе, бірінші топты ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:
Ызғырықты жел өтіне
Шыдап баққан тербетіле.
Ағаш біткен шашып жатыр
Алтын теңге жер бетіне.
Ортада екінші топ.
Жүргізуші:
Тұратұғын құлап көктен,
Күн де салқын қыратты өпкен
Момақансып, сылдыр қақпай,
Жылтырайды бұлақ біткен.
Үшінші топты қошаметпен ортаға шақырайық.
Ән: Қазақ жігіттері
Орындайтын: Азамат Нұртаев
Жүргізуші:
1. Таныстыру бөлім ортаға 8а сыныбын шақырамыз
ортаға 8б сыныбын шақырамыз
ортаға 9 сыныпты шақырамыз
ортаға 10 сыныпты шақырамыз
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Хархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.,-деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Мұнда қатысушыларымыздың екеуі де күз тақырыбына көркем сөз оқиды. Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне, жүріс-тұрысына да қарап отырыңыздар, бағалауға бұл да кіреді. әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.
2. «Өз өнерін көрсету» /ән би немесе тамаша/
ортаға 8а сыныбын шақырамыз
ортаға 8б сыныбын шақырамыз
ортаға 9 сыныпты шақырамыз
ортаға 10 сыныпты шақырамыз
Осы бөлім бойынша әділ-қазылар алқасынан бағасын сұраймыз.
8а,8б,9,10 сынып
Жүргізуші:
Қолшатырлар көбейіп,
Бұлт тұмшалады өңірді.
Келді міне алтын күз ,
Аспан жасы төгілді.
Күн қайтадан ашылды,
Ерке-шолжаң бейне іс.
Таңқалдырар адамды
Мың құбылған бейнесі.
3. Бейне көрініс еркін тақырыпқа кезек берейік /еркін тақырып, сол жерден дайындау немес түсіріп алып келу/
ортаға 8а сыныбын шақырамыз
ортаға 8б сыныбын шақырамыз
ортаға 9 сыныпты шақырамыз
ортаға 10 сыныпты шақырамыз
Осы бөлім бойынша әділ-қазылар алқасынан бағасын сұраймыз.
8а,8б,9,10 сынып
4. «Күз» тақырыбына слайд қорғау
Берекелі, мерекелі
Келді жомарт алтын күз .
Қала да, дала да
Жанның бәрі жарқын күз .
Балақайлар алақайлап,
Мектеп іші нұрланды.
Астық жыры, шаттық жыры
Қырман басы думанды.
Қарқынды еңбек
Әр күн өрлеп,
Әр ісіне сүйсінді.
Ән тасқыны, жыр тасқыны
Ырыс болып құйылды.
ортаға 8а сыныбын шақырамыз
ортаға 8б сыныбын шақырамыз
ортаға 9 сыныпты шақырамыз
ортаға 10 сыныпты шақырамыз
Осы бөлім бойынша әділ-қазылар алқасынан бағасын сұраймыз.
8а,8б,9,10 сынып
5.«Сән үлгісі» номинациямызға кезек берсек. (Киім, шаш үлгісі)
ортаға 8а сыныбын шақырамыз
ортаға 8б сыныбын шақырамыз
ортаға 9 сыныпты шақырамыз
ортаға 10 сыныпты шақырамыз
Осы бөлім бойынша әділ-қазылар алқасынан бағасын сұраймыз.
8а,8б,9,10 сынып
Жүргізуші:
Би Флешмоб
Жүргізуші:
Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)
Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.