Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
“Аналар мейрамы” -

“Аналар мейрамы”

Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 0 | Просмотров: 1767 | Размер: | Автор: гость
. “Аналар мейрамы”

Мақсаты: Балаларға 8-наурыз халықаралық аналар мерекесі туралы түсінік беру.Аналарын сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Музыка әуенімен балалар мерекеге арналған залға екі қолдарынан ұстасып кіреді де,жарты шеңбер болып тұрады.

Жүргізуші: Қымбатты балалар!
Қымбатты қонақтар!
Барлығыңызды келе жатқан сегізінші наурыз мерекесі мен құттықтаймыз.
Мерекелік ертеңгілігімізді бастамас бұрын, балабақша меңгерушісі Құрманғалиева Гүлжан Рысқали қызына сөз береміз.

Жүргізуші: Армысыздар ханымдар мен мырзалар
Армысыздар бөбектер мен аналар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би,биленіп,әнде шырқалар.

Т.Мансур: Бәрімізге анасын
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым.

Т.Бекежан: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.

Еркемай: Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Ән: “Апам үшін”

Балалар орындарына отырады.

Жүргізуші: Балалар көктем мезгілдерінің ерекшеліктерін білесіңдер ме?
Балалар: Күн жылынады.
Қар ериді.
Құстар ұшып келеді.
Ағаштар бүршік жарады.
Жүргізуші: Дұрыс балалар Көктем мезгілінде табиғат шаттанып жыл құстары қайта оралып малдар төлдеп тіршілік жаңарып қалады.
Әдемі әуен ойналып залға көктем кіреді.

Жүргізуші: Сәламатпа ару көктем
Сені асыға күттік көптен
Жер анамыз бір бусанды
Күн де нұрын төгіп көптен.

Көктем: Салем салем балақайлар
Әзиз әже назды апайлар
Мол шуақты ала келдім
Қуаныңдар алақайлап
Құстар әнін ала келдім
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа
Әсем әнге сала келдім.

Жүргізуші: Қош келдің ару көктем
Күннің нұрын алып келген
Ару көктем біз сізді көргенімізге өте қуаныштымыз Аналарымызға арнап би билеп ән айтып берейік тамашалаңыз.
Ән: “Қошақаным”
Би: “Қуыршағым”
Ойын: “Гүл теру.”

Ару көктем: Балалар көктем мерекесі тек қана аналардың мерекесі емес сонымен қатар әжелердің де мерекесі Сіздердің әжелерге де айтатын тілектерің бар шығар.

М.Бекежан: Мамаларды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Аман: Әжетайым,әжетай
Сізді жақсы көреміз
Сізге өлең тақпақты
Жатқа айтып береміз.

Нәби: Алтын әжем ол менің
Мені жақсы көреді
Үйретеді өлеңді
Ертегі айтып береді.
Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шәй қайнатып береді
Қажет болса бәріне

Сырт жақтан Мама мама деген үн шығады.
Көктем: Бұл не дыбыс,кім екен мамасын жоғалтқан.
Залға музыка мен қоян кіреді.
Қоян: Мама мама мамамның артынан секіріп келе жатыр едім адасып қалдым. Енді қайдан табамын.
Түлкі кіреді: Мен ешкімнен қорықпаймын Мен бәрін алдаймын
Қоянның қасына келіп
Түлкі: Әй қоян сен неге жылайсың.
Қоян: Мен мамамды жоғалтып алдым.
Түлкі: Мамаң қандай?
Қоян: Менің мамам бәріненде әдемі.
Түлкі: Өтірік айтпа менің мамам бәрінен әдемі нанбасаң қара артына қарайды мамасы жоқ Ой менің мамам қайда басын ұстайды. Мен мамамды жоғалттым.
Екеуі жылайды.
Аю келеді: Бұл не шу Ұйқымнан ояттыңдар ғой
Екеуі: Біз мамамыздан адастық
Аю: Мамаларың қандай еді?
Екеуі: Сұп сұлу әп-әдемі.
Аю: Өтірік айтпаңдар менің мамам әдемі деп үшеуі дауласады.
Осы кезде қарға ұшып келеді.
Қарға:Қарқ қарқ бұл не шу, сендер мында екенсіңдер ғой сендерді мамаларың іздеп жатыр.
Аңдар: Рахмет қарға.Біз мамаларымызға кеттік.Алақай.
Қарға: Сендер мамаларыңның айтқанын тыңдаңдар әйтпесе жоғалтып аласыңдар. Барлығы шығып кетеді.
Көктем: Кейде осындай айтқанды тыңдамайтын мамаларыңнан адасып кететін балалар кездеседі. Бірақ біздің арамызда ондай бала жоқ. Біздің балалар мамаларынын айтқанын тыңдайды.

Жүргізуші: Шат көңілді балала
Шаршағанды білмейді
Аналар күніне арнап
Өлең оқып береді.

Ақерке: Апамызды сыйлайық
Үйдің ішін жинайық
Бұрынғыдай еркелеп
Ерегесіп тұрмайық.

Ерсұлтан: Гүлдерд де суарып
Еденді де жуамын
Келген кезде жұмыстан
Қалсын мамам қуанып.

Инабат: Өлең айтып беремін
Нанды алып келемін
Өйткені мен мамамды
Өте жақсы көремін.

Жүргізуші: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Мерекемен құттықтап
Сыйлықтарды сыйлаймыз.

Ән: “Әр қашан күн сөнбесін”

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар қонақтар осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Назар аударып қарағаныңызға көп-көп рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.