.
.
Өткенмен кездесу Қазақ хандығына уақыт машинасымен саяхат
Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 0 | Просмотров: 1594 | Размер: | Автор: гость«Қазақ хандығына уақыт машинасымен саяхат»
Авторы: Садуақас Тәттігүл Түбекбайқызы,
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный селосы, Восточный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
(Көңілді музыка, екі дос сахнада жүреді)
Аяз би: Нұрсұлтан досым, біз бүгін Қазақстан тарихы сабағында қазақ хандығы жайлы жаңа сабақ өттік. Өте қызықты да, тартымды өтті. Мұғалім сабақты түсіндіріп тұрғанда көз алдыма сол заман елестеп, қатты барып көргім келді. Сол заман хандарын көріп, қазір қазақ елінің өз егемендігі барын мақтанып айтсам ғой.
Нұрсұлтан: Ия, досым. Саған бір құпия ашайын ба? Кел, құлағыңа айтайын, ешкім естіп қалмасын.
(құлағына сабырлайды)
Біздің үйде бір сағаты бар үлкен құрылғы бар. Әкем оны уақыт машинасы деп айтқанын білемін. Сол машинаны алып көрсек болады.
Аяз би: Оны қалай аламыз?
Нұрсұлтан: Т-сс, ақырын, мен қазір әкеме білдіртпей алып шықсам болады. Кейін қайтып оралған соң, орнына білдіртпей қоя саламын ғой. Ешкім де байқамай қалады.
Аяз би: Жарайды (ақырын үнмен)
Автор: Екеуі үйге барып уақыт машинасын алып кетеді де, қаланың сырт жағына кетіп қалады.Сосын машинаны әрі қозғап, бері қозғап іске келтіреді де 15 ғ. бармақшы болады
Музыка.
Автор: Бұлар тамаша жерге тап болады. Хан Керей мен Жәнібек ханның билік құрған тұсы. Қалың қазақ ауылы. Алыстан көрінген киіз үйлер. Қой бағып жүрген қойшыға тап болады. Керей ханмен жүздескісі келетіндерін айтып, қойшы бұларды бір ақордаға келді. Бұлардың киімдері сол заман киіміне сәйкес емес. Ақорданың алдынан ханның екі нөкерлері бөгде адамдарды тоқтатады.
Бір нөкер хан алдына барып: Уа, тақсыр! Сізге қайдан келгені белгісіз, түр-тұрпаты өзгеше екі жас бала келіп тұр.
Керей хан: Ақордаға төрлетсін! Шақыр!
(Керей хан бұларды көріп таңқалады)
Аяз би: Ассалаумағалейкум, хан аталар!
Керей хан: Уағалейкумассалам!
Жәнібек хан: Уағалейкумассалам!
Нұрсұлтан: Біз сіздерге болашақтан уақыт машинасы арқылы келген балалармыз!
Керей хан:
О, болашақ балалары! Бізге қандай сиқырдың құдіретімен ұшып келдіңдер, оны білмеймін. Алайда, сендер де өз ұрпағымызсыңдар! Біздің заманды көріп тұрсыңдар, біз қазақ ешкіммен жауласпаған елміз, ал жауласқан елді жеңбей қоймайтын халықпыз. Ал, болашақ балалары! Айтыңдаршы, біздің еліміздің болашағы қандай болды? Сендер бізді ұмытпай келіпсіңдер!Рахмет, айналайындар!
Аяз би: Ия, хан ата! Біздің заман сіздерді ешқашан ұмытпағанбыз, ұмытпаймыз да! Сіздердің арқаларыңызда тәуелсіз, егемен елдің байрағын биікке көтеріп, демократиялы заманда өмір сүріп жатырмыз. Еліміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - көреген кісі және ұлы саясаткер. Көрегенділігі мен саясаткерлігінің арқасында Қазақстан Республикасы дамыған 50 елдің қатарына еніп, басқа елдермен тереземіз тең, керегеміз кең ғұмыр кешіп жүрміз.
Керей хан:
О, тәуба! Тәуба! Құдайға мың сан шүкір.
Аяз би: Керей хан ата, сіздердің араларыңызда бірінші сіз хан болып сайландыңыз ба?
Керей хан: Ия, өйткені қазақ халқында білесіңдер, үлкенге орын беріп, құрмет тұтқан. Сондықтан Жәнібек бауырым мені құрмет тұтып, маған орын берді. Ал, Жәнібек бауырым менің ақылшы кеңесшім.
Нұрсұлтан: Ал, хан ата! Сау болыңыздар! Сіздерге рахмет. Біз еліміздің өткеніне бір сәт оралып, халқымыздың басынан қандай заман өткенін білгіміз келіп, қызығып, келіп қалып едік.
Сіздерге айтар алғысымыз шексіз.
Керей хан: Ал, жүзбасы! Мына болашақ балаларын сый-сияпат беріп шығарып салыңдар!
Жүзбасы: Құп болады!
Автор:
Бір мүдде, бір болашақ, бір мақсатқа
Елбасы бастап берген саясатқа
Ден қойып ұмтылыспен күш саламыз
Жеңіске жету үшін болашақта
Тарихта Есімханда болды ескі жол
Тұсында Қасымханның бар қасқа жол
Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.