Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Балаға  мейірім  сыйла» -

«Балаға мейірім сыйла»

Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 0 | Просмотров: 2104 | Размер: | Автор: гость
. «Балаға мейірім сыйла»
Мақсаты : Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, патронаттық тәрбиедегі балаларға , қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
Жүргізуші: Армысыздар , құрметті қонақтар, ардақты ата-аналар , ұлағатты ұстаздар ! Бүгінгі «Балаға мейірім сыйла» атты мерекемізге қош келдіңіздер ! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. Мұхаммед Пайғамбарымыз өсиетінде былай дейді «Өзінің не өзгенің жетім балаларын балиғатқа жеткізіп, адам етіп шығарған адамның орны тек қана жаннат» . Ендеше қымбатты қамқоршылар, панасызға пана болып,қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамнершілік, ізгілік, қамқорлық,қайырымдылық сияқты асыл қасиеттеріңіз үшін бас иемін.
Атаң болса, анаң мен
Алтыннан соққан қорғаның,
Ағаң болса, ақылды ,
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса,жанашыр
Семсер қылыш білегің,
Ақылды қыз, ақылды ұл,
Өкпе бауыр, жүрегің.
Бүгінгі мерекеміздің алғашқы құттықтау сөзін аудандық білім беру бөлімінің бала құқығын қорғау жөніндегі бас маманына беріледі.
• Жүргізуші: Басқа төлдер жатқан кезде жамырап,
Жетім қозы анасы жоқ маңырап,
Сүт іздейді таңдайына таматын,
Оны көру ақын үшін ауыр тым
Ауыр алып демімімді мен ішімнен,
Оның жайын болам, рас, түсінген,
Өзге қойға телімесе қозыны,
Асыраймын жырдың сауған сүтімен.
Жүргізуші: Құрметті көрермендер , бүгінгі күн ерекше. Өйткені біз бір-бірімізге тек жақсылық шуағын сыйлағымыз келеді.
Сонымен келесі кезекте Жетімдер » «Туғаннан аты Тастанған» атты бейне таспаға көңіл бөлейік.
Әрине , көзін ашқаннан ресми ортада тәрбиеленіп, қатаң қадағалауда ұсталған , режиммен өмір сүрген балақайларға еркін жүріп, кең тұсауда болу әп дегеннен жүрексіндіргені де , қобалжытқаны да рас болса керек. Және тағдырдың тәлкегіне түсіп, ата-анасынан ерте айырылған бүлдіршіндер де жоқ емес. Олардың туыстары бүлдіршіндердің болашақтарына алаңдап, қамқорлық жасағандары да бар.
Бақыт деген- сенің бала күндерің
Бақытсыз –ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да , басқасын да білмеуің,
Бақытсыз –ақ ойнағаның – күлгенің.

• Жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен
Жақсы адамдар бар екен , сүйіп өтем,
Жамандарды іздемен өзі ақ табар,
Жақсыларды табуың қиын екен.....
Ізгі жүрек ізгілікті сатпайды,- дей отырып, бала үмітіне қуаныш сеуіп жүрген, олар ауырса жанын қоярға жер таппаған , үлкен құрметке лайық қамқоршы да қорғаншы бола білген бүгінгі кештің қонақтарын мерекелерімен құттықтау үшін сөз кезегін мектеп директорына сөз беріледі) .( мектеп әкімшілігі атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар беріленді )
«Қазақ биі» Бишілер тобы
Жүргізуші: Өтеді ғой ... Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына , адамның тағдырына
• Жүргізуші : Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын
Бекер айттым екен деп қайта алмаймын
Өйткені біреулерге бақыт қонса,
Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым.
Өмірді жұмақ деп деп те таңданбаймын
Сазды әуенге елітіп алданбаймын
Бір әумесер есірсе есі кетіп,
Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың
Жомарт жандар құнын тілеп жатпайды.
Қайырымды жан қайырым етпес есеппен,
Ізгі іс етсең , текті тірлік сүргенің , - дей отырып
Аудан мектептерінде тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан , жартылай жетім мен сәтсіз отбасынан шыққан білім алушыларды яғни әлеуметтік жағдайын анықтап және олармен тығыз байланыс орнатып олардың мүдделерін қорғау үшін әлеуметтік – педагогтар жұмыс істейді.
Әр мектептен келген әлеуметтік педагогтарға сөз беріледі. ( мектеп әкімшілігі атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар беріледі )
Жүргізуші : Жетім қозы жетілер де марқаяр,
Қарын тояр , қайғы , уайым ортаяр,
Шілдехана жасап ертең ата-анам,
Нәрестенің қалжасына мал сояр.
Жас нәресте апыл- тапыл жүгірер,
Аяқтағы ала жіп те үзілер,
Тек құдайым, жетімдіктен сақтасын,
Жетімдерді жебей берсін ,дүйім ел!
Жүргізуші : Тексізден тезек артық,
Арсыздан айуан артық,
Именіп жүретін игіліктен,
Қарсыласып жүріп көрген бейнет артық ( Б.Момышұлы)
Келесі кезекте қамқоршы ата- аналарға сөз кезегін береміз.
Ән : «Жаса Қазақстан »
Жүргізуші : Бақыт жайлы пікір айтып, қызулы топ таласты,
Бірі айтады : бақыт деген барлық , байлық емес пе
Керегінше киіп, ішсең, «Бақыттысың » демес пе
Бірі айтады : Жоқ, бақыт деген қолың емес, мансап қой,
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой »
Бірі айтады : « Бақыт деген жүйрік мініп , той тойлау,
Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, карт ойнау»
Бірі айтады: «Бақыт деген адал жар мен перзент қой »
Ынтымаққа ырыс келген , ол да саған келмек қой »
Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым ,
Бақыт адам баласына келмей оңай , соны ұқтым,
Безбеймін мен байлықтан да, баладан да , жардан да,
Мансап жетпес бар адамға , үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді олар,таңдап сол бір уақытты.
Оны алыстан іздемегін, жүректі тап бақытты ! – деп ақын атамыз айтқандай, бір-бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейіріміміз сарқылмасын !
Алақан жылуын ,мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, бақыт сыйлау борышымыз. Ендеше , болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек , бір-бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық ағайын! Осымен «Балаға мейірім сыйла» атты өткізіліп жатқан қайырымдылық кешімізді аяқтай келе , әр отбасыға бақыт, амандық- саулық тілеймін!

Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
Қарауылкелді орта мектебінің әлеуметтік педагогы : Жүрсін Набат




-
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.