.
.
1-Жүргізуші:Ерекше бүгінгі күн, салтанат ән, Білім күніне арналған сценарий
Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 0 | Просмотров: 2394 | Размер: | Автор:Тербетер әр жүректі бір әсем ән.
Құлпырып шәкірттер тұр мектеп – ұстаз,
Сағынып жыл құсындай қайта оралған.
2-Жүргізуші:Мереке зор қуаныш – Білім күні,
Сыңғырла қоңыраудың алғашқы үні.
Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,
Балдырған, балғын жандар – өмір гүлі.
1-Жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт,бірлік,берекем.
Шәкірттерің өрістесін,өрлесін,
Құтты болсын Білім күнің –мерекең!
2-Жүргізуші: Биікте тұр менің бала қиялым
Жақсы сөзді өзіңе арнап жиямын
Тірегі де, жүрегі де өздерің
Мектеп атты білім берер ұяның – дей келе
Құрметті қонақтар! Ұстаздар!Ата-аналар және оқушылар! Сіздерді Қазақ хандығының 550 жылдық мерей тойымен және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20жылдық мерекесімен құттықтай отырып, 2015-2016 жаңа оқу жылына арналған «Күмбірле күміс қоңырау» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
1-Жүргізуші: Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.
(әнұран орындалады.)
Ту көтеру рәсімі 11 А сынып оқушысы Тагаев Ихтиярға беріледі.
2-Жүргізуші: Мерекелік жиынға келген қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Нұрлыкент ауылдық округі әкімінің орынбасары Кебеев Аярбек Ақылбекұлы
Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Арзымбетов Махсутбек Әбдіұлы
Аудандандық білім бөлімінің әдіскері Сатарова Гүлназ Сейтханқызы
Еңбек демалысындағы ардагер ұстаздар; Идрисова Тамара, Туғанбаева Афуза, Жұмалиева Тұрар, Рүстемов Амангелді,Нұрғалиев Мұхан, Дінахметова Гүлдарияш, Өксікбаева Шәмшәт апай,Нұрлыкент ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Керпиков Нұрғали Ақатайұлы.
1-Жүргізуші: Мектеп ана күліп тұр тағы,
Шақырады қыркүйектің нұр таңы.
Асығуда әліппені алуға,
Еліміздің тағы бір жас ұрпағы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.