Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Достық -

Достық

Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 0 | Просмотров: 1886 | Размер: | Автор: гость
. Сыныбы: 5 «А»
Тақырыбы: «Достық»
Тәрбие сағатының мақсаты:
1.Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
3.Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Пайдаланылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
 Оқушыларды топқа бөлу.( 3 минут)
( Екі түсті қағаздар арқылы)

ІІ. Қызығушылықты ояту.
А) Интерактивті тақтадан суреттер көрсету, сурет арқылы сабақтың
тақырыбын ашу.(3 минут)
Б) Постермен жұмыс «Дос деген кім?» (7 минут)

2. Достық дегенді қалай түсінеміз ?(Жауапты сурет арқылы бер. Әрбір оқушы өзі салған суреті бойынша түсіндіреді). (5 минут)
Мысалы: Мен достықты шеңберге теңеймін.

ІІІ. Ойтолғау.
Сұрақ-жауап:(доп арқылы) (5 минут)
1.Досың бар ма? Ол кім?
2. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
3. Достық жасқа байланысты ма?
4. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
5. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
6. Дос қандай болу керек?

Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
— Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
— Достықтықтың екі түрі болады. Бірі — адал достық, екіншісі – амал достық.
«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:
— Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады, — деп жауап береді екен.
(Оқушылардың пікірлері тыңдалады)

IV. «Сөйлемді аяқта» тренингі (3 минут)
Екі топқа сөйлемдер беремін. Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу керек.

А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені …
Ә) Сыйластық бар жерде …

V. Жағдаяттан шығу. (3 минут)
«Достық» және «Сыйластық» топтары
1. Сенің ең жақын досың математика пәнінен үйге берілген тапсырманы орындамай келді, сен оған қандай көмек көрсетер едің?

2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға
шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

VI.РЕФЛЕКСИЯ «Досымның жүрегі» ойыны
Үлестірілген жүрекшеге жақын отырған көршісіне жақсы қасиеттерін жазып кеудесіне жапсыру.

VII.Қорытынды
Қорыта келгенде,менің сендерге айтарым:
Достықты қадірлей біліңдер
Досыңның кемшілігін кешіре біл. Достық бұл:
Д – дүниедегі
О - озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.