.
.
Тақырыбы: « Елін сүйген- Елбасы!» Елін сүйген- Елбасы!
Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 0 | Просмотров: 1842 | Размер: | Автор: гостьМақсаты: Елбасы туралы толық мағлұмат беру. Балалардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік, сезімдерін арттыру. Отанын сүюге тәрбиелеу, еліміздің тарихы туралы түсінік беру.
Көрнекілігі: Елбасы Н. Назарбаевтың суреті, рәміздер, интерактивті тақта, суреттер.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Хор: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Барысы: Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбер:
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Ұл қолында ту жүрсін,
Қыз қолында гүл жүрсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Сұрақ-жауап:
- Біз қандай баламыз?
- Біз қай елде тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- ҚР қандай мемлекет.
- Тәуелсіз дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ешкімге бағынбайтын,өзінің рәміздері бар.
- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
- Әнұран, Ту, Елтаңба.
Шапағат:
Көк аспандай көкпеңбек
Неткен әйбат, әдемі.
Көк емес, ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Әмина:
Ақниетті алтын күн,
Орын алған сол төрден.
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебесі Ту, ары
Ерасыл:
Күміс күннің астында,
Желбірейді туымыз.
Қазақ деген халықтың,
Ұлы менен қызымыз
«Ата заң» Сырымова Һидаят
- Біздің тіліміз?
- Қазақ тілі
Жексембаева Н:Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып – ақ алаңдар
- Қазақстанның Елордасы қай қала?
- Елордамыз – Астана
«Астана- арман қала» атты сурет көрмесімен таныстыру.
Согдиана
Астанам
Бабалардың көзіндей,
Даналардың сөзіндей.
Ұлы дала тұғырлы,
Ұлы қала өзіндей.
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам -
Әсем қала, бас қала!
Ән: Атамекен
- Елбасымыз кім?
- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Ол 1991 жылдан күні бүгінге дейін қазақ елін басқарып келеді.
- Елбасы бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
- Өз ойларын ортаға салады.
- «Балалық шағымның аспаны » фильмінен үзінді көрсету.
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
Қазақстан Республикасының Елбасына дейін көтерілген. Н. Ә. Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады. Алдына қойған мақсаты айқын адамдар не нәрсе болса да жеңіп, сол мақсатына жететінін біз осы атамыздың жасап жатқан айшықты да айқын жұмыстарынан аңғара аламыз.
«Елін сүйген Елбасы » фото көрмесі ндегі суреттерді әңгімелеп айту.
«Тұңғыш Президент мұражайы» бейне көрсетілім.
Мейірім:
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.
Ақарыс:Отан даңқын асырдың,
Көк туымды жайнатып.
Бағымызға жүр аман,
Нұр сәулетті, Нұр аға!
Сағыныш:
Дильназ:
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам
Мархабат:
Қазақ жері - Қазақстан,
Мөлдіреген ашық аспан.
Алыс кетсем сағынамын,
Отаным сен – Қазақстан.
Мерей:
Ертеңгі елдің тірегі -
Бүгінгі жас ұландар.
Күндей аппақ жүрегі,
Келеді өсіп қырандар.
Әлімжан Нұрсауле:
Әрбір қазақ баласы,
Өзім сонда тұрам деп.
Бұл қазақтың даласы,
Ата - бабам туған жер
Гүлайна: Байтақ біздің даламыз,
Би билеп, ән де саламыз.
Егеменді елімде
Біз бақытты баламыз.
Хор: «Көк тудың желбірегені»
Мұғалім: Балалар Егеменді Қазақстан елінің келешегі де, болашағы да, мына өздерің боласыңдар, сол себептен Қазақстан байрағын биік ұстап, тілді құрметтеңдер.
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.
.
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Көк аспандай көкпеңбек
Неткен әйбат, әдемі.
Көк емес, ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
.
Елтаңбасы елімнің
Қазақстан жалауы.
Тұнығындай көгілдір
Ортада аспан әдемі
Құт - береке шаңырақ,
Асқар арман қыраны
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген
Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер тамған
Билігің өз қолыңда
Еркіндігім Елтаңбам.
Қазақ жері - Қазақстан,
Мөлдіреген ашық аспан.
Алыс кетсем сағынамын,
Отаным сен – Қазақстан.
Ертеңгі елдің тірегі -
Бүгінгі жас ұландар.
Күндей аппақ жүрегі,
Келеді өсіп қырандар.
Әрбір қазақ баласы,
Өзім сонда тұрам деп.
Бұл қазақтың даласы,
Ата - бабам туған жер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.