.
.
Халықтар достығы – тілдер достығы Халықтар достығы – тілдер достығы
Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 0 | Просмотров: 1863 | Размер: | Автор: гостьСабақтың мақсаты: студенттерді қазақ елін, Отанын, қазақ тілін қастерлеуге, ой - өрісін кеңейтуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың сөзі «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді әрі ата - баба алдындағы ұлы парызымыз дa т. б ұлы сөздер
Алғы сөз: Осыдан 18 жыл бұрын 1997 жылы 11шілдеде біздің Республикамызда «Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңы қабылданған болатын. Олай болса бұл заңның негізі неден тұрады екен, Арайды тыңдап көрейік.
Арай: Заңның 4 - шi бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi делінген. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Ал заңның 5 - ші бабында мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн - өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады деп көрсетілген.
6 - шы бапта Қазақстан Республикасының азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып - үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды деп айтылған.
17 - ші бапта мәдени шаралар мемлекеттiк тiлде және қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жүргiзiледi делінген. 22 қыркүйекте біздің республикамызда Қазақстан Республикасы халықтарының тілі күні мерекесі аталып өтеді. Бұл мейрам 1998 жылы Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен жарияланған. Сонымен бүгінгі біздің «Ұлттар достығы атты фестивальіміз осы атаулы мерекеге арналады.
Оқытушы: Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрінісінің белгісі болып табылады. Қазақ халқы тілдің ой мен сөздің бірлігінен тұратындығын, оның мүмкіндігінің терең екенін ерте танып, оған үлкен мән бере тұжырым жасаған.
Орақ ауыз, от тілді жыраулар поэзиясының атасы Асан Қайғы: Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады, Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады, Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады - десе, ұлы Абай «Тіл өнері - дертпен тең деп, әрі қысқа, әрі нұсқа баға берген. Сондай - ақ Мағжан Жұмабаев «Тіл – адам жанының тілмашы. Ұлттың ұлт болып қалуы үшін ең бірінші шарт - тілінің болуы. Тілі кеми бастауы – ұлттың құри бастағанын көрсетеді» деген.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да құдіретті. Себебі, әр ұлттың тілі - оның, бақыты, тірегі. Қазақстан – көп ұлтты ел.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.