.
.
«Ұлттық ойындардың пайдасы» «Ұлттық ойындардың пайдасы» (Бастауыш сыныптар арасындағы отбасылық эстафеталық жарыс)
Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 331 | Просмотров: 2255 | Размер: 10.9 Kb | Автор: Нартай4540(Бастауыш сыныптар арасындағы отбасылық эстафеталық жарыс)
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының спорт туралы білімдерін кеңейту, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Ата – аналардың мектеппен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу.
Міндеті: 1. Дене жаттығулары арқылы оқушы денсаулығын қалыптастыру.
2. Сабақтарда оқушы белсенділігін арттыру үшін ұлттық ойындардың түрлерін арттыру.
3. Сабақ барысында ұлттық ойындарды пайдалана отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту, ұлттық салт-дәстүр негізінде тәрбиелеу.
Өткізілген орны: спорт алаңы.
Спорт түрі: эстафеталық жарыс
Өткізілген уақыты: 24. 04. 2013 ж.
Пайдаланылатын құралдар: ысқырық, доп, кедергілер, арқан, шыбық, асықтар, уақыт көрсеткіш, нысана, садақ т. б.
Барысы:
Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!
Бүгінгі «Ұлттық ойындардың пайдасы» атты бастауыш сыныптардың отбасылық жарысына хош келдіңіздер!
Берекеде осында
Мереке де осында
Болып жатыр той думан
Қырандардың қасында
Көңіл қойып қараңыз
Жалындап тұр ғой баламыз
Жарысып міне төрт топ
Қол соғып қарсы аламыз.
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
1-сынып атынан «Достық» тобын,
2-сынып атынан «Құлагер» тобын,
3-сынып атынан «Семсер» тобын,
4-сынып атынан «Қыран» тобын
ортаға шақырамыз.
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз. - деп, бүгінгі жарысқа төрелік жасайтын әділ-қазылармен таныстырамыз.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н. Байшуақов.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Келдібаев.
Класс жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Б. Туралина.
Қызады бүгін той – сайыс
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді көтеріп
Інжу – маржан шашайық
Ырыс дәулет мол болсын
Жылда осындай той болсын
Жарысты енді бастайық
Ал, кәнекей жол болсын! - дей келе жарысымызды оқушылардың дене жаттығуларына арналған «Қара жорға» әнінің әуеніне арналған биін тамашалайық.
Құрметті спорт сүйер қауым! Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында имандылық сана – сезім қалыптасқан, мәдениетті, дені сау азамат пен азаматшалар өсіру отбасының, мектептің борышы екені баршамызға мәлім.
Ойын – оқушы балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар ұжымының дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады. Ойын – өсіп келе жатқан бала ағзасына қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады. Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуіне пайдасы зор. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. бірнеше ұлттық ойындарды шартымен ұсынамын:
«Асық » ойыны
Асық – қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де , түнде де ойналады.Күндізгісі – мергендікке , түнгісі- ептілікке баулиды.Асық ойынның мынадай түрлдері бар: бүк, шік, алшы , тәйкі, омпы, хан талапай, хан ату т.б.
Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді.Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде , тіпті үлкен бөлмеде де ойналады. Мақсаты- көп асық ұтып алу. Асық ойыны –халық арасына кең таралған.
Белгіленген сызықтан топ мүшелері омпысынан тұрған асықты 3 реттен ату арқылы ұпай жинайды. Қанша тигізсе сонша ұпай алады.
«Көкпар» ойыны
Көкпар – жігіттердің күш қайратын , ерлік , ептілігін сынайтын – ұлттық ат ойыны. Көкпарға тақымы берік шабандоздар қатысады. Жарысқа түсетін бұл додалы сынға денесі жұмыр, аяқтары жуан сәйгүлік аттар қатыстырылады. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір – бірінен ала қашып , лақтырып ойнаған. Кейін ол ұлттық ат спорты ойынына айналған.
«Жаяу көкпар»
Әр топтан бір бала шыбыққа мініп, сызық бойына қатар тұрады. Төрешінің ысқырығы берілгенде орамалға түйілген допқа шауып барып, қолмен іліп алып, қайтып келуі керек. Басқа ойыншылар «көкпардың добын» тартып алуға әрекетену керек.
«Хан талапай»
Бұл отырып ойналатын, негізінен қыз балаларға арналған ойын. Оған төрт үміткерден қатысады. Ойын үшін он асық таңдап алынады. Он бірінші асық ерекше өзге түске (қызыл, не көк) боялған болуы шарт. Бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі. Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек. Қалған ойыншылар аңдысын аңдап, өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады. Себебі, хан алшы түссе, барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды, хан талапай жасауы тиіс. Хан кімнің қолында кетсе, келесі үйіру кезегі соған беріледі, хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады.
«Аударыспақ»
Қазақтың кәдімгі ұлттық спорт ойыны. Ойынға негізінен тақымы мықты,білекті жігіттер қатысады. Бірін-бірін ат үстінен аударып түсіруі керек.
Ойынға қатысушы баланың әкесі мен шешесі аттың қызметін атқарады. Ойынға қатысушы бала әкесінің арқасына мініп, ал шешесінің мойнынан бір қолымен ұстап бір қолын қарсыласына созып аударыспаққа шығады.Екі бала бір-біріне қарама қарсы «ат» үстінде отырып қол ұстасады. Төрешінің белгісімен бірі-бірін тартып, , әйтеуір айласын, не күшін асырғаны қарсыласын «аттан» аударып түсуі шарт.
«Арқан тарту»
Қазақтың ұлттық спорт ойыны. Бұл ойынға екі топ қатысады. Арқанның екі жағынан екі топ тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, ортадағы сызықтан қарсыласын өткізсе сол топ жеңіске жетеді.
«Аңшы мен үйрек»
Ойнға қатысушы екі топ мүшелері аңшы болып белгіленген сызықтан аспай ортадағы үйрек болып жүрген топ мүшелеріне доп лақтырып тигізуі керек. Доп тиген ойыншылар ойынан қалыс қалады. Лақтырылған допты қағып алып, ұпай жинауға болады. Ойынға 2 минут уақыт беріледі.
«Теңге ілу»
Ойынға қатысушыларлардың әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 30-40 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салынады. Әр топтан бір сайыскеркерден шығады, сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол салып жібереді де, тасты іліп алып, кері қарай шауып келеді, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына және бірінші келуіне қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
«Жамбы ату»
Белгіленген қашықтықта тұрғызып қойған нысананы садақпен атып құлату немесе тигізу керек. Белгіленген сызықтан топ мүшелері 3 реттен садақ тартады. Неше рет тигізсе сонша ұпай алады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.