.
.
Кештің тақырыбы: «Сапта жүру тәртібің, жолы болсын әркімнің!» Сапта жүру тәртібің, жолы болсын әркімнің!
Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 0 | Просмотров: 1900 | Размер: | Автор: гостьМақсаты:
1. Оқушыларды жол ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге үйрету, жол ережесінің белгілерімен таныстыру.
3. Оқушыларды көшеде жұрыс жүріп жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көше суреті, жол белгілері, бағдаршам.
Құрылымы:
Құрметті оқушылар, құрметті ұстаздар! Бәріміз ұнататын, білгіміз келетін, қыр - сыры мол көшеде жүру тәртібіне байланысты «Сапта жүру тәртібің, жолы болсын әркімнің!» атты кешімізді бастаймыз.
- Ендеше, балалар тақтада ілулі тұрған суретке назар аударайық.
- Мұнда не бейнеленген?
- Көшеде не тұр?
- Бағдаршам бізге не үшін керек?
Ендеше, бағдаршам біздің сенімді, әрі қайырымды досымыз. Оған біздің бәріміз бағынуымыз керек.
- Қане, кім маған бағдаршам туралы тақпақ айтады?
1 - оқушы: Бағдаршам сенімді
Сүйетін серігің
Сүйсең сүйген жеріңді
Сыйламайды сені кім?
2 - оқушы: Жанса көзі жасыл,
Жолың айдай ашық
Жүре бергің батыл
Керегі жоқ сасып.
3 - оқушы: Сары көзі жанса,
Сен мынаны аңғар
Тұрып қалмай онша
Қозғалуға қамдал
4 - оқушы: Қызыл көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта
Қатып қалғын жанғанша
Қыбыр етпе тоқта.
5 - оқушы: Оң жақ жасыл жанғанда
« Оңға бұрыл» дегені
Сол жақ жасыл жанғанда
«Солға бұрыл» дегені
Балалар, бүгін бізге бағдаршамның айтары бар екен. Бағдаршамды ортаға шақырайық!
Бағдаршам. Сәлем балалар! Мені барлық балалар жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім. Менің сендерге қояр сұрағым бар.
Жол жүру әліппесін.
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың.
Сен өзіңді сау сақтап.
Бүгінгі кешімізге қатысатын топтармен таныстырайын.
1. «Қызылдар» тобы
2. «Жасылдар»тобы
3. «Сарылар»тобы
Олай болса, қазылар алқасын сайлап алайық.
Ендеше, бәріміз сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, сайысымыздың кезеңімен таныстырайық.
1. «Өз орныңды тап.»
2. «Кім жылдам?» сұрақтар
3. «Ұшқыр ой, ұтымды жауап.» ( тест 5 сұрақтан)
4. «Ойлап, тап!» (жұмбақ)
5. Шығармашылық жұмыс (өлең құрастыр)
І кезең «Өз орныңды тап»
«Қызылдар» Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
«Жасылдар» Жасыл көзін ашқанда,
Жүре берген, жасқанба!
Бағдаршам. Қызыл жанды тоқтағын.
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды- дайындап,
Айналаңа қарап ал,
Жасыл жанды тыңдағын.
Жолың ашық тұрмағын.
ІІ кезең «Кім жылдам» ( әр топқа сұрақтар беріледі)
І топқа: 1. Жаяуға қай жермен жүруге болмайды? ( Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.)
2. Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? ( алдан түсіп, арттан мінеді)
ІІ топқа: 1.Жиекжолда қалай жүру керек?
(Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.)
2. Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? (Жүргізуші куәлігі.)
ІІІ топқа: 1. Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады? (Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады.)
2.Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
(Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.)
ІІІ кезең «Ұшқыр ой, ұтымды жауап» (тест 5 сұрақтан)
1. Жүргіншілер деген кім?
а) машина жүргізетін адам б) көшеде жаяу жүрген адам в) белгілер
2. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?
а) болады б) болмайды в) білмеймін
3. Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп міну керек?
а) аялдамадан б) кез- келген жерден в) дүкен алдарынан
4. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?
а) ескерту белгілерін б) көрсеткіш белгілер в) тыйым белгілері
5. Қай түс жанғанда машина жүреді?
а) сары б) жасыл в) қызыл
ІҮ кезең «Ойлап, тап!» ( жұмбақтар)
1.Төрт аяғы домалақ,
Адамсыз ол жүрмейді. (көлік)
Өзі тым күшті
Аяғы тісті
Лезде тындырар
Қыруар істі. (трактор)
2. Шабысқа тәулік бойы төзе алады,
Бір тұлпар, жаңылмайтын жорғасы бар.
Жүк емес жануарға жүз адамның
Доғасын сымға сүйреп, жолға шығар.
(трамвай)
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
( бағдаршам)
3. Сөйлеуді ол білмейді
Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (бағдаршам)
Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен.
Ысқырығы күзеткен. (Жол сақшысы)
Ү кезең. Шығармашылық жұмыс ( өлең құрастыр)
-------------------- балалар
-------------------- тротуар
-------------------- ұмытпа
-------------------- сақта!
Бағдаршам. Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді өмір.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Барлығы: Жол тәртібін білейік,
Аман –есен жүрейік.
Бағдаршам сенімді
Сүйетін серігің
Сүйсең сүйген жеріңді
Сыйламайды сені кім?
Жанса көзі жасыл,
Жолың айдай ашық
Жүре бергің батыл
Керегі жоқ сасып.
Сары көзі жанса,
Сен мынаны аңғар
Тұрып қалмай онша
Қозғалуға қамдал
Қызыл көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта
Қатып қалғын жанғанша
Қыбыр етпе тоқта.
Оң жақ жасыл жанғанда
« Оңға бұрыл» дегені
Сол жақ жасыл жанғанда
«Солға бұрыл» дегені
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.