.
.
Тәуелсіздік көшбасшысы Тәуелсіздік көшбасшысы
Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 0 | Просмотров: 2423 | Размер: | Автор: гость(өзге ұлт өкілдері оқушылары арасында өтетін зияткерлік сайыс)
Сайыстың мақсаттары:
1. Білімділік: қатысушыларға қазақ халқының көшбасшысының қандай қасиеттерге ие болу керектігімен таныстыру, әр бір оқушыға патриоттық сезімін ояту.
2. Дамытушылық: оқушылардың өзара сайыста жылдам ойлау, тез шешім қабылдау, өз пікірін жеткізе білу бойынша дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Ел ертеңі жастарды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін сүюге, елбасыны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, презентация, таңбалар, оформление, қабырға газеттері
Жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік көшбасшысы» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Қазақстан Республикасының Гимні!
Жүргізуші: Қазағым менің ұлы елім,
Ғаламның ашқан түнегін.
Кең байтақ алтын өрісім,
Өзіңдей асқақ жүрегім!
ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата- бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты көтеру, халқымыздың аса бай рухани қазынасы – ана тілімізді ардақтау.
Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет – ғұрыптары, дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру әр азаматтың парызы.
Сондықтан ортамызға бүгінгі сайыскерлерімізді шақырамыз. Олар тілді сүйемін, білемін, үйренемін, ойға түйемін деген мақсатпен келіп отыр. Қатысушыларымызды таныстырмас бұрын әділқазы алқасымен танысайық.
Әділқазылар: - ДТЖО: Жумакулов О.К.
Шопанова А.И.
- «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының тәлімгері: Рысбаева Р.У.
- Тарих пәнінің мұғалімі, әдіскер: Көкеева А.К.
- «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасысы: 9 «Ә» сынып оқушысы Бақытжанов Ә.Б.
Қатысушылар:
1. 7-а ________________________
2. 7-ә ________________________
3. 7-б ________________________
4. 8-а ________________________
5. 8-ә ________________________
6. 8-б _______________________
7. 9-а ________________________
8. 9-ә ________________________
9. 9-б ________________________
Сайыс бес бөлімнен тұрады.
1. Жалпы сұрақтар.
2. Үй тапсырмасы «Тәуелсіздік көшбасшысы» тақырыбына қабырға газетін дайындау, қорғау.
3. Көкпар.
4. Ғажайып алаң
5. Көшбасшы
І кезең. Жалпы сұрақтар кезеңі қолдарыңыздағы таңбаларды көтеріп, сұрақтарға жауап береміз, әр дұрыс берілген жауапқа 1 ұпай.
Ал, «Тәуелсіздік көшбасшылары» сайысымызды бастауға дайынсыздарма?
-Иә! Кеттік ендеше)!
1. Елбасының анасының есімін атаңыздар
А) Ақжан; В) Әлжан; С) Әминә.
2. Тудың авторы кім?
А) Шәкен Ниязбеков В) Тоқтар Әубәкіров С) Нұрсұлтан Назарбаев
3. Грек тілінен аударғанда халық билігі деген мағына беретін сөз.
А) плутократия; В) автократия С) демократия
4. Елбасының руы қандай?
А) Жалайыр; В) Адай; С) Шапырашты
5. Жаңа астананың ресми тұсау кесері қашан болды?
А) 1997 ж. 10-тамыз В) 1998 ж. 10-тамыз С) 1998 ж. 20-тамыз
6. Қазақтың ұлы ақыны?
А) Абай В) Шоқан С)Ыбырай
7. Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі қашан тойланады?
А) 25 қараша; В) 28 қазан; С) 24 қыркүйек
8. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?
А) жалғау В) қосымша С)түбір
9. Елбасының толықтыруымен өңделген «Менің Қазақстаным» әнінің жаңа мәтіні қай жылы Әнұран ретінде қабылданды?
А) 2001 жылы; В) 2003 жылы; С) 2006 жылы
10. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім?
А) Юрий Гагарин В) Талғат Мұсабаев С) Тоқтар Әубәкіров
Жарайсыздар қатысушылар! Бірақ, әрине бұл сұрақтардың жауаптарын еліміздің кез келген азаматы мен азаматшасының білуі міндетті!
Кезекті әділқазылар алқасының есебіне беріп, 1 оқушымен қатарымызды азайтуға тура келеді!
1.
Жарайды, келесі кезең
ІІ кезең Үй тапсырмасы кезеңі
Сіздерге біз алдын ала «Тәуелсіздік көшбасшысы» тақырыбына қабырға газетін дайындау тапсырмасын бергенбіз, тапсырманы барлық қатысушыларымыз орындағанына өте қуаныштымыз, бұл сіздердің жауапкершіліктеріңіздің айғағы деп есептеймін.
Бұл кезеңіміздің ең басты айдары «Газеттер сыр шертеді» айдары, қатысушылар кезекпен өздерінің орындаған үй тапсырмаларын қорғап, мағынасын түсіндіреді.
Сонымен, бірінші болып бастайтын
1.------------------------------
2.----------------------------
3.------------------------------
4.----------------------------
5.----------------------------
6.-----------------------------
7.----------------------------
8.--------------------------------
Керемет, ал енді кезекті әділқазылар алқасына береміз достар!
Өткізілген кезеңнің ұпайларын есептеп қатысушылардың қатарын өкінішке орай 2 оқушыға қысқартуға тура келеді
Келесі кезеңге өтпейтін оқушылар: (ұпай)
1.
2.
ІІІ кезең. Көкпар
Бұл кезең 6 бөлімнен тұрады, әр қатысушы қай кезеңді таңдайды өз еркі, таңдалған әр бір кезеңнің ішінде 5 сұрақтан болады, әр сұрақ қоржындарыңызға 10 ұпайдан салады, ескерте кететін жәйт, 1 қатысушы таңдаған бөлімді келесі қатысушы таңдай алмайды.
1. Тәуелсіз Қазақстан
2. Тұңғыш елбасы
3. Еуразия жүрегі — Астана
4. Тарихи тұлғалар
5. Ата Заң
6. Әлемдік қауымдастық
Тәуелсіз Қазақстан
1. Еліміздің өз тәуелсіздігін қашан ресми түрде жариялады? 1991 жылы 16 желтоқсан күні
2. Елімізде Мемлекеттік рәміздер күні қашан тойланады? Төртінші маусым күні
3. Отанымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің символына айналған Алматы қаласындағы ескерткіш қалай аталады? Тәуелсіздік монументі
4. Еліміздің тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекет Түркия Республикасы
5. 1999 жылы 13 қаңтарда жарық көрген Елбасының еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы қиындықтары туралы жазған кітабы қалай аталады? Тарих толқынында
Тұңғыш елбасы
1. Тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш президенттік сайлау қашан өтті? 1991 жылы 1 желтоқсан
2. Елбасымыз Қазақ Үкімет билігіне неше жасында келді? 44 жасында
3. Елбасы 1960 жылы қай қалада өзінің еңбек жолын металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады? Теміртау
4. Елбасының ақындық шабытынан туып, әнге айналған, МузАРТ тобының орындауындағы сазгер А. Қоразбаевтың әніне жазылған өлеңін атаңыз «Үшқоңыр»
5. 1997 жылы баспасөзде жарияланған елбасының Қазақстанның алдағы уақыттағы дамуына арналған стратегиялық жоспары Қазақстан — 2030
Еуразия жүрегі — Астана
1. Ақмола қаласы елбасы жарлығымен қай уақыттан бастап Астана деп атала бастады? 1991 жылы 6 мамырда
2. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат. Бәйтерек
3. Дәстүрлі діни конфессия басшыларының жиналыстары өткен Астана қаласындағы пирамида түріндегі ғимарат қалай аталады? Бейбітшілік пен келісім сарайы
4. Астана қаласының қазіргі кездегі әкімі кім? Әділбек Жақсыбеков
5. Елбасының 2005 жылы жарық көрген Астана қаласының тарихына арналған кітабы қалай аталады? «Еуразия жүрегінде»
Тарихи тұлғалар
1. 2015 жылдың 2 қыркүйегінде 10 күнге ғарышқа ұшқан қазақ азаматы кім? Айдын Айымбетов
2. Тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет Байқоңырдан ғарышқа ұшқан қазақ батыры кім? Т. О. Әубәкіров
3. Тәуелсіз еліміздің тарихында бірінші болып мектеп ашқан ағартушы кім? Ыбырай Алтынсарин
4. Рейстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық Қаһарман? Рақымжан Қошқарбаев
5. Қазақ әліпбиінің реформаторы, Алаш қайраткері, ұлы жазушы, ақын кім? А. Байтұрсынов
Ата Заң
1. Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қашан қабылданды? 1993 жылы 28 қаңтарда
2. Қазіргі кезедегі қолданыстағы Конституция қашан қабылданды? 1995 жылы 30 тамызда
3. «Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан, бірыңғай және тең болып табылады.» атты тармақ ҚР конституциясының қай бөлімінде жазылған? ІІ бөлім. Адам және Азамат
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады? 9 бөлім, 98 бап
5. Конституцияның 9 бөлімі қалай аталады? ІX бөлім. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР (90-98 бап)
Әлемдік қауымдастық
1. Шанхай ынтамақтастық ұйымының құрамындағы мемлекеттер Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан
2. Елбасының беделінің арқасында еліміз 2010 жылы қандай белді ұйымға басшылық етті ЕҚЫҰ
3. Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне қай жылы төрағалық етті? 2011 жылы
4. Әлем халықтарының мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін қолдау және қорғау бойынша қызмет атқаратын Біріккен Ұлттар Ұйымының органы ЮНЕСКО
5. Біріккен Ұлттар Ұйымының штабы қай қалада орналасқан Нью-Йорк
Жарайсыздар, қатысушылар. Сұрақтарға бұлай тез, әрі нақты дұрыс жауап беру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сіздер сыныптарыңыздан «Тәуелсәз көшбасшы» сайысының қатысушысы етіп бекер таңдалмағандықтарыңыз көрініп тұр.
Енді осы кезеңді бізге әділқазылар алқасы қорытындылап берсе, біз әрі қарай сайысымызды жалғастыруға дайын сияқтымыз иә достар! Бірақ тағы бір өкініштісі біз бұл кезеңде 2 қатысушымызбен қоштасуға тиіспіз.
Олар: 1. -------------
2. ---------------
Рахмет сіздерге!
ІҮ кезең. ҒАЖАЙЫП АЛАҢ ( алдыңғы кезеңіміздегідей бұл кезеңдеде бір саланы таңдап сұрақтарға жауап бересіздер, бірақ бұл кезеңнің ерекшелігі сіз кез келген саланы таңдай аласыз, және де сіздер бұл кезеңде 20,30,40 ұпайларды қоржындарыңызға жинақтай аласыздар )
1. Қазақстан тарихы:
20 – Қазақстанда неше облыс бар? (14)
30 - Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды? (1996 жылы 24 қаңтарда)
40 – Қызылорда облысының әкімі кім? (Қ.Көшербаев)
2. Қазақ тілі:
20 - Заттың атауын білдіретін сөз табы (зат есім)
30 - Көптік жалғауларын ата (-лар, -лер, -дар,-дер, -тар, -тер)
40 - Қатаң дыбыстарды ата (қ,к,т,п,ф,ц,ш,щ,ч)
3. Мақал-мәтелдер
20 - ... оттан да ыстық (Отан)
30 - Өзін-өзі білген ер бақытты, ... (Өзін-өзі билеген ел бақытты).
40 - Где богата земля,
там и народ богат. (Жері байдың – елі бай)
4. Жұмбақтар
20 - Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында жанды бас. (тасбақа)
30 - Тақиям толған сөк,
Ерте тұрсам дым да жоқ.
(Жұлдыз)
40 - Судан алады,
Суға салса өледі. (Тұз)
Осы сайысымыздың қорытындысы бойынша біз
1.
2.
Қатысушыларымызды шығарып салуымызға тура келеді, рахмет!
Келесі соңғы кезең көшбасшы кезеңі, бұл кезеңде қалған 2 қатысушымыз өздерінің бақтарын сынайды, сіздерге 10 сұрақтан қойылады, және де бізде секундамер қосылады, яғни кім жылдам әрі білгіш! Қойылатын сұраққа кім қалай қанша уақытта жауап беріп үлгереді! Қатысушыларға ескерту егер сұрақтың жауабын білмеген жағдайда бірден «КЕЛЕСІ» деп жауап қайтаруларыңыз сұралады, себебі бұл кезеңде тек жауаптың дұрыстығы ғана емес, жылдамдығыда сынға алынады! Ал қатысушылар сіздерге сәттілік тілей отырып біз кезеңімізді бастаймыз!
V кезең Көшбасшы
Жалпы сұрақтар (А нұсқасы)
1. Елбасы басқаратын саяси партия НұрОтан
2. Латын тілінен аударғанда «алдында отыратын» деген мағына беретін саяси лауазым президент
3. ҚР Президентінің резиденциясы қалай аталады? Ақорда
4. Парламенттің жоғарғы палатасы Сенат
5. «Жеті Жарғы» заңдары қай ханның тұсында қабылданды? Тәуке хан
6. Хан, патша, император, король басқаратын мемлекеттік құрылымның түрі монархия
7. Наурыз мерекесін қазақтар басқаша қалай атаған? Ұлыстың ұлы күні
8. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақтың мерген қызы Ә. Молдағұлова
9. Ең жоғарғы ғылыми атақ академик
10. Еліміздегі ғарыш айлағы қалай аталады? Байқоңыр
(В нұсқасы)
1. Астана қаласының мейрамы қай күн? 6 шілде
2. Қазақстан халықтары Бас Ассамблеясының басшысы кім? Н. Ә. Назарбаев
3. Астана қаласындағы Гиннестер рекорды кітабына енген океанариум Думан
4. Парламенттің төменгі палатасы Мәжіліс
5. Абылай ханның шын есімі Әбілмансұр
6. Президент немесе парламент басқаратын мемлекеттік құрылымның түрі республика
7. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда қандай мағына береді? Жаңа күн
8. Ұлы Отан соғысы жылдарында Невель қаласын қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақтың пулеметші қызы М. Мәметова
9. Гиппократ антын кімдер қабылдайды? Дәрігерлер
10. Еліміздегі суының жартысы тұщы, жартысы ащы көл Балқаш
Жүргізуші: Сайыскерлер ойынын,
Тамамдадық біз бүгін,
Әділқазы береді,
Дұрыс, әділ шешімін.
Әділқазылар өз шешімін шығарғанға дейін, бойымызды бір сергітіп «Жас Ұлан»-дықтардың орындауындағы «Жас Ұлан»дар әніне кезек береміз!
Жүргізуші: Әділқазылардың шешімін тыңдайық!
Сөз кезегі директордың ТЖ Орынбасарлары Жумакулов Оркен Камбаровичке және де Шопанова Айболған Ізбасқановнаға беріледі
А.М. Горький атындағы мектеп –лицей
Тәуелсіздік көшбасшысы
(өзге ұлт өкілдері оқушылары арасында өтетін зияткерлік сайыс)
Ұйымдастырушы: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар
мен жасөспірімдер ұйымының
жетекшісі: Рысбаева Р.У.
Ұланбасы: Бақытжанов Ә.Б.
2015-2016 жж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.