.
.
«Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі» КММ Табиғатым – тағдырым
Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 0 | Просмотров: 2276 | Размер: | Автор: гостьЭкологиялық сайыс
«Табиғатым - тағдырым»
(9,10 сыныптар)
Өткізген: биология пәні мұғалімі
Құдайбергенова Мадина Айтқазықызы
2015 ж, Еңбек ауылы
Тақырыбы: Табиғатым – тағдырым
Мақсаты: 1) Оқушылардың туған жер экологиясы туралы білімдерін кеңейтіп толықтыру.
2) Экологиялық ой-өрістерін, логикалық ойлау, өз беттерімен жұмыс істеу, іздену, қорытындылай білу қабілеттерін дамыту.
3)Ұйымшылдыққа, табиғатты қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: гүлдер, шарлар, қанатты сөздер, мақтау қағаздары
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Шараның барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің алғы сөзі:
Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында «Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі»-делінген.
Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Табиғаттың пайда болуы – адамның пайда болуына әкелді. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың тамаша бір қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін тазартып алады. Ол адам баласының іс әрекеттерінің қалдығынан өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады. Таза табиғат үшін күрес – өмір үшін күрес, келешек үшін күрес. Туып-өскен ортаның табиғатын қорғау үшін әрбір адам өз жерінің табиғатын, оның ерекшеліктерін білу қажет, неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, сауатты түрде өз көмегін бере білу қажет деп ойлаймын.
ІІ. Жаңа сабақ барысында оқушыларды екі топқа бөлу.
1 топ – «Ғаламшар», 2 топ – «Табиғат».
1 кезең «Бой сергіту»
1 топ «Ғаламшар» тобына берілген сұрақтар
1. Экология сөзінің мағынасы (баспана, тұрғын үй, қоршаған орта)
2. Экологиялық факторларды ата (биотика, абиотика, антропоген)
3. Биосфера терминін ғылымға енгізген кім? (Ламарк)
4. Тіршілік таралған ғаламшар (жер)
5. Биология қандай ғылым (тіршілікті зерттейтін ғылым)
6. Экология терминін ғылымға енгізген кім? (Геккель)
7. Экологиялық апатты аймақтарды ата (Арал, Семей)
8. Ауаның құрамы (оттегі, азот, көмірқышқыл)
9. Судан шықса өлетін жәндік (балық)
10. Мәңгі жасыл өсімдік (шырша)
2 топ «Табиғат» тобына берілген сұрақтар
1. Ауа-райын сипаттайтын карта (синоптика)
2. Атмосфералық қысымды өлшейтін аспап (барометр)
3. Ең кішкене құс (колибри)
4. Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қай жылы қол қойылды (1991 жылы 29 тамыз)
5. Аң аулауға пайдаланатын құс (бүркіт)
6. Жасушаның құрамындағы ең көп зат (су)
7. Ең үлкен сүрқоректі жануар (көк кит)
8. Арқасында тауы бар жануар (түйе)
9. Қазақстанда қорық бар (9)
10. Ең ұзақ жасайтын жыртқыш құс (тазқара)
2 кезең «Атам айтқан даналық сөздер»
Табиғатты қорғауға байланысты мақал-мәтелдер, тыйым сөздер сайысы. Екі топ бір-бірімен алма кезек айтысады.
3 кезең «Туған жерге байланысты ән жыр». Оқушылар орындары ауысып тұрған өлең жолдарын құрап оқиды. /1 мин/
1 топ «Ғаламшар» тобына
Күтер алдан бар үмітін туған жер,
Алған қастерлеп қасиетіңді көтере.
Ұмытамын туған жерді мен қалай,
Сенде қалған қаны тамып кіндігім. Туған жер бар үмітін күтер алдан,
Қасиетіңді қастерлеп көтере алған.
Мен қалай туған жерді ұмытамын,
Қаны тамып, кіндігім сенде қалған.
2 топ «Табиғат» тобына
Бастауысың жер өнегенің туған жер,
Басында керегенің уығымын мен.
Анамның ұмытамын мен қалайша,
Бөлегенің бесігінде әлдилеп. Туған жер бастауысың өнегенің,
Мен уығымын басында керегенің.
Қалайша ұмытамын мен анамның,
Бесігінде әлдилеп бөлегенің.
4 кезең «Егер де мен ...» Топ басшыларына тапсырма - ойтолғау жазу. «Егерде мен табиғатты қорғау министірі болсам...» тақырыбына. /5 мин/
ІІІ. Бекіту. Жеңген топты мадақтамамен марапаттау.
IV. Қорытынды
Қоршаған орта мен табиғатты тиімді пайдалана отырып, соны сақтау үшін келеңсіз әрекеттер жасамау – осы кездегі ең басты бағыт. Жалпы айтқанда, біздің бүгінгі күн мен болашағымыз, байлығымыз бен сәулетіміз – туған өлке табиғаты. Табиғаттың тарту еткен тамаша ғажайыбы орман-тоғай, өзен-көл, оны мекендейтін аң құстар, балықтар бәрі де халық қазынасы. Яғни, табиғатты сақтауға өз үлесімізді қосайық. Табиғатты қорғау баршамыздың міндетіміз!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.