.
.
Хамзин Нұржан Әлімжанұлы Жаңа жыл кешінде
Сабақ жоспары | Документы | Сыныптан тыс жұмыс Загрузок: 172 | Просмотров: 1334 | Размер: 8.2 Kb | Автор: araiҚостанай облысы Жангелдин ауданы Аралбай ауылы
Жангелдин орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жаңа жыл кешінде
Ұлжан: Ерте, ерте, ертеде , ешкі жүні бөртеде, елі төрт түлікке бай, өңірі кенге толы, суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты жанға дауа Қазақстан деген ұлан-байтақ шаһар болған екен. Сол шаһардың ішін кезіп жүріп жастары білімге құштар, үлкендері ұлағатты, халқының ынтымағы жарасқан, жақсы жетістіктерімен танымал болған бір ауылға кезіктім.
Гүлдана: Ол өздеріңіз куә болып отырған – Аралбай елді мекені. Ал біз біз осы елді мекендегі аудан бойынша өзіндік ерекшелігі бар, тіпті аудан емес, облысқа да танымал «Білімнен асқан жақұт жоқ, Ұстаздықтан асқан бақыт жоқ» дегендей бар ғұмырын бала тәрбиесіне сарп еткен, білім нәрін сепкен ұлағатты әз жүрек асыл жандары бар Білім ордасына келіп қалған екенбіз.
Ұлжан: Олай болса, қасиетті Аралбайдың барша халқы мен қонақтарын, ұстаздары мен білімпаз оқушыларын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Гүлдана: Жаңа жыл туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл шуылдаған жаңа ормандар.
Ол мынау мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем, Жаңа жылда жаңарғандар!
Ұлжан: Ал енді біз бүгін мына керемет Жаңа жыл тойын осы қасиетті елді-мекенде тойлағалы отырмыз ғой. Ендеше осы шаһардың патшасын ортаға салтанатпен шақырып, жүздессек қайтеді.
Гүлдана: Әрине өте орынды. Мерекемен құттықтау үшін ауыл әкімі Молдабеков Қойшыбек Нүридденұлын құрметпен ортаға шақырамыз.
Ұлжан: Келесі кезекті мерекемен құттықтау үшін және шырша шамын жағу үшін осы білім ордасының басшысы Аубакиров Берік Өтепбергенұлына береміз.
Гүлдана: Балалар бәріміз қосылып Берік ағайдан шырша шамын жағуын сұрайық.
Бәрі: Шырша шамы жағылсын!3
Ән: «Қош келдің жаңа жыл!»
Жыл жетістіктеріне шолу(Өткен оқу жылы барысында мектепте атқарылған игі істер мен жетістіктер топтамасы айтылады)
Ұлжан
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.