Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
"03 жедел жәрдем" -

"03 жедел жәрдем"

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 572 | Просмотров: 2762 | Размер: 35.0 Kb | Автор:
. Тақырыбы: “03” – жедел - жәрдем
Мақсаты:
1. Балалардың қауіпты жағдайда өз-өзіне және басқаларға көмек көрсете алуына үйрету
2. Білімдерін іс жүзінде жаттықтыру.
3. Балаларды адамдарды сыйлай білуге, қадірлеуге және оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Таңғыш түрлерінің суреттері.
2. Бинттер
3. Нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Балалар бүгін біз сіздерге “03” жедел жәрдем деген тақырыбқа байланысты тәрбие сағатымызды өткіземіз. Адамға бірінші жәрдем қалай көрсету екенін үйретеміз. Бірақ, біріншіден сендерге салқын тию, үсік шалу және тұрмыстық күйіктер туралы қысқаша лекция оқимыз.
Салқын тию
Белгілері: Қозғалыс ырғағының бұзылуы, селқостық, әлсіреу, ұйқы басу, тыныс алу мен жүрек қысымы жиілігінің бәсендеуі, естен айырылуы.
Іс әрекетің: Тыныс алуы мен жүрек уақытша тоқтауы кезінде жүрек қызметінің тоқтауы (жүрек, өкпе реанимациясы) бөлімін қараңыз.
 Зардап шегушіні белгілі бір өте жылы емес жерге орналастыру
 Ылғал киімін құрңақ киімге ауыстырып жылы көрпеге ора
 Жылы тәтті шай бер, бірақ қандай жағдайда болмасын алкоголь ішімдігін беруге болмайды.
Есіңде болсын! Зардап шегушіні ыстық ваннаға жатқызуға, ыстық су мен жылытқыш қоюға немесе электр жылытқышы бар көрпеге орауға болмайды, өйткені денені жылдам жылыту кезінде жүрек тоқтап қалуы мүмкін.

Егер бұл жағдайдың бәрі қыста болса, сөзсіз үсік шалғандар да болар еді.
Үсік шалу.
Белгілері: Зардап шегушінің үсік шалған терісінің бөлігі сипағанда қатайғаны сезімді. Ауыр жағдайда бозамық сары қан тәріздес сұйық толған күлдіреуіктер жабады, тері сезгіштігін жоғалтады.
Іс әрекетің:
 Зардап шегушіні құрғақ жылы бөлмеге орналастыр.
 Суық ылғал тар киім мен аяқ киімін шешіңіз, жайалықпен немесе көрпемен ора, болмаса өзіңнің денеңмен жылыт. Егер зардап шегуші есінде болса, ыстық сусын бер. Денелерінің белгілі бір мүшелерін үсік шалған кезде (мұрын, құлақ немесе бет) зардап шегуші өз қолымен жылына алады, қолдың саусақтарын қолтықтың астымен жылыта алады, жылы ванна қолдануға болады, бірақ су температурасы 40 градустан аспауы керек
 Қатты үсік шалған кезде үсінген жерге құрғақ тазартылған таңғыш, қажетті жағдайда иммобилизация жүргіз.
Есіңде болсын! Жылыту үшін ашық отты пайдалануға және дененің зақымдалған жерін ысқылауға болмайды.
Тұрмыстық күйіктер.
Белгілері:
І дәрежедегі күйік: дене қатты қызарып, домбығады, дуылдап аурады.
ІІ дәрежедегі күйік: қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады (сары сұйық жинақталады), ауруды сезіну үдейеді.
ІІІ дәрежедегі күйік: терінің түсі сары-қоңыр (тері жансызданады, некроз) ауруды сезіну үдейеді, естен тану белгілері байқалады.
ІV дәрежедегі күйік: терінің, бұлшық еттің және сүйектің қарайып күюі, ауруды сезіну белгілері үдейеді, әлдеқашан болған естен тану беглілері байқалады.

Іс әрекетің:
 Кешіктірмей күйік себебін жойыңыз (мысалы, жалынды сөндіру). Денесін тұтанған немесе ыстық май, су, химиялық зат сіңген киімді ол теріге жабысқан жерлерінен өзге жерлерін шеш.
 Күйген жерді суық судың астында он – он бес минут (ағынды су) ұстаңыз. Егер дененің зақымдалған алаңы үлкен болса, оларды суық сумен ылғалданған таза жайма мен күйген жердің үстін жабыңыз. Салқындатқаннан кейін құрғақ таңғыш дәкі немесе жайалық қолданыңыз. Егер зардап шегуші есін жоғалтпаған болса, оған суық су бер.
 Күйген жерге қандайда бір май немесе крем жағуға теріде пайда болуы мүмкін. Көпіршіктерді ашуға (жұқпалылардың ену қауіпі) болмайды.
 Күйген алаң үлкен емес болса (қызарған тері көлкілдек бүршік) жергілікті жердің травпунктіне қарал.
Дененің күйген алаңы үлкен болған жағдайда “03” жедел жәрдемін шақырыңыз.
Мұғалім: Енді балалар сендерді зақымдалған жерлерге мысалы басқа қалай таңғыш қоюды көрсетеміз. Содан кейін сендердің шапшандылықтарынды, ұйымшылдықтарынды тексереміз. Әр топтан екі кісі шығады.
І конкурс: Таңғыш қою.
ІІ конкурс: Сұрақ – жауап
Қорытынды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.