Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
\1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. -

\1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3308 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Күні: 19.12.12ж
Өтілетін орны: 23 каб.
Сыныбы: 11 «А»

Сабақтың тақырыбы: 1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір.

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның 1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірімен таныстыру.
Міндеттері:
1. Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипат алуын, ұлт зиялыларының саяси қудалануы, Сталиндік лагерлер туралы баяндау.
2. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту.
3. Ойларын еркін айтуға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: топтастыру стратегиясы, рөлдік ойын, ішіне, сыртына, ВЕНН диаграмма, сұрақ-жауап, бағытталған оқыту.
Пәнаралық байланысы: дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті
Сабақта қолданылатын әдістер:
• Іздендіру әдісі.
• Зерттеу әдісі.
• Проблемалық түсіндіру әдісі.
• Сыни ойлау әдісі.
• Қорыту
Күтілетін нәтиже:
- оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады.
- алған білімін жүйелей алады.
- оқушының ізденіс нәтижесі анықталады.
- өз ойын, пікірін ашық айта алады;
Сабақққа қажетті материалдар:
1. М.Қозыбаев, К. Нұрпейіс, Қ, Жүкешев. Алматы «Мектеп» баспасы. Қазақстан тарихы» оқулығына әдістемелік нұсқау.
2. Ж. Артықбаев, Ә. Пірманов Қазақстан тарихы /Энциклопедия/, Атамұра 2008ж
3. «Жан дауысы» Армиял Тасымбеков
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, Activote,Флипчарт, слайд, ватман , маркер
Көрнекіліктер: «Цифрлар сөйлейді» ойыны, термин сөздер, рөлдік бағыт-бағдар, қима қағаз, тірек - сызба.
Сын тұрғысынан ойлауға қолайлы орта туғызу:
1. Оқушыларға ұнайтындай мүмкіндік туғызу.
2. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
3. Ойлануға уақыт беру.
4. Жәрдем беру.
5. Сын тұрғысынан ойлауды бағалаңыз.
Сабақты жүргізудің формалары:
1) жеке 3) топтық
2) жұптық 4) ұжымдық

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1) оқушыларды түгелдеу.
2) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Activote құрылғысы арқылы тест алу.
1. Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынған?
А) Қ.И.Сәтбаев В) А.А.Андреев С) Н.Нұрмахов Д) С.Өтебаев Е) С.Сәдуақасов*
2. Қазақстанда идустрияландыру неден басталды?
А) Табиғи бйлықтарды зерттеуден* В) Жұмысшы табын сан жағынан көбейтуден
С) Жергілікті халықты отырықшылыққа үйретудан
Д) Темір жолдан салудан Е) Жер асты құбыр жолдарын жүргіуден
3. Оңтүстік Оралдың өнеркәсіп орындарын шикізатпен жабықтаушы аймақ?
А) Оңтүстік Қазақстан В) Солтүстік Қазақстан С) Орталық Қазақстан*
Д) Шығыс Қазақстан Е) Батыс Қазақстан
4. Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға қашан берілді?
А) 1929 ж. қыркүйек В) 1931 ж. қаңтарда* С) 1933ж тамызда
Д) 1930ж наурызда Е) 1932ж шілдеде
5. Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» төкерісінің бағыты
А) Өлкені шикізат базасы ету* В) Республикада ірі өнеркәсіп орындарын ашу
С) Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату Д) Мәдениет орталықтарын ашу
Е) Қазақ зиялыларын қалыптастыру
6. Түрксіб темір жолын салуда Социалистік Еңбек Ері атағын алған кім?
А) Н. Тимофеев В) Т.Қазыбеков* С) Ә.Мұрынбаев Д) С.Өтебаев Е) Д.Омаров
7. Қазақстан көмір өндірісінде Стахановтың ізбасары
А) Б. Нұрмағамбетов В) Т.Күзембаев* С) М. Сағымбеков Д) Д.Шатилов Е) Т.Қазыбеков
8. Түрксіб темір жолының учаскелері Айнабұлақ станциясында түйісті
А)1928ж. 1 мамырда В) 1929ж. 12 қаңтарда С) 1930ж. 28 сәуірде*
Д) 1931ж. 22 қазанда Е) 1932 ж. 7 ақпанда
9. Қазақстан индустриясының еңбек ерлері
А) Ә.Мұрынбаев В) А.Сафин С) М.Сағымбеков Д) З.Табылдинов Е) Барлығы*
10. Индустрияландыру қарсаңында жұмысшы табы халықтың қанша пайызын құрады?
А) 90% В) 50% С) 30% Д) 25% Е) 10%*
11. Түрсіб темір жол магистралының құрылысы қашан басталды?
А) 1925 ж В) 1926ж С) 1927ж* Д) 1928ж Е) 1929ж
12. Түрксібтің учаскелерінің бірі Жетісу темір жолы қанша айда салынып бітті?
А) 12 ай В) 10 ай С) 9 ай Д) 7 ай * Е) 1 ай
13. Индустрияландыру жылдары қазақ жұмысшылары тәжірибе жинақтауда қай жерлерде болды?
А) Мәскеу құрылыс комбинаты В) Донбасс шахтасы С) Красноуральск комбинаты*
Д) Харьков трактор зауыты Е) Ленинград темір жолы
14. Өлкедегі индустрияландыруды жүзеге асыруда пайда болған қиыншылықтар
А) Экономикалық және техникалық жағынан артта қалу*
В) Зиялы топ өкілдерінің қарсылығы С) Басшылықтың ынтасыздығы
Д) Шаруалардың көтеріліске шығуы Е) Шикізаттың игерілмеуі
15. Қазақтан шыққан тұңғыш инженер
А) А.Ермеков В) В.Шатов С) Н.Нұрмақов Д) Т.Рысқұлов Е) М.Тынышбаев*

Бағалау критерийі.
15 – 12 - «5»
11 – 9 - «4»
8 – 6 - «3»
5 – 1 - «2»

III. Үй тапсырмасын бекіту
1925 жылы желтоқсанда БК(б)-ның XIV сьезінде қабылданған елді индустрияландыру бағытын жүзеге асыруда Қазақстан бірқатар елеулі қиыншылықтарға кездесті. Индустрияландыру – ірі техникасы дамыған өнеркәсіпті, ең алдымен өндіріс құрал-жабдықтарын өндіретін салаларды құру.
Кеңес өкіметі елді индустрияландыруды шаруаларды аяусыз қанау есебінен жүргізуге ұйғарды. Сонымен қатар, Қазақстанды КСРО-ның дамыған өнеркәсіптік аудандарын шикізатпен қамтамасыз ету базасы ретінде пайдаланды. Өнеркәсіптің бір жақты дамуы XIX ғасырдың екінші жартысында туындап, Кеңес өкіметі кезінде кеңінен өріс алды.

IV. Ой қозғау:
Қасіретті жылдарды ата?
/Топтастыру стратегиясын пайдалану/

1920-1922 жж. 1937-1938жж. 1932-1933жж.



1916 ж. 1941-1945 жж.
1986 ж.

V. Жаңа сабақты баяндау.
Жоспар:
1. 20-30 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің сипаты. Тоталитарлық жүйенің орнауы.
2. Ауылдық жерде мәдени-ағарту жұмыстарының өрістеуі.
3. 20-30 жылдардағы қазақ зиялыларын жаппай жазалау.
Мағынаны ажырату:
Осы жоспар бойынша бүкіл мәтінді екі топқа оқып шығуды тапсыру.

«Рөльдік ойыны» бойынша қатысатын оқушылардың рөлдерін таныстыру.
1. Реттеуші – экспедитор /топ мүшесін реттейді/
2. Баяндаушы – тарихшы /мәтіннің мазмұнын баяндайды/
3. Сұрақ қоюшы – журналист- тілші /сұрақ қояды/
4. Ізденуші – /тақырып туралы ақпарат жинайды/
5. Суретші – сол кездегі өмірді қағаз бетіне түсіріп бейнелейді.
6. Сөз тапқыш – термин сөздігін таныстырады. /мәтіннен жаңа сөз, көркемдегіш сөздерді табады/.
7. Жазушы – шығарма жазады /эссе, ойтолғаны/
Екі топта да топ мүшелері өз рөлдері бойынша тақырыпты түсіндіріп, кезекпен кезек айтып өтеді.

Қолданылған термин сөздер: /дәптермен жұмыс/

Концентрация – шоғырлану, топтастыру.
Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары
АЛЖИР –Ақмола қаласындағы әйелдерге арналған лагерь \Отанына опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь. Ресми түрде лагерлер бас басқармасының 26-шы нүктесі делінді. 26 нүктеде 22 мыңдай тұтқын әйелдер азап шеккен. Акмолинский лагерь жен изменников Родины
Карлаг – Қарағанды қаласындағы лагерь /Қарағанды еңбекпен түзеу лагері/
Степлаг – далалы аймақтағы лагерь
ГУЛАГ– лагерьлер Бас басқармасы

Жаңа сабақты қорытындылау: /Күй орындалады/
«Ой толғаныс» жазады. Екі топтан екі окушы автор орындығында оқиды.
«Ішіне, сыртына» әдісін пайдалану:
Екі топқа екі түрлі тапсырма беру.

1-ші тапсырма: Алжирде тұтқындалған кімдердің жарлары еді?
М.Дулатов, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Ә.Бөкейханов, С.Есқараев, Қ, Сатбаев, Н.Нұрмахов, А.Құнанбаев, С.Асфендияров, М, Тәтімов, Т.Жүргенов, С, Мұханов,
Б. Майлин, Ж. Шанин және тағы басқа

«Ішіне -сыртына» кестесін толтыру.

І Ш І Н Е С Ы Р Т Ы Н А
С. Сейфуллин, Сүлеймен Есқараев, Н.Нұрмақов, С.Асфендияров, М.Тәтімов, Т.Жүргенов, Б.Майлин, Ж.Шанин М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Қ.Сатбаев, А.Құнанбаев, С. Мұқанов,


2-ші тапсырма:
Жергілікті зиялылардың «халық жауы» қатарына жатқызылып, жазаланған уақытын бағытпен көрсетіңіз?

1928ж. Ж. Аймауытов
1937ж. 8 қазан М.Тынышбаев
1930ж. 4 сәуірде М.Дулатов
1935ж. 5 қазан А.Байтұрсынов
1938ж. С.Сейфуллин

VІ. Қорытынды:
Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өздерінің ең асыл азаматтарынан айырылып қалды. Сталин кезіндегі жазалау шаралары Гитлердің жазалауынан асып түсті. Еуропада мыңдаған, миллиондаған тұтқындарды Ұлы Отан соғысы кезінде Гитлерлік жазалаушылар өртеп жіберсе, ал Сталин жендеттері Кеңестік миллиондаған тұтқындарды жер ананың түпкір-түпкіріне жасырып көмді.
Сонау Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір замандарын еске алсақ та дәл осындай тарих қайталанбаған шығар.
Ана күйеуінен, бала анасынан айырылды. Сәбилердің шат-шадыман күлкісі естіліп жататын базарлы үй мазарға айналды. Бұған Ақмола қаласының маңындағы лагерьлердің 26-шы нүктесі куә бола алады. Ал абзал аналар күйеулерінен бір қылмысты іске қатысты делініп, шетінен түрмеге қамалды. Отбасы, ошақ қасынан айырылды. Үйлерінен «Халық жауының әйелдері» деп қуып шығарды.
1997 жылы саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталып өтті, ал 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген.
Қазақ халқы өзіне тән бауырмалдықпен сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болғандарға көмек көрсетті. Олармен қолда барын бөлісті, отбасынан орын берді, олардың жаңа ортаға бейімделіп кетуіне жәрдемдесті. Қазақ халқы ерекше қонақжайлық және интернацоналдық таныта білді. Жер ауып келгендердің көпшілігі қазақ жерінде тұрақты өмір сүруге қалып қойды.
Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев мамырдың 31-күні Астанадан 40 шақырым жердегі бұрынғы Малиновка мекені қазір таңда саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм тарихы мұражай кешенін ашты. 3 гектарға жуық жерде мұражай, ескерткіш және саяси репрессия құрбандарының тізімі жазылған тас бар.

VІІ. Үйге тапсырма:
1. §18 оқу:
2. Венн диаграмма толтыру:
Тоталитарлық жүйедегі Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
3.Тәрбиелік мазмұнын ашу.
Адам ғұмырының мәні өмірінің ұзақтығымен емес. Соңында қалдырған өнегелі үлгісімен, өрнекті ізімен, кемелді ісімен өлшенеді.
Мұрат Иман Жапар

VI. Бағалау кезеңі: /Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды/

Бағалау кестесі.

Оқушының аты-жөні Activote құрылғысы арқылы тест бойынша Талқылауға қатысуы Ішіне,
сыртына әдісі бойынша Тақырыпқа байланысты ой қозғауы немесе мазмұндауы Жалпы әрекетін бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.