Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ақ ару, ер сұлтан». -

«Ақ ару, ер сұлтан».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1720 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тәрбие сағаты

«Ақ ару, ер сұлтан»

Ахметжанова С.С.

«Ақ ару, ер сұлтан» сайысы.
Мақсаты: оқушыларды қазақ халқының өткендегі өмірі мен тарихынан хабардар ету, салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпымен таныстыру.Олардың жүректерінде туған елге деген сүйіспеншілік және құрмет сезімін ояту. Өмір танымын кеңейтіп, имандылық, ізгілік ұрығын себу. Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
М. Омаровтың «Қыз сыны» әні орындалады.
Сайыстың өту барысы:
1 – жүргізуші (қыз):
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
«Ақ ару, ер сұлтан»
Сайысын біз бастайық.
2- жүргізуші (жігіт):
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне, ортаға толқып – тасып,
Арулардың сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
1 – жүргізуші (қыз):
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғайық
Ел намысын қорғайық.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.

Сайыскерлер – 5 қыз бен – жігіт қол ұстасып ортаға шығады. Вальс билейді. Екі топқа бөлініп қыздар мен ұлдар қарама – қарсы орын – орындарына отырады.
2- жүргізуші (жігіт):
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Арулар мен Сұлтандар ортада,
Көзайымын алайық.
Күйші қайсы, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық.
Құрметті көрермендер, бүгінгі төрешілерімізбен таныс болыңыздар! ...
1 – жүргізуші (қыз):
Уа, арулар, арулар,
Ешкімін жоқ аналар.
«Ақ Ару » атты лайықты
Қайсысың қане, жеңе алар!
2- жүргізуші (жігіт):
Уа, жігіттер, жігіттер,
Бар өнерді салыңдар.
«Ер сұлтан» атты лайықтап,
Біреуің жеңіп алыңдар.

1 – жүргізуші (қыз):
Уа, халайық, халайық,
Бастамас бұрын сайысты
Атадан бата алайық.
Ешқашан артық болмайды,
Үлкендерден батаалған.
Бата айтылады:
А, құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Бастарыңа бақ сыйлап
Қыдыр бабаң қолдасын.
Бүгінгі мына сынақта
Тұғырдан таймас қыран бол,
Айбатты асқан ұлан бол!
Ел – жұртыңа ұран бол!
Цицерондай шешен бол!
Ескендірдей бекембол!
Атымтайдай жомарт бол!
Халқын сүйген Сұлтан бол!
Еліңе ұнар Ару бол!
А, Құдай жарылқа! Әумин!
1 – жүргізуші (қыз):
- Сайымыздың шарты бойынша Арулар мен Сұлтандар мына қоржыннан өз нөмірін алып шығуы керек. Алынған нөмірі бойынша олар өзөнерін көрсетеді.
- Ал, Арулар мен Сұлтандар, сайысқа түсуге дайынсыңдар ма?
- Дайынбыз!
2- жүргізуші (жігіт):
- Олай болса, бірінші тапсырма: қауыммен өздеріңді таныстырыңдар.
1 – жүргізуші (қыз):
- Ал, енді төрешілеріміз осы сайысты қанша ұпаймен бағалағанын көрейік.
2- жүргізуші (жігіт):
- Құрметті көрермендер мен әділқазылар! Қазақта «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген мақал бар. Енді Сұлтандар мен Арулардың өнерлерін тамашаласақ дейміз.
1 – жүргізуші (қыз):
- Келесі тапсырма – жұмбақ сайысы. Қыздар мен жігіттер бір – біріне жұмбақ жасырады.
2- жүргізуші (жігіт):
- Құрметті сайыскерлер! Біз таныстық, өнер көрсеттік, жұмбақ жасырдық.«Ердің асылы күшінен білінеді» дегендей, келесі төртінші тапсырма – күш сынасу. Жігіттер қол күркстіреді және жерден тартылу өнерін көрсетеді. Қазақтың ұлан – асыр жерін ата – бабаларымыз «білектің күші, найзаның ұшымен» талай жаудан қорғап қалған. Ал, енді бүгінгі жастардың ел қорғауға қаншалықты әзір екенін көріп, тамашалайық.
1 – жүргізуші (қыз):
- «Еңбңк ширатады, өмір үйретеді»,- дейді қазақ. «Арулар» аспаздық өнерлерін көрсетіп, еңбңксүйгіш екендіктерін дәлелдейді.
2- жүргізуші (жігіт):
- Күнделікті тұрмыста, түрлі салтанатты кештерде қонымды да тартымды әрі орынды киіне білу – үлкен өнер. «Ұстамын деп жеңін түріп, үлгісіз тон пішпеңіз» дегендей, арулар киім киюдегі талғампаздығын көрсетеді. Киім үлгілерінің айырықшылығы неде екенін, оларды неліктен таңдап алғанын сөзбен сипаттап береді.
1 – жүргізуші (қыз):
- Ана тілім – қазақ тілім, туған ел,
Қасиетті тіліміздің мәнін біл.
Ана тілді құрметтеңдер,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.
Келесі кезең. Көптілділер сайысы. Мақал – мәтелді қазақша, орысша, ағылшынша толықтыру:
1. У масера руки золотые, а у поэта ... золотое (сөз, слово, врод)
2. Делу время, потехе... (сағат, час, хауер)
3. Готовь сани..., а зимой телегу (жазда, летом, ин саме)
4. Волка ... кормят (аяқ, ноги, лэгэ)
5. Один в поле не ... (жауынгер, воин, уорпа)
6. Без труда не вынешь и ... из пруда. (балық, рыбка, фиш)
7. Сколько волка не корми все в ... смотрит (орман, лес, форест)
8. Старый ... лучше новых двух (дос, друг, френд)
9. Слово не ... вылетит - не поймаешь (торғай, воробей, спэрэу)
10. Сила есть, ... не надо (ақыл, ум, майнд)
2- жүргізуші (жігіт):
- «Құрақ сөз» сайысы. Қатысушылар берілген сөздегі әріптермен неғұрлым сөз құрастырулары және аударулары керек.
Арулар – Қазақстан, Сұлтандар – Саңырауқұлақ.
1 – жүргізуші (қыз):
Осымен бүгінгі байқауымыз да өз мәресіне жетіп қалды. Енді кезекті ұстазымызға берек.
Мұғалім:
- Бойларыңда от бар деп екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Достарым, түсініңдер сөздің парқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқым.
2- жүргізуші (жігіт):
- Әділқазылар алқасы кеңесіп, байқау нәтижесін шығарғанша, кезекті мың бұралған бишілерге берейік. Бишілер тобының орындауында «Қазақ биі»
1 – жүргізуші (қыз):
- Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаздар аталады. Оларға сыйлық беріледі. (1 Ару мен 1 Сұлтанды таңдайды)
2- жүргізуші (жігіт):
- Көгере бер, көркейе бер, өсе бер,
Өмір жолы еңбекпен шешілер,
Шыңға шығар шынар болып шынайы
Кездеспесін ешқашанда кесірлер.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рақмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.