.
.
Сабақтың тақырыбы: Аңызға айналған қаһарман. Аңызға айналған қаһарман.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2661 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: Қазақ халқының қаһарман ұлы, жазушы Бауыржан Момышұлының өмір жолынан мәлімет беру, ерліктерін артында қалдырған өсиет сөздерін үлгі ету,оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, видеопроектор, кітаптар, журналдар, музыкалық
аппарат .
Сабақтың түрі: таным сабағы
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, тірек сызба,
Жоспары:
І. Батыр болмыс- биік тұлға.
ІІ. Батыр бейнесі.
ІІІ. Батырдан қалған асыл сөз.
ІV. Сан қырлы өнер иесі
V. Естелікке толы ғұмыр.
VI. Қорытынды.
1. Ұйымдастыру.
Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар мен оқушылар. Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен заманда жауға қарсы шығып, елін жерін қорғаған айбарлы да айбынды, ержүрек, қаһарман батырларымыз қаншама десеңізші. Осындай батыр болмысты, қайсар рухты, биік тұлғалардың бірі- Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, жазушы Б. Момышұлы. Батыр атамыздың батырлық, ерлік істері ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа үлгі.
9- мамыр « Жеңіс күні» қарсаңында өткізіліп отырған ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Батыр болмыс – биік тұлға
Хронологиялық таблица( слайдтан көрсетіледі)
Батырдың лақап аты Шаң тимес болған
«Жақсының аты өлмейді демекші» елімізде көптеген мектептер ашылды, ерлігін насихаттауға арналған орталықтар, мұражайларашылып, көшелерге аты берілді бұл ердің атының ұмытылмайтындығын білдіреді.
Сонымен қатар 2007 жылдан бері елімізде « Бауыржан Момышұлы» атындағы нөмірленген Құрмет белгісі беріліп келеді.
Батырдың 95, 100 жылдықтарына орай « Батыр шапағаты» деген медаль беріліп жүр. Бұл медальмен батырдың жақсы көретін күйлерін шебер орындаушы, жас күйші Мұрагер Сауранбаев марапатталды.
Батыр бейнесі ( слайдта суреттері көрсетіледі)
Баукеңнің қай суретіне қарасаңда, оның қөз жанарының оттай өткір, баданадай үлкен екенін байқайсың. Көз көргендердің айтуынша соғыс кезінде немесе ашуланған кезде бұл көздер найзағайдың отындай жарқылдаған. Бұл – Бауыржан батырдың ең басты ерекшелігі. Бет әлпеті сұсты, маңдайы кең, шашы тікірейген қайратты, фото суреттерінде қос иығын қомдап, ұшуға дайын отырған қыран бүркітті көз алдыңа елестетеді. Қатулы сәтінде оған қарсы сөз айтпақ түгілі көзіне тіке қарау мүмкін емес. Мінезі тік.
Жалған сөйлейтін, жасанды мінез көрсететін жандарға қаһарын төгіп, бірден меселін басып тастайды. Ал енді әңгімесі жарасқан, көңілі түскен кісіге жайдары, жанашыр, ақкөңіл мінез танытады. Бала көрсе маңдайынан сипап, бауырына тартатын балажан. Әрбір уақытты есептеп жүреді. Жас кезінен кітапты көп оқыған, үлкендерді сыйлаған, білімділердің сөзін құлақ қойып тыңдаған. Өз ұлты мен оның тілін, дәстүрін жанындай сүйген.
ІІІб Батырдан қалған асыл сөз
Баукең өзінің жазушылық қасиетіне былайша баға берген: « Мен әскери маманмын, әдебиетке соғыстан кейін келдім. Өте шебер жазушымын деп мақтанбаймын. Бірақ шындықты айтқан, дәл берген, бір жағы мемуарист, бір жағы деректі, нақтылы нәрселерді қағазға түсіріп отыратын жазушымын.» ендігі кезекті батыр бабамыздан қалған асыл сөздерге кезек берейік.
1. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу- сатқындық. Мирас
2. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін. Бекзат
3. Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып, қырдан аса алмайсың. Ырысбай
4. Қазақ тілі... өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді....қысылтаяң қатал жағдайда қайрап, егеп « сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге , елге медет болады. Нұрсат
5. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту. Рзабек
6. Кейбір ұл- қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата- ана кінәлі. Шерхан
7. Отбасының өнегесі- Отан өнегесі. Мұхтархан
8. Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік жігіттің қасиеті. Асқар
9. Тіл дегеніміз- қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағыры емес, бүрсүгінгі де тағдыры. Дәулет
10. Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеушілік – шынайы патриоттарды тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян. Берекет
11. Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды. Нұрлан
Отан үшін отқа түс күймейсің.
Тәрбиелі - тәртіптің құлы,
Тәртіпті - елдің құлы.
Батыр бабаға арнау
Ырысбай
Мөлдір
Айсұлу
« Ескертпе» өз өлеңі оқитын Шерхан
Сан қырлы өнер иесі
Мұғалім сөзі:
Мен кім едім, мен едім,
Менде мыңның бірі едім.
Қызықпай баққа, атаққа,
Адал еңбек ұлы едім.
Қызмет еткен халыққа
Ақ ниет мыңның бірі едім,- деп өзі жырлағандай Бауыржан атамыздың игерген өнерлерін тыңдап көрелік:
Шерхан
1. Құралайды көзге атқан мерген.
2. Турникке тартылу және басқа спорт түрлеріненде озық жетістіктерге жеткен.
3. Ат құлағында ойнайтын шабандоздылығымен және атбегілігімен аты шыққан. Мәскеу түбіндегі шайқастағы атақты ақбоз аты тупалы аңыз- әңгіме көп.
4. Қарамағындағы жауынгерлерді соғысқа тәрбиелеуде өте озық нәтиже көрсеткен. Нағыз қаһармандарды тәрбиелеген және жауынгерлерінің « Батька», « Ақсакал» дегендей қошеметіне ие болған.
Рзабек
5. Әскери қолбасшылығы өз алдына бөлек әңгіме. « Б. Момышұлының тактикасы» деген оқу пәні Израйл еліндегі әскери оқу орындарында оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады. Кубаның әскери мектептерінде де Баукеңнің соғыстағы әдіс- тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Осыны ескерсек Баукеңді әскери ғылымның нағыз білгірі декге болады.
6. Кітабы әлемге тараған жазушы.
7. Билярд ойынының шебері. Сегіз шарды тоқтатпай торға тоғытқан сәттерін ескерсек бүгінгі ең мықты бильярдшылармен бәйгеге түсетіндей қабілет иесі.
8. Сөзге шешен және тапқыр
9. Көпшілікке белгісіздеу өнері – суретшілі
10. Араб әліпбиін білген
11. Болашақты болжайтын қасиеті бар.
Естелікке толы ғұмыр. Экранға назар аударып көрейік. ( слайдтар)
Мұғалім сөзі: Бауыржан атамыздың өмірі, ерлігі – бізге үлгі. Ол кісі туралы жазылған шығармаларды оқи отырып, өмірде ештеңеден қаймықпаған, әділ, бірбеткей, туған халқын шексіз сүйген адам деп танимыз.
Бауыржан атамыздың өзімен бетпе –бет жүздесіп, сұхбат түрінде жазылған шығарма – халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың « Ақиқат пен аңыз» туындысы. Осы шығарманы оқи отырып атамыз туралы ақиқат пен аңызға көз жеткізуге болады.
Нұрбике « Шуақты күндер» туралы
Ырысбай Бақытжан Момышұлының кітабы туралы
Сезім Жәмила Ергембаеваның кітабы туралы
« Баукең ешбір жақсы қасиеттерді аямай, табиғаттың ерекше жаратқан адамы. Ол- ақын. Ол – жазушы. Ол – философ. Ол - екі тілде бірдей шешен. Ол – қас батыр. Ол – полководец. » Қасым Қайсенов
« Батыр ағамыз- соғыс өнерінің мықты стратегі. Оны Кеңес одағы маршалдарының өзі мойындаған. Бауыржан ағамыздың ұлылығы- соғысу әдістерін, өзі енгізген соғыс тактикасын қағаз бетіне жүйелеп түсіре білді. Сол себепті қазіргі кезде Бауыржан ағамыздың « Соғыс психологиясы» еңбегі Ресей мен қатар Куба, Испания, Жапония, Израйл мен Вьетнам елдерінде оқытылуда.Баукеңнің бір шебер қолбасшылығын кубалық команданте Фидель Кастроның өзі мойындаған. А. Бектің « Арпалысын» оқығаннан кейін Баукеңді бір көруді армандап Кубаға шақыртқан» Бақытжан Ертаев
Өмір – дастан
мерген
Қорытынды: суретші
Бауыржан Момышұлы кім?
Сөзге шешен, тапқыр
Әлемге белгілі жазушы
Әскери қолбасшы
қаһарман
шабандоз споршы лақап аты Шаңтимес
бильярдшы
Бүгінгі тәрбие сағатымызда батыр атамыз туралы көп нәрсеге қанық болдық деп ойлаймын. Егер атамыз тірі болғанда сендерге мына аманат хатты жолдар еді .
Назар салып, тыңдап көрелік:
«Туған елдің келешегін сақтауға міндеттісіңдер!
Халық басына күн туғанда қалың қауымды бастайтын ерің болмаса ел не болмақ. Біздерді майданға халық бақытын қорғауға жіберді. Өз істеріңе адал болыңдар. Осалдық жасасаңдар, опасыздық істегендерің. « төртеу түгел болса төбедегі келер, алтау ала болса ауыздағы кетер деген бар емес пе? Бірліктеріңді жоғалтпаңдар!»
Отанға деген сүйіспеншілік еліміздің келешегіне, оның кемел ұрпағына біздің аманат етер өсиетіміз.
Елін, жерін сүйетін, Отанның игілігіне үлес қосатын өршіл рухтағы азамат болып өсіңдер!
Мен сендерге, ұрпақтарға сенемін!»
Б. Момышұлы
Бауыржан атамыздың осы өсиет сөзін өздеріңе қалдырған өсиет сөзі деп қабылдап, ойларыңда сақтап жүріңдер.
Батыр ұл есімдері сақталады,
Жыр болып жүректерде жатталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
Осындай ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, артына өшпес із қалдырған ердің ісін ұмытпай тарихымызды жаңғыртып отыру – бүгінгі ұрпақтың парызы.Елім деп туған ерлердің есімі бір ғасыр өтсе де, ел есінде сақталары сөзсіз. Қазақтың Бауыржандай дара да дана батыры ешқашанда ұмытылмақ емес. Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымзды аяқтаймыз.
Сау болыңдар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.