Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Адам болам десеңіз» -

«Адам болам десеңіз»

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 689 | Просмотров: 7866 | Размер: 35.0 Kb | Автор:
. Тақырыбы: «Адам болам десеңіз»

Мақсаты: Әдепті болуға, жақсылыққа тәрбиелеу. Үйрету, үлгі көрсету, жақсыға жанастыру, дағдыландыру, жақсы дәстүрге, игілікті іс-әрекетті қалыптастыру. Азбайтын, тозбайтын басты байлығымыз –білім мен ғылымды жастардың санасына сіңіру.
Көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың портреті, қанатты сөздер, буклет Абайдың өлеңдері, өсиетті қара сөздері.
1-Жүргізуші. Жүрегін шырақ етіп жандырған кім ?
Жырымен жан сусынын қандырған кім.?
Қастерлеп сөз асылын өлеңменен.
Мұра ғып кейінге қалдырған кім ?
2-Жүргізуші. Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім ?
Талабын тас қияға өрлеткен кім ?
Құба жон, құбақан құм, құла қырды,
Өлеңнің бесігіне тербеткен кім ?
Абай суреті ілінген.Абай оқушы (жасырынып тұрып) болашаққа өсиет айтып тұрғандай.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,
Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!
1-Жүргізуші. Қазақ жерінің ақыны,данышпаны болғанымен Абай біреу-ақ, Абай бар елдің мейрімі үстем. Абай қазақтың бар жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кеменгер.
2-Жүргізуші. Ақын тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бермек. Сол шыңнан көз жазбау біздің парызымыз да қарызымыз.
Хор: «Көзімнің қарасы»
Абайдың өмірінен қысқаша баяндама.
1-Оқушы. Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз...-деп өсиет айтады. Саналы азамат болып, саналы өмір сүру үшін, ғылымды үйреніп, тәлімге тәнті болу керек дейді ғұлама.Данышпан ақын ғылымды үйреніп, білімді болу үшін жалықпай, ерінбей еңбек ету қажет.
«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек дейді 38-сөзінде әуелі надандық,, екіншісі еріншектік, үшіншісі залымдық деп білемін», - деп, бұл үшеуімен аяусыз күресті, өз шығармасында осы үшеуін дәріптеді.
1-Жүргізуші. «Бес асыл іс»- адамгершілік –Абай ұсынған этикалық әдеп нормалары. Жеке адамның ақылы мен мінезі, адамгершілігі жағынан өсіп-жетіліп, толық адам болып қалыптасуы- күрделі мәселелердің бірі.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде нағыз адам болу үшін адамгершілікке тән, жағымды жақсы қасиеттер, жақсы сипаттар –адамдық,, әділеттілік, достық, махаббат, ар намыс, сабырлылық, батырлық осылардың ішінен ақын жастардың бойындағы адамгершіліктің негізгі қасиеттері ретінде «бес асыл іс » талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым туралы данвалық ой толғауын айтады.
1-оқушы. Талап. Абай 44-сөзін «Адам баласының ең жаманы-талапсыз» дейді.Талаптың ішіндегі ең зоры – бір өнерді таңдап содан нәтиже шығармай тынбаушылық..
2-Оқушы. Еңбек. Бұл дүниедегі құдіретті күш, діни ұғымда құдай болса, ғылыми ұғымдағы бірден- бір жасампаз ұлы күш-еңбек.Еңбек еткен адам нағыз азамат болып саналады.
3-Оқушы. Терең ой. Адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбек дағдысы барысында қалыптасқан адамды барлық жан-жзануардан ерекше айрып тұрған екі қасиет Абай жоғары бағалады.Оның біріншісі- ақыл-ой, екіншісі-сөз.Сөз тіл арқылы жүзеге асатын болса, ойлаудың негізгі құралы –ұғым мен пікір болып табылады.
4-Оқушы. Қанағат-барға риза болу, місе тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу.
5-Оқушы. Рақым-дегеніміз ұғымдық филасофиялық тұрғыдан алғанда адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірім-шапағаты мен көмегі. Терең ойдың негізі ми мен ақыл болса, рақымдылықтың негізі- жүрек пен сезім.
6-Оқушы. «Бес дұшпан» -ақын өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ –деп адам бойындағы жағымсыз қасиетті сынға алады .Адамгершілікке жат, жаман қылықтар – арамдық, әдепсіздік, әділетсіздік, жағымпаздық, жылпоздық, менмендік, қулық, сұмдық, пәлеқорлық, т.б толып жатыр. Осындай жағымсыз қылықтардан аулақ болуға шақырған.
7-Оқушы. Өсек. –Абай заманында ел арасында көп тараған, адамгершілікке жат, жаман қылықтардың бірі -өсек айту, өсекшілік. Осы туралы ақын 24-сөзінде атап айтқан.
8-Оқушы. Мақтаншақ. Үстем тап өкілдерінің бойында жиі кездесетін жаман қылықтардың бірі-мақтаншақтық, даңғойлық. Ондай әулекі адамдар өзін дәріптеуді сүйетін, басқалардың алдында білімді, жағымды болып көрінгісі келетін бөспе, сөзге құмар, Абай сөзімен айтқанда,мақтаншақтар. «...біреуді «демесін» демейді, «дейін» деп дейді, азаптанып жүреді. «Біреуі» жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол- надан,надан да болса адам.-
Екіншісі. Өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді,оның надандығы толық, адамдығы толық емес.
Үшіншісі. Өз үйіне келіп айтпаса я ауылға ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол наданның наданы.
9-Оқушы. Еріншек
Адамдардың бойына біткен жаман қылықтардың ішіндегі ең жағымсызы-еріншек. Абайдың түсіндіруінше: - еріншектік –күллідүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.
Толық адам болу үшін адам бойындағы ең негізгі қасиеттер-қайрат, ақыл, жүрек. Адамның бойындағы «үш қасиет» пен «бес асыл іс» өзара байланыста. Бұл-ыстыұ қайраттан шығатын талап пен еңбек, нұрлы ақылдан шығатын терең ой мен білім-бәрі жылы жүректің әмірімен орындалады.
Көрініс:
(жүрек, қайрат, ақыл, білім ) айтысы.
Жүргізуші. Үш -ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,жылы жүрек,
Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.
«Әсемпаз болма әр неге» әні орындалады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.