Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Адамның бір қасиеті –мінез деген... -

Адамның бір қасиеті –мінез деген...

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3792 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Ақтөбе қаласы
Пән мұғалімі: Алтаева Л.Ж.
№30 орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Адамның бір қасиеті –мінез деген...
Сабақтың мақсаты: Адамның бойындағы жақсы қасиеттер мен ерекшеліктерді тану, білу; Бір-біріне деген адамгершілік қасиеттерін дамытып, сүйіспеншілік сезімін ояту;
Сабақтың түрі: әңгімелесу, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (адамның мінез-құлқын жылдар, тағам, айлар
арқылы салыстыру суреттері, геометриялық фигураларт.б. ).

Адам өмірі – іс - әрекеттер тізбегінен, басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі көз - қарастардан тұрады. Кез келген әрекетті дұрыс түсініп, қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді. Алайда адамның өзін осы қабілетке баулып, тәрбиелеуге мүмкіндігі мол. Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар мінез - құлықтың адамның қарым - қатынас жасауында алатын орны, адамның өз мінезін өзгерте алатындығы, оның үнемі өзіне - өзі сын көзбен қарай отырып, өзін - өзі тәрбиелеуі жөніндегі тақырып айналасында жүргізіледі.
1. Мінез дегеніміз не?
2. Адамның мінезі қайда және қалай танылады?
3. Мінез - құлық адамдардың қарым - қатынасына әсер ете ме?
4. Адам өз мінезін өзгерте ала ма? Қалай?
Мінез –адам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Осы қасиеттер мен ерекшеліктер әр кезде әртүрлі қатынастарға байланысты байқалады. Мінез грекше-характер деген мағынаны білдіреді.Өзіне деген қатынас: өзімшіл, сыншыл,заттарға ұқыпты, қызметіне адал болуы мүмкін.
Туған жылың мен айың мінез-құлқыңа әсер етеді ме?
Жұлдызнамашылардың болжамы, мұ-сылмандық күнтізбе бойынша адамның мінез-құлқы өзінің туған жылы мен айына тұспа-тұс келеді. Мұны ғылыми тұрғыда зерттеушілер де қуаттап, әр жыл мен айдың адам ағзасы мен психологиясына, әлеуметтік жағдайына әсер ететінін айтады. Бұл қаншалықты шындық, оны әркімнің байқап, пайымдап көруіне болады.
Туған жылыңның әсері
Қазақша жыл қайыру бо-йынша адам жасының он екі жылы бір мүшел болып саналады. Алайда адам өзі-нің алғашқы мүшеліне 13 жасында толады да, келесі мүшелін оған он екі жыл-ды қосу арқылы анықтап, қалған мүшелдерін әрбір мүшел жасқа он екі жыл-дан қосу арқылы біліп отырады. Қазақша жыл қа-йыруға сәйкес 12 жыл 12 жануардың атымен аталған. Жұлдызнамашылардың айтуынша кім қай жылы ту-ды, оның мінез-құлқы сол жыл аталған жануардың мі-нез-құлқына ұқсайтын болады. Әлқисса, ендігі әңгіме адамның туған жылы-на тұспа-тұс келетін мінез- құлық нышандары хақын-да.
1. Тышқан жылы ту-ылғандар
Олар үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәр-сеге өкпелегіш.
2. Сиыр жылы туыл-ғандар
Ұстамды келеді. Туғантуыстарының, өзінің қай-ғысына қатты күйзеліп, кім-ге болсын көмегін аямай- ды. Кейде бұл қылығы өзіне зиянын тигізеді. Адамдар бұлардың жақсылығын тез ұмытады, алайда қиыс басса, оған түсіністікпен қа-райды.
3. Барыс жылы туыл-ғандар
Қызба мінезді, ашулан-шақ, басқаға билік жүр-гізгенді ұнатады, ешнәр-сеге көңілі толмайды, бір істі қолға алса, бөгет болған адамдарды ұнатпайды, оларды беттен алып, рен-жітіп тастайды.
4. Қоян жылы туыл-ғандар
Қорқақ. Кез-келген нәр-седен үрейленеді, сыр сақ-тауға олақ. Маңызды істе өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Қашанда көңіл-күйіне қарай әрекет ететін жан.
5. Ұлу жылы туылғандар
Тұйық мінезді, барынша қарапайым көрінуге тыры-сатын, байсалды, құпияны сақтай білетін, көбінесе үн-сіз жүруді ұнататын адам. Оның қолынан үлкен істерді атқару келеді, қай істі де өз ақылымен, оңаша шешуге ұмтылады.
6. Жылан жылы туыл-ғандар
Сырт көзге ұяң, маңыз-ды істерден қашқақтап жүреді. Қойылған сауалға нақты жауап қайтармайды. Тайсақтап жауап береді. Басына пәле болып жабы-сатын нәрсе – тілі. Шамы-на тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез-құлқын көрсетеді. Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландар-дан аулақ жүр.
7. Жылқы жылы туылғандар
Олар – «жұмыс аты» сияқты. Жұмыстан ешқашан да жалықпай, таңертеңнен кешке дейін бір тыным тап-пайды. Әйтеуір, күні бойы ты-пырлап, мазасыз күй кешеді.
8. Қой жылы туылған-дар
Сәл нәрсеге ашуланады, қисайған бетінен қайтпайды. Сондай сәттерде өзіне де, жанында жүргендерге де қа-уіпті. Өзін жарға жығатын мінезі – шешімді тым асығыс қабылдайтындығы.
9. Мешін жылы туыл-ғандар
Олар - өзіне-өзі ғашық жан-дар. Сәнқой, ырду-дырдуы көп көңілді бас қосуларды ұнатады. Өзін өзгелерден ар-тық санайды.
10. Тауық жылы туыл-ғандар
«Үйкүшік». Үй-үйелменіне қамқор болып, кез-келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал. Ақыл-ойы бір басына жетерлік.
11. Ит жылы туылған-дар
Мінезі сөзшең, талас-тартыс, дау-дамайға лезде араласып кетеді. Оны өзі де білмей қалады. Алайда еш-кімге зияны жоқ.
12. Доңыз жылы туыл-ғандар
Оңаша, табиғат аясында, бау-бақшада еңбек еткенді, көңілді кештерге қатысқан-ды ұнатады. Көп нәрсеге ба-сын қатырмайды, ол жөнінде көп ойланбайды. Отбасында бала-шағасы көп болады.
Туған айыңның әсері
Бір жылда он екі ай бар болса, олардың әрқайсы көк-тем, жаз, күз, қыс мезгілін білдіреді. Соған сәйкес ол кездегі ауа-райы қалай әр-түрлі болса, сол айларда туылғандардың да мінез-құлқы әрқилы. Біз енді сол жөніндегі болжамдарға назар аударалық.
Қаңтар айында туыл-ғандар Олар – шыдамды да жігерлі. Тағдырдың қандай тауқыметін тартса да туған- туыстарына салмақ түсірмейді, барлық ауыртпалықты өзі көтеріп, қайсарлық танытады.
Бұл айда туылған әйел-дердің мінезіне тән қасиет: ұяңдық. Алайда олар «еркек мінезді» болып келеді, тә-каппар, еркіндікті сүйетін жандар болғандықтан, мақ-саты қай істе де биіктен көріну. Күйеулеріне өлердей ғашық болады, олар қандай жағдайға тап болса да кө-мегін аямайды, тек мінездері отбасына жайсыздық әкеліп тұрады. Бұл айда туылған әйелдердің ұнататын ісі тәтті тағамдар әзірлеу.
Қаңтарда өмірге келген ерлер әділ де жігерлі. Олар – қиындықта арқа сүйеуге лайықты жандар. Өйткені, тәуекелшіл, шешімді тез қа-былдайды, әлсіздерге қам- қор, әйелдерді үнемі құрмет-теп сыйлайды. Ерік-жігері мық- ты, отбасына жайлы болға-нымен, мінезінде тәкаппар-лық та бар.
Ақпан айында туылған-дар Олар – тік мінезді, ұстам- сыздық танытатын кездері көп. Мінезі көңіл күйіне бай-ланысты өзгеріп отырады. Жан-дүниесіне тән қасиет: қиындықтардан қорқуды біл-меу, тез шешім қабылдау, қандай шығынға батса да, оны өтеген соң қынжылмай ұмы-тып кету. Бұл айда туылғандар кекшіл, өзін жәбірлегендерді кешіре бермейді, әлсіздерді менсінбейді, үнемі ақкөңілді- лік, мейірімділік таныта қой-майды. Біреудің арамдығын іштей сезіп тұрса да, білме-ген сыңай танытады. Өзі сый- ластық танытқан адамы сый-ластықпен жауап қайтарма-са, ол туысы ма, досы ма, бә- рі бір, кейде онымен қарым-қатынасы «қатып» қалады. Негізінен, мұның бәрі осы айда туылған ер адамдарға тән. Олар сұлулықты, таза-лықты, әсем әуен, суреттерді, табиғатты сүйеді.
Ақпан айында туылған әй-елдер мейірімді де сабыр- лы, балажан, отбасына жай-лы, инабатты. Өзін алдағанды ауыр қабылдап, кешіре алмай-ды. Басты арманы ұл-қызын жақсы тәрбиелеп өсіру.
Наурыз айында туыл-ғандар Олар - өте сезімтал және әсершіл. Тек сәтсіздіктерге мо- йығыш, бұл қызметтегі өсуі-не басты кедергі. Егерде мо- йығыш, уайымшылдығын қо- йып, бірбеткейлік, табанды-лық танытатын болса, ал-майтын асуы аз.
Наурызда дүние есігін аш-қан ерлер ақкөңіл, сезімтал болғандықтан не болса сол жандарын жаралай береді. Олар тәуекелшіл емес. Соған қарамастан, қандай қиындық көрсе де, үнемі алға қарай ұмтылады. Атақ пен даңққа ие болса, оны уысында көп ұстап тұра алмайды. Себебі оған мастанып кетеді де беделін әп-сәтте жоғалтып алады. Өз- гелердің жоғарылауын, жақсы жағдайларға ие болуын өзінің жеңілісіндей сезініп, іштарлық танытады. Оның бақытсыз-дығына осы басты себеп. Бұл айда туылған әйелдер болашағына бал ашқызғанды, құмалақ салғызғанды ұната- ды, көріпкелдерге қатты сеніп, оларға баруға құштар. Олар үшін өзінің сыртқы сұлулығы бірінші орында, үй шаруасы екінші орында. Тез ашулана-ды, көп шығын шығармайды, тәттіні ұнатады.
Сәуірде туылғандар Көкек (сәуір) айында жа- рық дүние есігін ашқандар-дың мінезі – қатал. Олар өз мақсатына жету үшін батылдық, табандылық таны- тады, шешімді тез қабыл-дайды, өзіне-өзі есеп беріп, қателігін, кемшілігін, жетістігін саралап, салмақтап отырады. Өздерінің тұрмыс жағдайы оларды қатты толғандыра-ды. Бірқалыпты өмір сүргенді қалайды. Ерлер үйленерде сезімнен гөрі есепке көңіл бөліп, үйленгенде жағдайы қалай болады, ол әйелдің басқа әйелдерден артықшы-лығы қандай, ата-аналары кімдер, әлеуметтік дәрежесі қандай, соның бәрін ой та-разысына салады. Сәуірде туылған әйелдер үшін керісінше, оларға тұр- мыс жағдайы басты мәсе-ле болып саналмайды. Олар адамгершілік пен сыйластық-ты ең бірінші орынға қояды. Күйеуіне, отбасына құрмет-пен, сыйластықпен қарайды. Ақылдылығы, мінезінің ашық жарқындылығымен көпшілік-ті үйіріп әкетіп, ұйытқы бола біледі. Мамыр айында туыл-ғандар Олар – принципшіл, бір-беткей, билікқұмар. Бұл ай-да туылған ерлер отбасына жайлы, үй ішін толық асырай алады. Қатал мінезді болса да әйелінің шағымын, көз жасын жүрегіне жақын қабылдап, оларды жұбатып, әлсіздерге көмектескіш.
Мамырда дүниеге келген әйелдер кекшіл, өзіне жа-мандық жасағандарды оңай- лықпен кешіре алмайды. Күйеуімен тез ажырасқаны-мен кейін оған қатты өкінеді. Бұл әйелдерді тұрмыс жағ-дайы қатты алаңдатады. Жұ- байы содан кейін ғана қы-зықтырады. Сол себепті күйе-уі асырай алмаса, тұрмыс жағдайын нәшарлатып жі-берсе, оны көп көтере алмай, ажырасып тынады.
Маусым айында туыл-ғандар Олар – уайымшыл, жаны тез жараланғыш, өз істеріне байыппен, сергектікпен қа-рай-тындар. Дарындылық пен алғырлық, мейірімділік мінез- құлқына, бойына тән қа-сиеттер. Жақындары мінез-құлқын көп тани бермеуі, оларды тұйық санауы мүм-кін. Олар туыстарының олай ойлауына жол бергенімен, сырт адамдармен ашық-жар- қын қарым-қатынаста бола-ды, шешіліп сөйлеседі. Дау-дамайды ұнатпайды, одан бойын аулақ ұстайды. Маусымда туылған ерлер-дің қызмет пен махабатта жолының болғыштығы – маң-дайына жазылған нәсібі. Алайда олар көрсеқұмар, не болса соған қызыққыш. Со-дан құмартқан, қызыққаны-нан тез жалығып шыға келе-ді. Тазалықты жақсы көреді.
Маусымда туылған әйел-дер үй тазалығын сүйеді. Көп уақыты соған кетеді. Әдемі әрі қымбат ыдыс-аяқтарды қа- лайды. Мереке сайын болма-шы бір сыйлық ұсынса да сол адамды көпке дейін мақтап жүреді. Шілде айында туылған-дар Олар - өзімшіл, ұстамсыз, шыдамсыз болып келеді. Тә-каппар, өзін өзгелерге тәуелді етпейді. Алайда дос, жолдас, құрбыларының айтқанынан шыға алмайтын көнбіс. Бұл айда туылған әйелдер күйеулерін билеп-төстеуге құштар. Қашанда бір нәрсеге көңілі толмай, сол үшін ұрыс шығарып, сүттей ұйып отыр-ған татулықтың, тыныштық- тың шырқын бұзады.
Шілдеде өмірге келген ер-лер – сенгіш. Кім көрінгенге, не болса соған сенемін деп, өмірде жиі қателеседі. Егер-де алғашқы махаббатында жолы болмай қалса, көпке дейін сүрбойдақ болып тірлік кешуі мүмкін. Бірақта олар-барлық сәтсіздіктерге төтеп бере алатын, өз тағдырына өкінбейтін, отбасында анасы-на қатты жақын жандар. Олардың бойындағы басты ерекшелігі осы. Сондықтанда мұндай шілде айында туыл-ған ер адамға күйеуге тиген әйелдер оның анасын, өзінің енесін ұнатсын, ұнатпасын, оған құрмет көрсету арқылы ерінің көңілін таба алады. Тамыз айында туылған-дар Олар – бірбеткей, қуатты, әсершіл. Жемісті еңбек етеді, кейде аңғал. Бұл айда дүние есігін ашқан ерлер – сезімтал, ай-наласындағылардан мақтау күтетін, өзін сынағандарды жек көретін, көбінесе алғаш-қы отбасысы ұзаққа бармай-тын жандар. Тұрақсыз болса да әйелін қатты қызғанатын мінезі бар.
Тамызда туылған әйелдер өзіне сенімді, қайратты, тек уайымшыл, үй шаруасына пы-сық, кек сақтай бермейді. Қыркүйек айында туыл-ғандар Олар – қызуқанды, әсершіл, мақсат қойғыш, жанжалқой, ақшаны үнемдеп жұмсайтын, өзін-өзі жақсы көретін, есеп-ке өте жүйрік жандар. Үнемі алдына белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің жолын іздестіріп жүреді. Қыркүйекте туылған әйел-дер жұбайынан гөрі өзінің жағ- дайын көп ойлап, сол үшін қам жейді. Еркіндікті қалай-ды, шыдамсыздық танытатын кездері көп. Ұйқышыл, сол себепті жұмысқа жиі кеші-гіп барады. Үйін таза ұстап, тағамды дәмді әзірлеп, үй шаруасын тап-тұйнақтай тындырып тастайды.
Қыркүйекте жарық дүние есігін ашқан ерлер қыз- ғаншақтарды жек көргені-мен, өздері қызғаншақ, көр- сеқұмар. Жар таңдауда өте сақтық танытады. Көп ақ- шаны құмар ойынына жұм- сап, ұтылып қалса да өкін- бейді. Алайда, өзінің рұх-сатынсыз әйелі ақша жұм-саса оған ренжіп қалады. Сараң, қарызға ақша сұрап алуың қиын. Тұрмысының жақсы болғанын қалайды.
Қазан айында туыл-ғандар Олар – қарапайым. Бұл олардың басты ерекшелігі. Қазанда туылған ерлер өтірікке жақын, оның сөзі- нің қайсы шын, қайсы жал- ған, сезу қиын. Ақылды да достықты жоғары бағалай-тын, қаржымен байыпты жұмыс істейтін, шешімді көп ойланып қабылдайтын, оның алдында ақылды адамдар-мен сөйлесіп алатын, алай-да көбінесе өз көзқарасын дұрыс санайтын адамдар. Қазанда туылған әйел- дер – принципшіл. Сатқын-дық пен екіжүзділікті ке-шірмейтін, есте сақтау қа-білеті жоғары, өмір бойы шаңырағының шайқалмауы үшін күресетін жандар. Үй шаруасына пысық. Өзін сынағандарды жек көреді.
Қараша айында туыл-ғандар Бұлар – есепке жүйрік, өз тұрмыс жағдайы үшін ұнамсыз істерге де бара-тын, қасындағыларға сараң болғанымен, соңғы ақша-сына қыдыруға әзір адам- дар. Содан қаржы тапшы- лығын жиі көреді, бірақта одан қорытынды шығар-майды. Қарашада туылған ер-кектердің жүйкесі жұқа болады, тез ашуланғыш, не болса соған шамданады. Тек аңқау, тез алданғыш, соңғы тиынына дейін бе-ре салатын қолы ашық, достыққа адал.
Алайда тез достасып, тез ұрысып қа-лады.
Қарашада туылған әйел- дер – тәкәппар, өзін-өзі сүйетін, отбасында өзде-рін жетекші санайтын, кү- йеулерімен көп санаса бер- мейтін жандар. Жар таң-дауда ынжық, момын ер-кектерге күйеуге тиеді. Ба- ла тәрбиесінде қатал, көп-шілік арасында көзге түсуді жақсы көреді.
Желтоқсан айында ту-ылғандар Олар – сезімтал және кө-ңілшек. Желтоқсанда кіндік қаны тамған ерлер ашуланғанда өзін-өзі ұстап тұра ал-майды. Содан сәл нәрсеге қабақ шытып, айқай-шу шығаруы мүмкін. Мінезінде ұрыншақтық бар. Жағым-сыз жайларға жиі себеп-кер болады. Бірқалыпты өмірден тез жалығады, қы-зуқанды, өте нәпсіқұмар, дос-жолдастарының көп болғанын қалайды. Желтоқсанда туылған әйелдер – ашық мінезді, үйден гөрі түздің шаруа-сын жақсы көреді. Бала тәрбиесін басты мәселе санайды. Және де олар- сезімтал, қызуқанды, өкпе-ні кешіре бермейді

Тағам арқылы мінез-құлықты анықтау
1. Тәттіні ұнататындар – стресті игере алатын іскер, мақсат-мүддесі айқын адамдар. Олардың милары ақаусыз жұмыс істейді.

Алайда бұл семіздік пен сусамырға алып келеді.

2. Ет жегіштер – резоноперлер, мейірімсіздер деп те есептеледі. Олар өз мақсаттарына жету үшін неден болса да тайынбайды. Отбасында мазасыз, күдікшіл.

Қонышынан басып өмір сүремін деп арпалысып жүріп миокард, инфаркт, жүрек талмасына, инсультқа, бүйрек пен қуық тас байлануына ұрынады, олардың өмірлері қысқа.

3. Ұн тағамдары мен ұннан дайындалған әшекейлі оны – мұныларды сүйсініп жейтіндер өзгеге жамандық жасамайды. Құлшынысы кем, болбырлау келеді. Жұрттың әрекеттерін талқылап отыруға бейім. Жұмыс орнын көп өзгертеді. Отбасында момақан, үйдегілердің айтып жатқан сын-ескертпелерін жүре тыңдайды.
Жүйкелері ауырады, депрессияға ұшырайды, жыныс ақауларына бейім.

4. Таптыра бермейтін экзотикалық тағамдар мен ащы тұздықтар, дәмдеуіштерге әуестер – ақылсыз, ұшқалақ, кірпияз, өтірікке бейім келеді. Сын көтермейді, өкпешіл, фантастикалық кітаптар оқиды, саяхатшыл. Достыққа өнімсіз. Жақсы басшы емес. Оған қаншама ақша құйылып жатқанымен сусып қолында тұрмайды.
Мұндай кісілердің көбінесе сүйектері сынады.
болар, болмаса қояр».
5. Картоп жегіштер – флегматиктер, жатыпішерлер, бірақ қолға алған істері өнімді. Бірден шешім қабылдамайды. Бір мәселені шешсе, ол тиянақты. Салиқалы мәнді кітаптар оқиды, философиялық ой айтудан да қашпайды. Ғылыми теледидарларды көреді. Картопшылардың басты аурулары: подагра, тас байлану науқастары, остеохондроз.
6. Бәрін де жей беретіндер жан-жақты келеді. Олар еңбекқор. Балаларын да солай тәрбиелейді. Ұзақ өмір сүреді, ауырса тез жазылып кетеді. Тек олардың арасында аяқ-асты өліп қалатындар көп кездеседі.
Геометриялық фигуралар арқылы мінез- құлықты анықтау

Ой толғау «Жақсы мінез бітпес байлығың, жаман мінез-өмірлік азабың» оқушылар өз ойларын дәптерге жазады.«Мінезді өзгертуге болмайды деген адамның тілін кесер едім» деген Абай атамызмың сөзімен қорытындылаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.