.
.
Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп «Адамзат баласының тыныштығын бұзған қауіп-қатер»
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3341 | Размер: | Автор: ТәрбиеТ Ә Р Б И Е С А Ғ А Т Ы
Тақырыбы:
«Адамзат баласының тыныштығын
бұзған қауіп-қатер»
Дайындаған: 7 «ә» сынып жетекшісі
Дакешева А.Б
2010-2011 оқу жылы
Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен күрестің
құқықтық негіздері
Қазақстанның 20 жылдық тәуелсіз өмірінде елімізде саяси, әлеуметтік және экономикалық түбегейлі өзгерістер болды. Ел басшылығының салиқалықпен жүргізген салмақты реформалар саясаты Қазақстанда азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз етті.
Ең алдымен, бүгінгі күні шынайы күшке ие болып отырған, олардан «тіпті қазіргі заманның ең мықты деген мемлекеттері одан соққы көріп отырған» лаңкестік және басқа да экстремистік қауіп-қатерлер туралы айтамыз.
Қазақстан дүниежүзілік лаңкестікке қарсы майданды қолдады. Біздің еліміз лаңкестікпен күресте басқа мемлекеттермен барлық дәрежеде өзара тығыз іс-қимыл жасап, ынтымақтастықта.
Республикамызда кей жағдайларда діни-мистикалық және реакциялық оқуларды уағыздайтын дәстүрлі емес діндер мен сектанттық ұйымдарды жақтаушылардың санының өсуі байқалуда. Жастарды құпия іске тарту және кейбіреуінде «тыңдаушылар» тиісті идеологиялық өңдеуге тап болатын шетелдік теологиялық оқу орындарына жіберу тәжірибесі сақталуда.
Айтылған мәселелерді шешу жолындағы нақты қадамдардың бірі ретінде экстремизммен күрестің барлық түрлерінде мемлекеттік органдардың қызметтерін құқықтық реттеуд қамтамасыз етуге шақыратын заңды негізді жетілдіру, Конституциямен кепілдендірілген жеке тұлға мен қоғамды сенімді қоғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерінің жаңа редакцияларын іс-әрекетке енгізу егемен мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін қылмыстар ретіндегі лаңкестік пен экстремизмнің алдын алу мен жолын кесудің әсерлі механизмдерін жасау барысында бастау алар нүктеге айналды.
1999 жылдың 13 шілдесіндегі «Лаңкестікпен күрес туралы» ҚР Заңы , 2000 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік органдардың қызметтерін және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестірушілік ролін нақты белгілей отырып еліміздегі лаңкестікке қарсы біркелкі саясатты біртіндеп жүзеге асыруды қарастыратын «Лаңкестік пен экстремизм белгілерінің алдын алу және жолын кесу жолындағы шаралар туралы» Жарлығы шықты.
Ел Президентімен мемлекеттік органдарға «Лаңкестікпен күрес мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды дайындау туралы тапсырма берілді, ол заң ел Парламентімен 2002 жылдың қаңтарында қабылданды.
Біз лаңкестікке қарсы әрекет ету жөніндегі 12 халықаралық конвенцияның 7-іне қосылдық.
Бұл салада республикамыз ТМД елдерімен тығыз ынтымақтастықта. Қазақстан Президентінің бастауымен Достастықтың Лаңкестікке қарсы орталығы құрылды, қазіргі уақытта ол белсенді жұмыс істеуде.
Сондай-ақ, лаңкестік актілерімен күрестегі ынтымақтастық «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» қатысушы-мемлекеттерінің арасындағы келісімдердің шеңберінде де жүргізілуде.
Қорытындылай келе, республикамызда лаңкестік қаупіне тиісінше қарсы әрекет етуге мүмкіндік беретін лаңкесікпен және экстремизмнің басқа да белгілерімен күрестің заңнамалық негізін жетілдіру бойынша салмақты жұмыс жүргізілді деп айтуға болады.
Қазақстандағы экстремистік ахуал жайы
Соңғы 4 жылда Қазақстанда 13 лаңкестік және 1 экстремистік ұйымның іс-әрекетіне тыйым салынды. ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісовтың айтуынша, соңғы 4 жыл ішінде Республикамыздың Бас прокурорының өтініші бойынша сот орындары: "Әл-Каеда", "Шығыс Түркістанның ислам партиясы", "Күрт халық конгресі", "Өзбекстанның ислам қозғалысы", "Асбат-әл-Ансар", "Мұсылман бауырлар", "Талибан" қозғалысы, "Бозғұрд", "Орталық Азия моджахедтер жамияты", "Лашкар-и-Тайба", "Әлеуметтік реформалар қоғамы", "Шығыс түркістанды азат ету ұйымы", "АУМ Синрике", және "Хизб-ут-Тахир" ұйымдардың іс-әрекетіне тыйым салды.
"Терроризм мен экстремизм бүгінгі күні бүкіл дүние жүзі халқын ерекше алаңдатып отырған ерекше шетін мәселе. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі түрлі лаңкестік актілер саны жылдан жылға артып отырғаны осының айқын дәлел"
2004 жылы еліміздің құқық қорғау органдары халықаралық террористік ұйымның құрылымдық бір буыны болып табылатын, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей аумақтарында әрекет етіп жүрген "Орталық Азияның моджахеттер жамиятының" лаңкестік тобын анықтап, жойды. Бұл топтың басшылары мен мүшелері және оған қол ұшын бергендер ұсталды, бір өкініштісі олардың 9-ы Қазақстан азаматтары болып шықты. Оның үстіне Оңтүстік Қазақстан облысынан жанкештілікке даярланған 4 адам тағы ұсталды. Артынан Алматы мен Шымкентте әрекет етуге тиіс бұл топтың қылмыстық қимылдарын "Әл-Каеда" қаржыландыратыны және олардың бұдан бұрын Өзбекстанда лаңкестік актілер жасағаны анықталды.
"Шығыс Түркістанның ислам партиясының" жақтастары Алматы аймағында байқалды. Дәл осы ұйымның мүшелері 2000 жылы Алматы қаласында екі полиция қызметкерін өлтірген, ал ұстау кезінде қарулы қарсылық көрсетіп, ақыры сол арада олардың көзін жоюға тура келді.
"Күрт халық конгресінің" де іс-әрекеті осыған ұқсас. Түркияның оңтүстік-шығысында тәуелсіз күрд мемлекетін құруды мақсат тұтқан олар да аталмыш аумақтарда ақша жинастырып, Түркияда қарулы қарсылық көрсету ұшін содырлар дайындамақ болған. 2002 жылы Евроодақтың шешімімен бұл ұйым халықаралық лаңкестік ұйым тізіміне енгізілді.
Кезінде өзінің қанқұйлы әрекеттермен Жапония тұрмақ бүкіл дүниежүзін түршіктірген "АУМ Синрике" ұйымының жасырын ұясын Ұлттық қауіпсіздік органы Қызылордадан тапты.
"Хизб-ут-Тахрир-әл-Ислами" діни партиясы Қазақстанда 1998 жылдан бастап белгілі бола бастады. 2004 жылға дейін олар негізінен еліміздің оңтүстігінде әрекет етсе, одан кейін олардың ізі республикамыздың көптеген аймақтарында байқала бастады.
Мысалға айтар болсақ, осы партияның 30 басшылары мен белсенділерін қылмыстық жауапкершілікке тартқан Қарағанды қаласы сотының үкімі жақында ғана күшіне кірді. Соңғы жылдары олардың бұдан басқа да 20 мүшесі сотталды.
Осы арада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тағы бір табысты ісін айта кеткен жөн: осы орган қызметкерлерінің алдын алу жұмыстарының арқасында "Хизб-ут-Тахрир" партиясының 178 мүшесі одан бас тартып, 5 мың дана экстремистік әдебиетті өз еріктерімен өткізді.
Осы жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының өтініші бойынша Астана қаласының соты тағы бір ұйымды - "Түркістан ислам партиясының" қызметіне елімізде тыйым салды.
Осы шаралардың бәрі - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі саясат басқармалары қызметінің бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады
Қатер қайдан демеңіз немесе экстремизм, терроризм
және радикализм туралы пайымдау
Лаңкестік әрекеттер бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бейбіт тұрғындардың өмірін қиған бұл террорлық актілерді бүкіл Еуропа, Азия елдері бір ауыздан қатал айыптады. Жер шарының әртүрлі аймағында – Иракта, Ауғанстанда, Пәкістанда, Еуропа мен Азияда жиі көрініс беруде.
Бұл террорлық әрекеттердің сыры неде? Жазықсыз жан¬дарға қарсы адамдар неге өлім себеді? Олар неге қатыгездікке барады?
Бұл сауалдар әркімді-ақ ойландырады.
«Экстремизм» деген терминнің өзі XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қолданысқа енді.Ол «ең соңғы, төтенше» деген мағынаны білдіреді.
Экстремизм баспасөзде лаңкестік деп аударылып жүр. Бұл өз мағынасын дәл беріп тұрған жоқ. Лаңкестік ұғымы ылаң салу, бүлік шығару, бұзақылық жасау деген ұғымға жақын келеді. Ал экстремизм – бұдан кеңірек ұғым. Оның өмірдегі көріністері терроризм, геноцид, этноцид, расизм болып табылады.
Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм, қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. Террорлық әрекеттің басты мақсаты қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, өзіне көпшіліктің назарын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту болып табылады.
Жанкештілерді даярлайтын арнайы орталықтары бар. Олар қоғамдағы өз ахуалдарына риза емес, олар езілген, қорланған, жаншылған, өмір ағысынан шеттетілген, олардың іштерінде өшпенділік пен кекшілдік ұялап, тұнып қалған. Олар бұл ахуалға өздерін жеткізген жауларды іздейді. Бұлардың ойынша, олар, әрине, бар. Іштегі кекті, ыза мен ашуды солардан алғысы келеді. Ашық күреске шамасы жетпейді. Бір ғана жолды таңдап алады, ол – лаңкестік. Бейбіт халықтың үрейін алу арқылы қоғамда қорқыныш туғызу.
Біздің бақытымызға орай, Қазақ¬станда лаңкестіктің үлкен ошағы бол¬ған жоқ. Террористердің зұлымдық әре¬кетінің іздері кезіккен жоқ. Дегенмен де сырттан келген діни миссионерлер, әртүрлі сектаның өкілдері көбейіп барады. Олар дәстүрлі діндерден алшақ сенім-нанымдарды уағыздап, жас¬тардың санасын улап жүр. Бұлардың елге емін-еркін кіріп, еркін сайран салуын тоқтату қажет. Бұған еліміздегі дәс¬түрлі дін ұйымдарының басшылары көмектесулері керек. Дін адамдардың бас араздығын қоздырмай, олардың бірлігін, татулығын, имандылығын қамтамасыз етуге күш салулары абзал.
Терроризм қай жерде жасалса да, варварлық құбылыс. Бүгінгі әлемдік өркениеттің бетіне үлкен таңба. Адамдардың рухани деңгейінің көрінісі. «Қара жамылған жесірлерді» күйеулерінің кегін алу үшін тікелей ажалға айдау өркениеттіліктің белгісі емес. Шындап келгенде, нағыз тағылық, орта ғасырлық түнекке қайта оралу деген сөз.
Қазіргі кезеңде әлемде кең етек алып отырған бұл індетті материалдық қана емес, рухани мешеуліктің, адамдар бойындағы гуманистік сезімдердің тұрпайылануының салдары деп ұғынған жөн. Сондықтан да бұл ғасыр қасіретімен күресте осыны басты назарда ұстауымыз керек.
Адамзат өркениеті, тарих тегершігі кері шегініс жасауға тиіс емес, өйткені планетадағы тіршілік прогреске құ¬рылған, әлем ертеңге деген үлкен үмітпен өмір сүреді.
«Біздің қауіпсіздігіміз» апталығына орай ұйымдастырылған
«Адамзат баласының тыныштығын бұзған қауіп-қатер»
конференциясының сценарийі
Мақсаты:
Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру;
Оқушыларды БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту;
Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Діни ахуал» слайды, «Деструктивті ағымдардан жапа
шеккендер» видеосы
Б А Р Ы С Ы:
Кіріспе сөз (7 «ә» сынып жетекшісі Дакешева А.Б)
- Армысыздар, қадірменді ұстаздар мен болашақта зор үміт күттіретін біздің оқушылар! 7 «Ә» сынып оқушылары дайындаған сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер!
- Лаңкестік қауіп-қатер мәселесінде Қазақстаның ішкі жағдайы тұрақты. «Қазақстанның өзі ішінде терроризм мәселесіне қатысты қауіп-қатерлер жоқ деп айтуға болады. Ондай қатерлер Қазақстанмен көршілес шеткі мемлекеттерде молырақ шоғырланған, сондықтан да бүгінгі басты қауіп осы бағыттан келу ықтималдығы жиірек қарастырылады. Атап айтқанда, Өзбекстандағы режімге, билікке қарсы топтар, түрлі бағыттағы ағымдар лаңкестік әрекеттерге бой алдыруы мүмкіндігі ескеріледі. Екіншіден, Қазақстанмен көршілес Қытайдан қуғындалған сондай пиғылдағы топтар мен азаматтар қазіргі ақпарат бойынша Ауғанстан мен Пәкістан жерінде көбірек шоғырланған»
Жоспар:
І Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен күрестің құқықтық негіздері
ІІ Қазақстандағы экстремистік ахуал жайы
ІІІ Қатер қайдан демеңіз немесе экстремизм, терроризм және радикализм туралы
пайымдау
Баяндамалар барысында қабырға газеті қорғалып, бейне материал талқыланады.
Қатысушылар пікірі тыңдалады.
Қорытынды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.