.
.
Қайсарлығы мен нәзіктігі жарасқан қазақ қызы Қайсарлығы мен нәзіктігі жарасқан қазақ қызы.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2001 | Размер: | Автор: Тәрбие№87 жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Парменова Әсем
1 – жүргізуші: Жимайды бір шашылған шуақтарын,
Келеді аясында шуақтағың.
Қиярсың жамандыққа қалай ғана,
Жайнатқан бір-бір үйдің шырақтарын
2 – жүргізуші: Арулар – аяулылар, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ бұлар.
Арулар – тіршілкке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар
1 – жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар, қыздар! «Қайсарлығы мен нәзіктігі жарасқан қазақ қызы» атты отырысымызға қош келіпсіздер!
2 – жүргізуші:Біз қыз баланың бойынан нәзіктік пен сұлулықты,
ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерпаздық пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниетті, ақкөңіл қасиеттерді.
көргіміз келеді.
1 – жүргізуші: Әулиеге балаған қыздар туралы қанша айтсақ та артық етпес. Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл - жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.
2 – жүргізуші:Арулардың махаббаты – ізгі ары,
Шертілмеген жұмбақтай ғой бізге әлі.
Қыз Жібектей жаны сұлу, тым нәзік,
Шіркін, қандай қазағымның қыздары!
1 – жүргізуші:Елбасымыз «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі – біздің қазақ», - дейді.
2 – жүргізуші: Иә, дұрыс айтасыз, халқымыз «қызды – қонақ» деп төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балаған. Қызды құт деп санап, өрісін кеңейтетін әулие санаған.
1 – жүргізуші:Уысына қан толған Шыңғыс хан ана шешіміне ғана тоқтаған. Бүтін бір рулы елдің қанат жайып, керегесінің кеңеюіне, құрылғанына 550 жыл толған қазақ хандығының мызғымас қамал болуына да сеп болған – қазақ қыздары, аналары.
2 – жүргізуші: Қазақтың қайсар соңғы ханы атанған хан Кененің қарындасы Бопай ханша да өз ағасына тірек болғаны, қазақ жауынгерлеріне азық-түлігі мен киімдерін жеткізіп отырғанына – тарих куә. Өзінен тараған алты ұлын жауынгерлікке баулып, жауына қарсы жібергені – оның батырлығы деп білемін.
1 – жүргізуші: Аққан жұлдыз атанған Шоқан Уәлихановтың тарих сахнасына енуіне себеп болған – Айғаным ханым екенін біреу білсе, біреу білмес.
2 – жүргізуші: Бала Абайдың – хакім Абайға айналдырған – Зере әжесі.
1 – жүргізуші:Тарихта қайсарлығы мен нәзіктігі жарасқан аруларымыз аз емес. Кешегі, ел басына күн туып, толарсақтан су кешкен заманда сол нәзік қыздар қолына қару алып, ұшақты тізгіндеді.
2 – жүргізуші:Әлия мен Мәншүк апаларымыздың ерлігі – ұрпақ есінде. Ал, жау аспанында ұшақпен атойлаған Хиуаз әжеміз өзі жау қолынан аман алып қалған бейбітшіліктің ашық аспанында жастарға кеңесін беріп, өмірден өтті.
1 – жүргізуші:Жазушы, қарт жауынгер Ә.Нұршайықов: «Қыздар!Сендер қандай ғажайып жансыңдар, шіркін! Жаудырай қадалған қап-қара көздерің мен жанды еріткен көмірдей шаштарың, иықтарыңдағы толқындай тулаған, білектей бұрымдарың мен сол қос бұрым арасынан көрінген кіршіксіз аппақ желкелерің қандай әсем еді сендердің» - дейді.
2 – жүргізуші: Иә, жазушының «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасынан үзінді екенін біліп отырмын. Сол шығармада жазушы: «Ақ қар, көк мұзда жол жағасында жау танкісін тосып, зеңбіректі құрып қойып, шұңқырдың төбесіне плащ-палатка тұтып, тісім-тісіме тимей сақылдап, тоңып отырғанда сендер менің есімнен кетпегенсіңдер, арулар» - дейді.
1 – жүргізуші:«Арулар, асыл жандар, шуақ боп шашылдыңдар» - деп ақын жыры мен жазушы шығармалары мен сазгердің сазына негіз болған да – біз, арулар!
2 – жүргізуші: Бүгінгі «Қайсарлығы мен нәзіктігі жарасқан қазақ қызы» тақырыбына арналған жиынымыздың қонақтарымен таныссақ!
1 – жүргізуші:Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие. Ата-ананың міндеті – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе, қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда, қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады..
2 – жүргізуші:Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда, біздің қазақ қызының бойында ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе-көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.
1 – жүргізуші: Біз сөзімізді осындағы ардақты аналардан бастасақ деп отырмыз. Құрметті ! Сіз ұлын ұяға, қызын қияға қондырған анасыз, ардақты әжесіз. Сіздің қыз дәуреніңіз бен бүгінгі қыздардың жүріс-тұрысын салыстыра аласыз ба? Айырмашылықтар бар ма?
Жұмбақ кейіпкер
2 – жүргізуші:«Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер – білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек.
1 – жүргізуші: Қазақ халқының қызды ерекше қастерлеген, тұңғыш болып өмірге келсе, «ырыс» деп бағалаған. « Елдің көркі» деп олардың жүрегін жылылыққа бөлеп жандарын жаманшылықтан алыстап өсірген. Оның себебі – қыздың болашақ ана екендігін ескергендігінен.
2 – жүргізуші:Келесі сұрақты гинеколог дәрігерге бағыттасақ. Қыздарға жыныстық қатынас қанша жастан басталуы керек?
Ерте жыныстық қатынас неге апарып соғады?
Кей кезде қыздарымыз ойнап жүріп, от басатыны және бар, яғни түсік тастау. Ол туралы не айта аласыз?
(Өлең, ролик)
1 – жүргізуші:ХІ ғ. Жазба ескерткіштерінің ішіндегі қыздар тәрбиесіне байланысты деректердің таңдаулыларының бірі , әрі ұлы мұрасы Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» (Құтты білік) деген еңбегі бар. Бұл - әдептілік, ақыл – ой , мінез – құлық, адамгершілік озық үлгілері көркем тілмен баяндалған дидактикалық ереже мен толғаулар.
2 – жүргізуші: Сөзіңіздің жаны бар! Дегенмен, бұл күнде «Отбасылық зорлық» деген ұғым қоғамымызға дендеп бара жатқаны көңілді алаңдатады. Қорғаным деп сенген әкесі мен ағасы, алыс туыстарының зорлығына ұшыраған қызға не істемек керек?
Осыған орай, заң қызметкерінің пікірін білсек.
Психолог маманымыздың кеңесіне де көңіл бөлсек.
2 – жүргізуші:Зейнеп Ахметова: «Қыз баланың мына өмірдегі міндет
– парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге
әкелетін болашақ ана, үй ұстап, күйеу күтетін адал жар, ата-ене сыйлап иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын, бұл - өмір заңы.» - деген. Барлық халық қыздарды өмірдің жалғасы, болашақ ана, өмірлік жар, ол – еңбекқор, ол – қоғам қайраткері деп бағалаған. Халықтың рухы , жаны, тарихы, арман-үміті болып табылатын тілді де , басқаша емес, «ана тілі» деп етеу тегіннен тегін емесекені анық. Бұл ұлттың тілі, ғұрап-салты, дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген сөз. Сондықтан қыздар өз бойын күтуді, өз халқының озық тәрбие дәстүрі, өткен-кеткен тарихы, өмір салты жайында жақсы біліп, соны айтып бере алатын болуын тілеген.
1 – жүргізуші:Өкінішке орай Қазақстанда қыз балалардың тәрбиелік жағдайы күн санап қиындап барады. Жас қыздар ешбір қымсынбастан темекі тартып тұра беретін болды. Ал олар болашақта ана болатын нәзік жаратылыстың иелері емес пе? Ертеңгі күні дүниеге нәресте әкелуі керек. Шылымның зияны шегіп тұрған адамның тек өзіне ғана емес, манайындағыларға да үлкен әсер ететінін ғалымдар баяғыдан-ақ дәлелдеп берген.
2 – жүргізуші: Осы сөздерден соң нарколог маманымыз біздің қыздарымызға қандай кеңес бере аласыз?
1 – жүргізуші:Байқа, ботам, өте нәзік жаның да,
Аңқау болма, қызыққа көп салынба.
Кір келтірме, қыз атыңа, арыңа,
Шалыс басып, түсіп кетпе жалынға.
2 – жүргізуші:Төтіп берсін дауылдарғы желкенің,
Сарқылмасын бал қылықты ертегің.
Күрес, еркем, жамандықпен жасымай,
Күндей нұрлы болу үшін ертеңің!–дей келе әрбір елдің өміріндегі шешуші кілті – қыздарға берілетін тәлім – тәрбие арқылы өлшенетінін ұмытпайық!
1 – жүргізуші:Аймаңдайлы ұл – қыз туса алдыңда,
Үйіңде өсір, бөтен жерге қалдырма.
Тәрбиешісі ал ізгілікті, көшелі
Ұл – қыз жақсы, таза болып өседі.
Ұл –қызыңа әдеп үйрет, білім бер
Қос жалғанды, бірдей көріп, күлімдер.
Қорытынды сөз мектеп директоры А.С.Қаппароваға беріледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.