.
.
Топ жиынның тақырыбы: Қайырымдылық һәм сәби. Қайырымдылық һәм сәби.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1275 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты: Қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі – тірі жетім балалардың көбеюі және оларды шетелге сату мәселелеріне тоқталу.Ұл-қыздарымызды қайырымдылыққа,имандылыққа,бірлікке тәрбиелеу.
Жүргізуші:Қоғамдағы әлеуметтік өткір мәселелердің бірі-тірі жетім балалардың көбеюі.Соңғы жылдардың деректеріне сүйенсек,тастанды балалардың саны жылдан-жылға көбейіп отыр.Соңғы кезде халықтың хал-ауқаты,елдің экономикасы түзеліп келеді.Сонда бұл қайшылық қайдан пайда болуда?Сірә,сана-сезім,ата-аналық борыш,ата-баба дәстүріне ақау кіріп,санамызда мүгедектік пайда болған сияқты.
Алтынбек:Әрбір сәби өмірге бақытты болу үшін келеді.Сәби ата-анасы қасында болып,анасының ақ сүтін тоя еміп,мейірімді алақанның жылуын,әкесінің асқар таудай қорғаны екенін сезініп өссе,ол бойына барлық асыл қасиетті жинаған парасатты азамат болып өседі.
Дәрмен:
Ана-дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген –бәйтерегі өмірдің,
Ана деген –алтын қазық,алтын бақ.
Алмат:
О,ата-ана!
Таянышы,тірегі!
Бар бақытты бір басыңа тіледі.
Балаларым жақсы болсын деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің,
Салауат:
Ана сүтінен барлық адам нәр алған,
Ол азығың өзіңменен бірге жаралған.
Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,
Күш-қуат боп өн бойыңа тараған.
Жүргізуші: Ән «Мама» Бисембиева. А
Айнұр:
Өмір берсе жаратқаным жетімге,
Берді оған күшпен тірлік етуге.
Күресуге келмесе де шамасы
Жаралмаған мәңгі жылап өтуге.
Мәди:
Көңілінен ана сөзі кетпейді,
Әрбір күні өкінішсіз өтпейді.
Тұрса-дағы мейірбандар алдында,
Ананың ақ жүрегіне жетпейді.
Назерке:
Жылап жүрсе қазақтың бір баласы,
Ішінде оның ашу,ыза наласы.
Болмас еді жетім деген сөз мүлде,
Өз баласын тастамаса анасы.
Нұрберген:
Ата-ананың жоқтығына өкінген,
Қиындықпен күресуге бекінген.
Ұғынсаңшы,анасы,сенің балаң бұл,
Жаралмаған мәңгі жылап өтуге.
Жүргізуші: М.Мақатаев. «Жетімдер үні» оқитын Ереева Әсел
Дәрмен:
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңы 76-бабының 2 тармағында балаларды Қ.Р-ның аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана шетелдіктерге азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін делінген.Осы заңды негізге ала отырып,балаларды шетелге беру мәселесін асыра орындап жатқандаймыз.
Қасиет:Соңғы жылдардағы деректер бойынша Қазақстаннан жалпы саны 5394 бала жат елдік атанса,оның 4750-і Америкаға кеткен.
Құбылғаным: Олардың басым бөлігі өз қаракөздеріміз екені жанға батса да шындық.Шетелдіктер алғашында ұлдарды асырап алуға қызықса,соңғы жылдары олардың арасында қыз балаларды асырап алушылар жиілеп кеткен.
Жүргізуші:Жетімдерді шетелге асырауға беру мәселесі турасында көпшілік қауым екі ұшты пікір айтады.
Алмат:Оны қолдайтындар тастанды балалар көздері жәудіреп жетімдер үйінде жүргенше,шетелге кеткені дұрыс деп есептейді:Олар Америкада бақытты отбасында тіршілік етіп жатыр.Кәмелеттік жасқа толған соң олар өз Отанын табады деген жұбатуларға сену қиын.
Ботагөз:Ал бұл пікірлер мен келіспейтіндер де аз емес. «Шетелге беру деген жетімдерімізді далаға қаңғытып жібергенмен бірдей.Онда қалай өсіп,қандай тәрбие алып жатқанын кім біледі?
Шетелге кеткен жетімдерді асырап алғандар өз баларымызды өзімізге қарсы қоймасына кім кепілдік бере алады?
Жүргізуші: Көрініс «Су қараңғылар».
Салауат: «Әр бала өз туған жерінде өсуі тиіс.Себебі шетелге кеткен бала өз тілін ,дінін,ата салтын білмей өседі.Ұлттық тәрбиені қазақ баласына тек қазақ қана бере алады.»
Нұрберген: «Жетім көрсең, жебей жүр» деген бабалар өсиетін ұмытқандар балалардың шетел асып жатқандарына еш қынжылыс танытар емес.
Тағдырынан онсыз да опық жеп үлгірген жәдуір көз сәбилеріміздің шетел асуына тосқауыл қашан қойылар екен?
Жүргізуші: «Дүние керуен» орындайтындар: Орынбаев.Д,Аманжолов. А
Жүргізуші: «Жерде жетім жыласа,көкте періште күңіренеді» демекші,
Мемлекеттің жетім балаларға қамқорлығын көрмеуге болмайды,былайша айтқанда,дәмді тамақ,жаңа киім,аппақ төсек.Олар мемлекеттің қамқорлығында,кең де жарық жылы үйде,тамақтары тоқ,киімдері бүтін,барлық ем-шара,толық қамтылған тәлім-тәрбие алып шығады.Бірақ,олар тамырсыз бұтақтар ғой.
Жүргізуші: «Жетімхана» оқитын Қ.Наженова
Жүргізуші: Ән: «Сәби бақыты».ЕрееваӘ.Сагималиева.Б
Айнагүл: Бүгінде біздің облысымызда ата-ана қамқорлығынсыз қалған 1947 бала бар.Олардың 1216 –сы жақын-жуықтарының немесе бөгде жандардың қамқорлығында болса,731 өрен балалар үйлерінде тәрбиеленуде.
Ильгиз: Елімізде патронатық тәрбие 2004 жылы бастау алды..Алғашында біздің облысымызда тек 11 патронаттық отбасы болса,бүгінде 131 шаңырақта барлығы 193 бала тәрбиеленуде.
Жүргізуші: Сонда Патронат дегеніміз не?
Айнұр: Патронат- туысқан емес адамның ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы уақытша тәрбиеге алуы.
Назерке: Ата-ананың аялы алақанына зәру,ауыр науқастардан зардап шегіп жүрген ұл-қыздарды «Бөбек» балалар қоры қамқорлығына алып отыр.Қордың президенті – еліміздің бірінші ханшайымы Сара Алпысқызы Назарбаева. «Бөбек» қоры сол кісінің бастамасымен 1992 жылдың 27 наурызында өмірге келді.
Қасиет: Бірнеше қалада « SOS – балалар тұрағы» атты халықаралық жоба аясында отбасылық қалашықтар бой көтерді.Олардың әрбірінде тәрбиешілер мен бірнеше бүлдіршіндерден құралған жанұялар тұрады.
Қажібек: Сондай,ақ, «Бөбек» қоры республика аумағындағы балар ауруханаларын жабдықтауға,дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөліп келеді.
Жүргізуші: Ән:«Бала тілегі»
Жүргізуші: Дүниеде сәбидің шат күлкісіне жететін ештеңе жоқ.Өмірдің мәні де ,сәні де баланың бақытымен өлшенеді.Сондықтан мемлекетіміз сендердің ашық аспан астында гүлдей жайнап жүрулеріңе,заман талабына сапалы білім алуларыңа толықтай жағдай жасап отыр.
Әсел:
Тыныштық баршамыздың ұранымыз,
Мәңгілік таусылмайтын жыр-әніміз.
Арманның асқарына қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.
Хормен: «Тәуелсіз елдің ұрпақтары ешкімге тәуелді болып өспесін!»
Жүргізуші: Ән: «Өз елім»
Жүргізуші: Осымен Атамекен бағыты бойынша «Қайырымдылық һәм сәби» атты топ жиынымыз аяқталды.Назарларыңызға рахмет!
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Пятимар ауылы
Пятимар орта жалпы білім беретін мектебінің
физика және информатика пәнінің мұғалімі
Мутянова Гүлбаршын Төлегенқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.