Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды» -

«Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды»

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 7124 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «Мектепке
дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар
№22 жалпы орта білім беру мектебі»ММ. Қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қобланов Дженгисбай Таубаевич

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды»
Мақсаты: а) Бала бойына сүйішпеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет
тұтып,адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу.
ә) Ата-анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету,қоғамға
жат қылықтардан сақтандыру, ата-ана алдындағы құрмет тұту сезімін
дамыту.
Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі

Кіріспе сөз: Бала тәрбиесінде ата-ананың алар орны ерекше. Ата-ана баласына саналы тәрбие беріп, оның болашағына зор үмітпен қарайды. Өкінішке орай қазіргі заманда ата-анасы мен ұстаздардың берген тәрбиесін жоққа шығарып, өмірден опық жеп жатқандар қаншама. Балалардың мектеп партасында отырып, оқушыға, қоғамға жат қылықтармен айналысуы бұл-кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Біздің оқушыларымыз осындай жат қылықтардан аулақ болып, саналы, тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында осы тәрбие сағатының мәні зор деп сенемін.

Көрініс: «Қарт пен бала әңгімесі»

Баласы: -Ата,ата, маған сұрақ қойыңызшы.
Атасы: -Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Баласы:- Ата, үйдің алтын қазығы-бала.
Атасы: -Жоқ балам, үйдің алтын қазығы-ана. Ана ақылды болса, бала дана
болады.Ана тәрбиесі-қызға үлгі, әке тәрбиесі-ұлға үлгі. Ана-ақылшың, әке-
қамқоршың, аға-қорғанышың, інің-сүйенішің, қарындасың-қанатың екенін
ұмытпа.
Атасы:-Балам , жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Баласы: -Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін-мейірімді әке.
Атасы:-Жоқ,балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ,
жоқты бар ететін ол-ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран
ұйымайды.
Атасы: Ал, балам, өмір сүруүшін не қажет?
Баласы: - Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.
Атасы: - Жоқ, балам, өмір сүру үшін су,от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су-тіршіліктің нәрін
береді, от-өмірге жалын береді, тұз-астың дәмін келтіреді, қыз-өмірдің сәнін
келтіреді, ақыл-өмірдің мәнін келтіреді.
Пікірталас сұрағы: Балалар бұл көріністен не байқадыңдар?
Мұғалім: Адам барма, ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен ананың сонысына мақтанам.-деп ақындар жырлағандай қымбатты да аяулы аналарымызға қошемет көрсетіп өтейік.
Оқушылар көріністен қандай ой түйдіңдер? Қарттың айтқанымен келісесіздерме?

Көрініс: «Кешір мені,ана»

Автор: -Жалдамалы пәтерде анасы мен баласы әңгімелесіп отырады.
Анасы: -Балам, сабағыңды жақсы оқы, әкең екеуіміздің ойлап жүргеніміз сенің қамың.
Жақсы тамақтанып, жақсы киінсін деп тынбай еңбек етудеміз. Сабағыңды
жақсы оқысаң, болашағыңнан үлкен үміт күтеміз. Ал,енді мен жұмысқа кеттім.
Баласы: - Жарайды, ана, уайымдамаңыз.
Автор: -Анасы шығып кетеді.Бала сабағын оқып отырады. Осы кезде сырттан екі бала
келіп оны ұйымға кіруге үгіттей бастайды.
Олар: -Сен біздің ұйымға кіресің бе, онда қызықты нәрселер көп.
Бала: -Жоқ, мен анамның айтқанын орындап, сенімін ақтауым керек.
Екеуі қарқылдап күледі: -О, күшік! Анасының айтқанынан шықпайды, жігіт емессің.
(Екеуі баланы ұрып-соғып қорқытады)
-Енді қалай, ойландың ба?
Бала: Жарайды,жарайды.
Әлгі екеуі: -Ендеше былай, қазір үйіңнен бізге ақша әкеліп бересің. (Екеуі шығып
кетеді)
Автор: - Бала қорыққанынан анасының сөмкесінен ақша ұрлап әкеліп береді.Анасы
жұмыстан келген соң баласының түрін көріп таң қалады.
Анасы: -Балам, түріңе не болған?
Баласы: -Ештеңе, құлап қалғанмын.
Автор: - Анасы сөмкені ашып қараса ақша азайған сияқты.
Анасы: -Балам, сөмкедегі ақшаны сен алдың ба?
Баласы (дауыс көтеріп): -Жоқ, неге менен көресіз? (Үйден шығып кетеді).
Оқушыларға пікірталас сұрақтары: 1.Осы жағдайға кім кінәлі?
2. Баланың іс-әрекеті орынды ма, сен болсаң не
істер едің?
3. Әлгі екі бала туралы не айтасыз, мұндай
балаларға бұл іс неге қажет болды?
4. Көрініс соңын қалай аяқтар едің?

Мұғалім: Әке- отбасының пірі, қара шаңырақтың иесі, әке-үй-ішінің тірегі, баланың
қамқоршысы.
Әке ардақты, әке қымбат әрине,
Әке керек, әр адамға, әр үйге.
Бәрінен де әке керек болса да,
Әке керек, ең алдымен сәбиге.
«Әкесіз бала-панасыз балапан», -дейді халқымыз.Ардақты әке баласының бойына бүкіл адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіреді. Имандылыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, іскерлікке, еңбексүйгіштікке баулиды. Әсіресе, ер бала- әкесімен сырлас, жолдас.Ол әкесімен әр істі ақылдасып отырады. Әр баланың әке алдында міндеті, борышы бар: әкені сыйлау, тілін алу, ізет көрсету, әдеп сақтау, т.б.
Өкінішке орай,әкелік міндетін дұрыс атқармай,ішімдікке салынып, адамгершілік қасиеттерден айырылған әкелер де кездеседі. Ондай әкелер тәрбиесіз, ұлтының асыл қасиетінен хабарсыз ұрпақтан пайда болады.
Бейнебаян:Балалар мұндай жағдайдан аулақ болайық,осы көрініске өз пікірлеріңді айтыңдар!
Хадистер мен ұлағатты сөздер не дейді:.
Хадистер:
-Ей,Перзентім! Ойыңа тоқып ал, ата-анаңа құрмет, ізет қылуды мойынға алу ләзім. Себебі , баланың түп негізі- ата-ана болып табылады.
-Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы да болма. Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады. Сен соны білуің керек.
-Ата-анаңа не істесең , қартайғанда алдыңа сол келеді.
- Сен ата-анаңның еңбегін дін жағынан өтей алмасаң да ақыл-санаңмен, адамгершілігіңмен өте. Кімде-кім ата-анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы. Алла тағала оның өмірін ұзартады

1.Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата-ананы аялап бақса, армандары орындалады.
2. Атан-ананы сыйлау – сәби шағында олар өзіңді қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялау керек.
3. Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірін ерекше бағаламасаңыздар, ол-қорлық.
4. Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке-тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана-жарық дүниеге әкелушің.
Ойтолғау жазу:
Ұл балалар: «Менің әкем- менің мақтанышым».
Қыз балалар:«Анам-ақылшым»
Қорытынды: Мұғалімнің сөзі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.