.
.
Алтын күз Алтын күз
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1650 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты: Күз мезгілінің қыр- сырын жете меңгере білу; оның өзгерістерімен таныстыру, әсемдікке баулу; күзгі еңбек және табиғатты сүю, қорғау; ата-ана, бала мен мектеп арасындағы қатынас орнату.
Көрнекіліктері: плакат, шарлар, тапсырмаларға қажетті заттар, құралдар, музыка.
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, көптен сағынып күткен «Алтын күз» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
Күз – жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, барлық жан- жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!? Иә, мен бұл мезгілді «Алтын күз!» деп айтар едім. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялды.
Жиылған қауым, армысыздар, бәріңіз,
Келіп жетті алтын дәнді сары күз.
Бірге болып қуанышта бәріңіз,
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.
Күз — мереке, күз — ырыстың белгісі,
Қайтып барады мекеніне жыл құсы.
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,
Алтын күздің той думаны басталды.
Бүгінгі біздің мерекеміз шағын сайыс түрінде өтпек. Сайысқа 4 топ қатысқалы отыр. Олар:...
Ал ендеше бұл топтар өздерін таныстыра кетсін.
Мереке бүгін, күздің міне келгені
Күздің бізге бақыт-байлық бергені.
Құтты болсын мерекесі «Алтын күз»
Бәрімізді қуаныш күйі тербеді.
Көркем сөз
Еседі күздің желі жер бауырлап,
Барады қолын бұлғап, жаз бұлдырап.
Қыс ызғарын сездіріп, қарасаңыз
Көк аспан күз бұлтымен тұр тұнжырап.
«Ас адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде дайындап әкелген тамақтарын қорғап, оны тапсырады.
Жайып салып алдыңа қалағанды,
Жемісті күз кезінде келе қалды.
Жоқ еместің бәрі бар қоржынында,
Жаратпайды бірақ ол тонағанды .
Келесі кезеңде, балалардың өз ата - аналарына көмектесетіндіктерін істерімен дәлелдейді. «Кім епті?» картоп жинау (уақытқа сай)
қияр, қызанақ турау, оны тәрелкеге әдемілеп салу
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, -дей отыра, келесі кезекті жарнама- «Күздік сән үлгісіне» берелік.
Күтіп жүрек біз оны әуел баста – ақ,
Жәрмеңкені жібердік дереу бастап.
Астық, мақта, Миуасын – бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап.
Күздің сыйынан бір затты бейнелеу. (кепкен жапырақтар, қағаз, бөтелке, т.б.)
Алтын күз шаттық алып кел,
Өнерлі жанға шабыт бер.
Адасқан жанға бағыт бер,
Болсыншы біздің бақытты ел.
«Өнерлі өрге жүзер» демекші, қатысушыларымыздың өнерлерін тамашалайық. Өнер сайысы.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жаң болсан сен ұғатын.
Осымен біздің шағын мерекелік іс-шарамыз да өз мәресіне жетті. Тойымыз тәтті шаймен жалғасын тапсын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.