.
.
Ана тілі - білімнің кілті Ана тілі - білімнің кілті
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2404 | Размер: | Автор: гостьТақырыбы: Ана тілі – білімнің кілті
Мақсаты: Ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту, сөйлеу тілдерін дамыта отырып көркем, шешен сөйлеуге баулу. Ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көректілігі: тіл, кітап туралы мақал – мәтелдер, нақыл сөздер жазып ілу. Балаларға арналған басылымдар, кітаптар көрмесі.
Барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
- оқушылармен амандасу, түгендеу
- назарларын сабаққа аудару
ІІ. Кіріспе
Мұғалім:
Сүйемін туған тілді анам тілін
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген тыныс үнін. –
- деп С. Торайғыров жырлвғандай бізге бесікте жатқан күннен бастап
құлағымызға сіңген қандай үн?
- Бұл әрине, бесік жыры, бізді әлдилеген анамыздың үні, анамыздың тілі. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Бүгін міне, 22 – қыркүйек Тілдер мерекесі. Мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі мерекеге орай сендермен топқа бөлініп, сайыс ұйымдастырамыз.
- Сайыс бірнеше бөлімнен тұрады
1.Кезең Бәйге
2. Кезең «Ана тілім мерейім» мәнерлеп оқу
3. Кезең Мақал-сөздің мәйегі
4.Кезең Полиглот
5. Кезең Даналық ойдан дән ізде
- Сонымен сайысымызды бастайық
1. Кезең «Бәйге» екі топқа сұрақ қойылады
- Тапқырлар тобына сұрақ
1. Өнер алды не?
2. Ең бірінші бақытым ......
3. Үш биді ата
4. Тілдің ең негізгі қызметі
5. Ашу дұшпан - .........
6. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
-Алғырлар тобына сұрақтар
1. Сөз анасы ..........
2. Ал екінші бақытым ...........
3. Құрғақ сөзінің антонимі .......
4. Мұсылмандардың қасиетті үйі ....
5. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды? ...
6. Мұсылман дінінің қасиетті кітабы ....
2.Кезең «Ана тілім мерейім»
- оқушылар тіл туралы өлең оқиды.
3.Кезең «Мақал сөздің мәйегі» мақал-мәтелді аяқтау
- Тапқырлар тобына сұрақ
1.Өзге елде сұлтан болғанша ..... (өз еліңде ұлтан бол)
2.Оқусыз білім жоқ .... (білімсіз күнің жоқ)
3. Көп жасаған білмейді .... (көп көрген біледі)
4.Тіл қылыштан да .... (өткір)
- Алғырлар тобына сұрақтар
1. Басқа бәле ... (тілден)
2.білекті бірді жығар ... (білімді мыңды жығар)
3.Көре-көре көсем боласың ... (сөйлей – сөйлей шешен боларсың)
4.Жеті жұрттың тілін біл ... (жеті түрлі білім бір)
4.Кезең «Полиглот»
- Тапқырлар тобына сұрақ
1. Айдалада ақ отау,
аузы мұрны жоқ отау- (жұмыртқа)
2. Аяғы жоқ жүреді,
сылық-сылық күледі (су)
3. Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көл көрдім өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін- (карта)
4. Тілі барда үні жоқ,
Өзін адам түсінген,
Жүрегі барда қаны жоқ,
Сөйлеп туған ішінен- (кітап)
Алғырлар тобына сұрақтар
1. Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп - (ай)
2. Өзі-қазық
Өзі азық- (сәбіз)
3. Әр түстің сәні бар,
Аумайды гүлдерден,
Қанаты бар жаны бар,
Айтпаймын білгенмен (көбелек)
4. Кішкентай ғана бойы бар,
Қабат-қабат тоны бар- (орамжапырақ)
5.Кезең «Даналық ойдан дән ізде»
Ана тілім әрекетім - азығы
Бар ғаламды тануымның қазығы
Ой- санамның өсуінің куәсі
Ғасырлардың кейінгіге әз үні
Ана тілі бәрін сөйлер шежірем (Т. Абдрахманова)
- Ана тілін 5 жолды өлең құрастыру.
- Сонымен, балалар, бүгінгі сайысымызда соңына жетті. Сайысты қорытындылайық . сайыс барысында берілген жұлдызшаларды санайық. Қай топта жұлдызша көп сол топ жеңіске жетеді.
ІІІ. Қортынды.
- Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл жеткізе алмасақ, мұны тіліміздің орамсыздығынан көрмей, өзіміздің дәрменсіздігімізден көруіміз қажет. Қазіргі өсіп келе жатқан бүлдіршін жастардың бір үлкен қателігі бар. Ол мынау: сөйлесе кетсең көпшілігі – ақ мүдіріп, аузына сөз түспей, білген сөзінің өзін бұзып айтып қиналады да қалады. Ана тілінде таза сөйлей алмайтыны, сөйлемдердің басы мен аяғы араласып, сөздері шұбарала келетіні бірден байқалады. Мұның өзі әрине, тілін ұстартуға зер салмағандықтаң белгісі. Тілімізді ұстарту үшін әдеби кітаптарды көп оқып, теледидардан, радиодан сөйлеген дикторлардың сөзіне, ақын, жазушылардың сөз қолданысына назар аударыңыздар.
- Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп, тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – деп ақын Қ. Мырза Әлі жырлағандай ана тілімізді құрметтей білейік!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.