Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ана тілім – ардағым! -

Ана тілім – ардағым!

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1596 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Ана тілім – ардағым!
Мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, шарлар, үнтаспа, 20-жылға арналған суреттер.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Қазақстан Республикасының - әнұраны орындалады.
Жүректен жүрекке шеңбері. Тілек айту.

20-жыл ішінде Қазақстан қандай жетістіктерге жеткеніне тоқталайық.

Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.

Қазақстан Республикасының Туы.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Әнұран

Қазақстан теңгесі – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.
Қазақстан Республикасының Президенттің 1993 жылы қараша 15 жарлығы бойынша айналысқа еңгізілді.

Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр.

Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйымның бірінші төрағасы ретінде тарихқа кірді.

Елордамыз – Астана қаласы.
Бүгінгі Астана – Қазақстан тарихи жеңістерінің белгісі.

Елбасы Жарлығымен 1997 жылдың 11 шілдесінде бекітілген
Тіл туралы Заңның 4-бабында
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болды.

Келген жыл елдің басшылығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлау жылы деп жарияланды

Тәрбиеші сөзі:
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

"Тіл – біздің тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Тіл – таусылмайтын байлық.

Тақпақтар

Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді

Ана тілім қазақ тілім, туған тілім
Қасиетті тілімнің мәнін біл
Ана тілді құрметтеңдер адамдар
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!

Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.

Қазақ тілім туын биік ұстаған
Қазақ ттілім кең далама ұқсаған
Қазақ тілім мәртебелі еңселі
Құрметтеп отыр , бүгін ел сені.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өшемін
Өшсе тілі мен де бірге өшемін.

Жанымнан қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзден тыңдап
Үлгі өнеге алам

Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.

Ана тілім –елдігім
Ана тілім - ерлігім.
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін

Ана тілім - тірегім
Ана тілім – жүрегім.
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін.

Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

VI. Ойын «Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер

1. Бас кеспек болса да, ..... (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған ...( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
6.Тіл - адам ойының ... (айнасы)
7. Тіл қылыштан... (өткір)
8.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)
11. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)
12. Бал тамған тілден ... тамар (у)
13. Көп сөз - ... (бос сөз)
14. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)
15. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)
16.Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)
17. Жақсы байқап сөйлер...(жаман шайқап сөйлер)
18.Көре-көре көсем боларсың...(сөйлей-сөйлей шешен боларсың)

Жүректен жүрекке шеңбері.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Бізді жақтап отырған
Сіздерге де мың алғыс!

Осымен «Туған тілім –ана тілім» атты ертеңгілігіміз аяқталды
Көп рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.