.
.
Тақырыбы: «Анашым деп мақтанам» «Анашым деп мақтанам»
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2609 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты: 1. Оқушылар бойында 8 наурыз аналар мейрамын қастерлеу сезімін оята отырып, өз
ойларын тереңдету.
2. Мейірімділікке, сый құрметке тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
3. Өздерінің сүйікті аналарына деген балалық махаббаты арқылы өз Отанға сүюге
тәрбиелеу.
Түрі: Танымдық, ой-толғау.
Әдісі: Аралас, Түсіндірмелі, Сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, ватмен, маркер, суреттер, «Анам үшін мақтанам» оқушылардың шығармашылығы, т.б.
Өткізілу барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Мағынаны тану. Кіріспе. Мұғалім сөзі.
- Құрметті қыздар,аналар! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын ! Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы 8-наурыз мерекесіне арналмақ.
Ана. Осы үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші !
Ана – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ізгі адам.
Ана – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан. Бізге қажымас қайрат беретін – ана. Анаға бас иейік! Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым.
Тарихтағы Домалақ ана, махаббаттың пірі – Айша Бибі мен Абақ ана, Абайды туған Ұлжан, ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай, ел қорғаған Гауһар ана – бәрі Ана деген атқа ие. Ендеше сол аналарға тағзым етейік.
Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, Аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қыс ызғарына шалдықпай бүршік жарады. Біздің асыл Аналарымыз соншалықты нәзіктігіне қарамастан, барлық қиындық атаулыға төзімді.
8-наурыз Аналар мерекесі болып, 1910 жылдан бері тойлануда. Неміс халқының белгілі қайраткері Клара Цеткин «8 наурызды бүкіл әйелдердің тең құқықтығы үшін күрес күні» деп атап өтуді ұсынды. Содан бері бұл күн үлкен мейрам ретінде тойланып келеді.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана десем, ұшқын атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
-Ендеше бүгінгі тақырыбымыз да «Ана» болмақ.
Ән: Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні.
3. Негізгі бөлімі. Әр түрлі тапсырмалар орындау. (жеке-жеке оқушылар үшін)
І. Ой-толғаныс.
1. «Ана» сөзін топтастыру.
2. Теңеу сөздер арқылы аналарға тілек жазу.
Әлемнің жарығын сыйлаушы
Ұлттың ұйытқысы өмір нәрін себуші
Ана
Шаңырағымыз/ң тірегі ең қымбатты жан
Ұрпақтың анасы адал жар
Кім тапқыр?
ІІ. Оқушылардың ана туралы мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін тексеру.
Мақал - мәтел айту.
Берілген сөздерді қатыстырып мақал құрау
Гүл Күн Ұстаз
Су Жаңбыр Қыз
Ана Әке Гүл
Бұлбұл От Ел
Жер Бұлақ
2. Мақал-мәтелдерді аяқтау.
1. Асығу баланың ісі, ... (аттандыру ананың ісі)
2. Ана сүтін ақтамағанды, ... (ешкім мақтамайды)
3. Ананың алдында ... (асқар тау да аласа)
4. Ағайын алтау, ... (ана біреу)
5. Ананың алды ... (ақ жайлау)
6. Ақ жаулығы ананың - ... (Ақ көрпесі баланың)
7. Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз
(Жақсы қыз – жағадағы құндыз).
ІІІ. «Ана»- ақындар тілімен ...
(Оқушылардың өздері шығарған өлеңдері немесе ақын – жазушының өлеңдері оқылады)
IV. Тренингтер
V. «Анам үшін мақтанам» (өз аналары жайында жазылған оқушылардың шығармалары оқылады).
Ән: «Ақ мамам».
Гүлназ: Мен мұғалім анамның, өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай. Оқытушы боламын.
Ризабек: Мен үшін не керек- бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
Аягөз: Сенен өскен балалар. Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейрамын , Құрметті аналар!
Бекзат: Әр сөзімді жаттаған, жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам, айналайын ақ анам!
Алтын: Айналайын анашым, әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз, анамыздың мамасын.
Дінмұхаммед: Ақ қабақты анашым, күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын, айналайын анашым.
Алтын: Бәрімізге анасың, біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың, құттықтаймын анашым.
Ризабек: Ерлік, еңбек атқарған, еңбегімен мақтаған,
Ел сенімін ақтаған, айналайын ақ анам.
Бекзат: Бізді өсіріп баптаған, жақсы болсаң шаттанған.
Алтыным деп мақтанам, айналайын ақ анам.
Гүлназ: Еркелесем күлімдейтін, ұрысөқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскелейтін, құлыншағым күнім дейтін.
Аягөз: Мәпелейсің мені анам, қолыңдағы құсыңдай,
Құлпыра өсіп дем алам, құшағыңда қысылмай.
Ақнәзік: Менің атым Әлия, елге даңқым жария
Лайықты даңқыма. Қызмет етем халқыма.
VI. Сыйлық әзірлеу. Ең әдемі сыйлық.
(алдарындағы түрлі-түсті қағазды, желімді, қайшыны қолдана отырып, аналарына сыйлық әзірлеу)
Ән: «Анашым»
IV. Қорытынды. –Ана өміріміздің жарығы, шаңырағымыздың тірегі. Оның аяулы алақанының арқасында өніп-өсеміз.
Ана бақыт, ана өмір.«Анасы бар адамдар,
Ешқашан қартаймайды».
Сендерге балалар, «Ешқашан қартаймаңыздар» дегім келеді.Би: Вальс
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.