Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан» -

«Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан»

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1621 | Размер: | Автор: Тәрбие
. «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан»
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді. Осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
1-Жүргізуші : Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен.
Ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған Ар-намысым, қасіретім; мақтанышым-желтоқсан атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
2-Жүргізуші: Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986-ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
1-Жүргізуші:«Түбін білмеген-тексіз» дейтұғын қазақтың ғажап сөзі осындайда шықса керек. Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?
Осыдан 20-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды.
Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рұсқұлбеков, Е.Сапатаев, Л. Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін үлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділітсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
1- оқушы: Желтоқсанда.
Алматада, Ақ қарда
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жатқан.
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
2- оқушы: Кім көріпті о заманда,бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде-үрей бәрі ұялады,
Болсайшы аман, мына ғалам, дін аман.
3-оқушы: Бұрын көктің көкірегін тілгілеп,
Найзағайлар от билігін тұр билеп,
Ақ боранда құтырады ит деуші еді,
Алматының иттері ұлып, үрді кеп.
4-оқушы: Желтоқсанда шындақ жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
Уақытымның талабында дөп келсе де ұраның.
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
"Нашақор" деп, "маскүнем" деп айыпталдың, ұланым!
5-оқушы: Нөсер бұлты жетпеді көшіп қырдан,
Шыбық өлді қырқада өсіп тұрған.
Шындық деген жоқ екен сотыңда да,
"Атауға" деп міз бақпай кесік қылған.
Біреу қарғап, дүние-ай, жақ ашпайды,
Қайрат ұлан осылай аласталды.
Құрбандыққа күн бұрын белгіленген
Артық адам сен болдың Алаштағы.
6-оқушы: Жанымыз жомарт қазақпыз.
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
7- оқушы: Желтоқсан-сен еркіндіктің ұраны,
Желтоқсан-сен азаттықтың жыр-әні.
Ұмытпайды сені мәңгі ұланың,
Желтоқсан-болашағы елімнің.
8- оқушы: Өгей қозы біз болдық елімізге,
Келімсектер шықты ғой төбемізге...
Күңірену, айқайдан құлақ тұнды,
Көзге жас ап аналар жылап тұрды.
Көрініс: Алтыннұр:
Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері С.Савицкийдің өліміне кінәлі деген айып тағылды. Сөйтіп, Семейдегі № 21 камераға қамайды. (Күй ойнайды)
Тергеуші-
Қайрат, Милиционер
Қ: Қайратты тергеуге әкеледі.
Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұштырдың,
Балағаттайсың маған, бір түйінін түсіндім.
Жазықты емеспін, қайталай берем несіне
Оқып көр міне өлеңге түнде түсірдім.
Т: Түкірдім мен жырларыңа
Ит, не деген өткір едің,
Ине сұқтым тырнағыңа,
Өлердей ғып, тепкіледім.
Алдап-арбау тәсілімен,
Мойындата алмадым

Қ: Мойындата алмайсың.
Т: Байқа, 87-бұл бүлігі көп
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп,
Тіліңді безеп, өлең айт, маған десең
Савицкиді өлтірдің алаңда сен.

Қ:Бітер екен осы бір "Кеңес"қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан
Сенбесеңіз құдай менен достар куә.
Т: Жылап бүркіт болмас 10 мың қорға
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?
Бәрі бір іске аспады амалдарың
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың
Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз.
Паспортыңды атуға даярлаймыз.

Қ: Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар.
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.

Алтыннұр! Ал ол жерде "Қайрат өзін-өзі өлтірді" деп ресми жорамал хабар таратады.
Негізінде Қайраттың өліміне К.Власенко кінәлі. Ол алдында №21камераға бір күн бұрын әкелінген. К.Власенкомен (бұдан бұрын алты адамды өлтірген) бір камераға отырғызудың өзі де дәлел. Қайрат І988 жылы 21-мамырда өлтірілді. Сөйтіп, жарық күнмен қоштасты.
Амангүл:
Елім, елім, елім деп,
Ар-намысын сақтаған.
Бұйырғанда өлімге
Кірпігін де қақпаған.
Батыр бабаң Бауыржан
Қолдады ма, қарағым,
Желтоқсанның шыдадың
Толғағына, қарағым.
Арман, арман, арман көп.
Айтылар теңеу қалған жоқ.
Қысқа ғұмыр сүрсең де,
Таң қалдырған қарағым!
Қазағыңды Қайрат деп,
Тамсандырған қарағым!
Мамық болсын қара жер,
Жатқан жерің жарық боп.
Бақұл бол, бақұл, әй, көкем,
Тәубе, тәубе, тәубе етем!
Ән: "Желтоқсан желі".
1-оқушы: Мен-қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте.
Аңсаймын мен сенемін туады ертең.
"Қазақ болу" зор бақыт дер күн тіпті.
Би: «Қазақ биі»
2-оқушы: Бұл тарих шындықтарды електейді,
Десең дағы керексіз, керек мейлі.
"Желтоқсан" деген сөзді естігенде
Көз алдыңда сол күндер елестейді.
3-оқушы: Көлдей жасын көп төккен қазақ үшін,
Ұмыта алман, Желтоқсан, азап үшін.
Қанымен қыршынының тарихта енген
Шындықты айтар күніміз келді бүгін.
4-оқушы: Естен кетпес аяусыз ұрғандары,
Қазаққа неше айла құрғандары.
Қайрат сында елімнің ұл-қыздары
Желтоқсанның кезінде құрбандары.
Ән: "Қара бауыр қасқалдақ".
5-оқушы: Ақталды боздақтардың ақ талабы,
Әділ іс әрқашанда ақталады.
Елі үшін жанын қиған асыл жандар
Ел есінде мәңгілік сақталады.
6-оқушы: Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар Президенті.
7-оқушы: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығандай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Құт-береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты құс арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
8-оқушы:
Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп нұр
Күн жаяды шапағын.
Астында оның қалқыған
Қыран құсы шалқыған.
Сары түсті жолақ бұл,
Мұратындай атаның
Әсем өрнек ол ұлттық.
Көк байрағы бабамның
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Мұның бәрі бүгінгі
Қазақстан жалауы
Ән " Елім менің"
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.