Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ардақтайық ұстазды» -

«Ардақтайық ұстазды»

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2228 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Қарашоқы ауылы
Қарашоқы орта мектебінің
денешынықтыру пәнінің мұғалімі,
5 б сынып жетекшісі
Дауылбаева Аида Бейбитовна

Тақырыбы: «Ардақтайық ұстазды»

Мақсаты:
Оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.

Міндеті: Оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу.
Көрнекіліктер: шарлар, нақыл ұстаздар

Барысы:

1 жүргізуші: Батырбекова Гүлназ
Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.
2 жүргізуші: Жақсыбаев Ақжол
Ия, жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні де осы күздің үлесіне тиіпті. Ендеше осы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарға деген құрмет арта бермек.
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сізсіз мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.
1 жүргізуші: Батырбекова Гүлназ
Ең күрделі ғылым–Адам болу ғылымынан дәріс беріп жүрген мамандық иесі, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар, армысыздар! Бүгінгі «Ардақтайық ұстазды» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!
2 жүргізуші: Жақсыбаев Ақжол
Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің жасампаздығына көз жеткізіп, өздерінің еселі еңбектерін тек шәкірт ғұмырына арнаған, өмірге өзі де бақытты болып келіп, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп халық қалаулысы атанып, бақытты шаңырақтың иесі болып отырған ұстаздар.
1 жүргізуші: Батырбекова Гүлназ
Қыр сырын зерттеп заманның
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін
Барсыз ұстаз мәңгілік
1 жүргізуші: Батырбекова Гүлназ
Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар, дей отырып «Алғашқы ұстаз» әнін қабыл алыңыздар!

2 жүргізуші: Жақсыбаев Ақжол
Ұстаздар ұлттың тірегі
Ұстаздар мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен
Халықтың ұлы тірегі дей отырып сіздердің алдыларыңызда
«Қаражорға» биі (Диас, Гулназ, Мағжан, Армангуль)
2 жүргізуші: Жақсыбаев Ақжол
«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
1 жүргізуші: Батырбекова Гүлназ
Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.
2 жүргізуші: Жақсыбаев Ақжол
Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін өлең жолдарымен білдіреді.
1. Оқушы: Абдрахманова Әмина
Мектеп анамдай, асыл мектебім,
Құшағы нұрлы көктемім.
Өмірдің аттап өткелін,
Сенде өсіп көктедін.
Бағында құстай сайрадым,
Қырында гүлдей жайнадым.
Сәулетті дархан бесігім,
Тербеліп жүрмін осы күн.
2. Оқушы: Ахметов Айтбек
Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,
Сөмке асынып, дәптер, қалам алғаным
Бір бұрышында сол сөмкенің
Кеней сақа, кендір баулы қармағым
3. Оқушы: Жанбырбай Мағжан
Сабағыңнан қалсаң іздеп келетін,
Сырқаттансаң емдеп те өзі көретін.
Жалықпастан жанында ұзақ отырып,
Нелер қызық ертегі айтып беретін
4. Оқушы: Тайғақбай Диас
Көңілін бар шәкірттің таба алатың
Кеуделерге намыс отын жаға алатын
Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз
Білімді шәкірттер тәрбиелейтін.
5. Оқушы: Жақсыбаев Ақжол
Алдыңа келіп, ұстазым
Тұңғыш қалам ұстадым
Күлімдеген көзіңнен
Мейірімді сезінген
6. Оқушы Хамит Елдос
Жүрегі кең ұстаздар данасы гой
Қамқор болған біздерге баласындай
Сынып жетекшілері ыстық ықыласымызды
Қабыл алыңыздар аялаған біздерді баласындай
1 жүргізуші: Батырбекова Гүлназ
Ұстаз деген ұлы сөз
Жүректің берген бағасы
Мұғалім ұстаз бола алсаң
Баланың көп қой данасы
2 жүргізуші: Жақсыбаев Ақжол
Хан бол мейлің, қара бол
Дарын бол, мейлің дара бол
Өтетін бәрі алдынан
Ұстаздар бейна сара жол
1 жүргізуші: Батырбекова Гүлназ
Әр сабағың өтіп жатыр
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып
Тұрасыз сіз, дирижер болып күлімдей, демекші ендігі кезекте ұстаздарға арналған сауалдар
 Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз?
 «Ұстаз ұлағатты есім» дегенді қалай түсінесің?
 Мектепте қандай қызықтармен кездесе білдіңіз?
 Мамандық таңдау қиын ба?
2 жүргізуші: Жақсыбаев Ақжол
Мұғалімді анамдай жақсы көрем
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне
Ел баласын оқытады ой Алла, дей отырып оқушылардың сіздерге арналған өлең жолдарын қабыл алыңыздар!
7. Оқушы: Қуанышұлы Мейрамбек
Мұғалім – ұстазысың балалардың.
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бірі де жеткізе алмас бағалардың
8. Оқушы: Қасым Елдос
Атағым Алатаудай болып биік
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп
Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп
9. Оқушы: Муканкызы Армангуль
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы
10. Оқушы Қазытай Анар
Данышпан да, дана да оқып сенен
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең
11. Оқушы: Сейтказиева Арайлым
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
12. Оқушы: Өміралиев Еркебұлан
Арылтып түн-түнектен саналарын,
Ойлаған ұрпақ қамын, бала қамын
Бала емес, адамзатты тәрбиелер
Ұстаздар – ар-ұяты замананың
13. Оқушы: Абдрахманова Әмина
Мәрт мінез елің барда өресі кең,
Шықпайсың қажыма, ұстаз ел есінен
Жетіңдер мұраттарға ұзақ жолда
Тағдардың толқын ұрған кемесімен
14. Оқушы: Несіпбек Дильназ
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.
15. Оқушы: Батырбекова Гулназ
Ана тілім бабам тілім, ардағым
Келеді кезек өзіңе ән арнағым
Мәртебесі өскен сайын тілімнің
Көркейгендей болып келед жан жағым
Мәртебесі асқан сайын тілімнің
Көкке пырақ мініп самғатар
16. Оқушы: Жақсыбаев Ақжол
Қуат алып күндерден алыстағы
Жүресіңдер мініп ап намысқа бір
Дерексіздер өткеннен, керексіздер
Болыңыздар бай қуатты арыстарым
17. Оқушы: Ақылбайұлы Мақсат
Ақырын жүріп андап бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық қылған жалықпас
Ұйретуден балаға

18. Өміржан Нұржан
Мектепке келдім
Ұстазды көрдім
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп
1 жүргізуші: Батырбекова Гүлназ
Сенің бағың өрге қарай өрлесе
Ол да бірге қуанышқа кенелген
Сол арқылы сенде өмір жалғадың
Ізгі іс қой ұстаз тілін алғаның, дей отырып, «Улыбка» әнімен ортада Абдрахманова Әмина
1 жүргізуші: Батырбекова Гүлназ
Мұғалім, ғазиз мұғалім
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма
Арқаң деп сенің ұғамын
2 жүргізуші: Жақсыбаев Ақжол
Ғылым иесі, ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілін бал тамған ақын да, егін салған диқан да, бал бағып, терін төккен шопан да бәрі бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан да ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.(гүл шоқтары беріледі)
Ән «Құтты болсын мерекең»

1 жүргізуші: Батырбекова Гүлназ
Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің
Үйреткені адалдық
Ұсынғаны адамдық
Текті мінез даналық
Бар ұстазға тілейміз
Бақыт, табыс, амандық дей отырып, «Ардақтайық ұстазды» атты тәрбие сағатын аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар ұстаздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.