Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ардақты ана, қамқоршы ұстаз және мен». -

«Ардақты ана, қамқоршы ұстаз және мен».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1567 | Размер: | Автор: Тәрбие
. «Ардақты ана, қамқоршы ұстаз және мен» сайысының өту жоспары.
Тақырыбы: «Ардақты ана, қамқоршы ұстаз және мен»
Мақсаты: Оқушыны халықтық педагогика негізінде тәрбиелеуде мұғаліммен ата-ананың бірлескен жұмысын нығайту.
Көрнекілігі: «Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық. »
«Дүниеде өзгермейтін үш нәрсе бар: ол-ананың ақ сүті, сәбидің күлкісі, күннің нұры»
Сайыс жоспары:
1. Топтың өзін таныстыруы.
2. «Ата дәстүрі- асыл қазына».
3. «Тәтті ән мен әсем күй».
4. «Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпақпыз».
5. «Аталар айтқан асыл сөз».
6. «Ас – адамның арқауы».
Сайысқа 5-8 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптан құралған топтың құрамында: оқушы, анасы, сынып жетекшісі. Сайысқа қатысқан төрт топ:
1. «Тұлпар» 7-сынып.
2. «Қызғалдақ» 8-сынып.
3. «Көкпар» 6-сынып.
4. «Жеңіс» 5-сынып.
1-жүргізушінің кіріспе сөзі:
- Қош келдіңіздер, құрметті аналар, ұстаздар және оқушылар. Сіздерді көктемнің лебімен ілесе келген 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Баршаңызға бақыт тілеймін!
«Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Жан кешкен баласы үшін, бағы үшінде,
Халқының, отбасының қамы үшін де.
Аналар-шексіз әлем, күннің нұры,
Тіршілік көзі жатыр әр ісінде»- дей келе бүгінгі сайысқа келіп отырған аналарымызды ортаға шақырамыз.
- Ұстазым- екінші анам, аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Таңертең күнде құшақ жаядыалдан – деп, жас ұстаздарды ортаға шақырамыз.
- Шәкіртпін мен,
Ұлылардан жақсылықты теретін,
Ой маржанын көпке ұсынып беретін.
Барлығынан ардақтысы өмірдің,
Әлемдегі жақсылыққа еретін.- деп шәкірттерге кезек береміз. Олар: Сержан, Жадыра, Шынар, Әйгерім, Гүлсезім, Жайнагүл, Бақытбек, Анар, Жанар.
Әр топ өздерінің орындарына жайғасқаннан кейін, кезекпен әр топтың өзін таныстыруы.
ІІ. «Ата дәстүрі- асыл қазына» шарты бойынша әр топқа 10 сұрақ беріледі.Осы сұрақтың 1 мин. ішінде нешеуіне дұрыс жауап беріледі, сол есепке алынады.
ІІІ. Абай атамыздың сөзімен айтқанда
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Тәтті ән мен әсем күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»- кезекті өнер сайысына береміз. Әр топ өзінің кезегінде ән айтып, би билеп өздерінің өнерге икемділігін байқатты.
ІV. Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз (бұл шарт үй тапсырмасы ретінде берілді.). Өздерінің үйден дайындап келген қолөнері туралы айтып түсіндірді. Әсіресе «Жеңіс» тобынан келген апаларымыздың дайындап келген құрақ түрлері (тырна, ши құрақ), балалардың дайындаған қамшы өрімдері, қыз балалардың кесте тоқуы ұқыптылығымен көзге түсті.
V. «Аталар айтқан асыл сөз» бөлімінде мақал-мәтелден сайысқа түсті. Мақалдың басы айтылып, соңын өздері жалғастырды.
VІ. «Ас- адамның арқауы» бұл бөлімде ұлттық тағам түрлерінің біреуін, олардың жасалуын түсіндіріп өтті.
VІІ. Қорытынды. Сайыс шарттарына сай, жинаған ұпай санымен «Жеңіс» тобы алға шықты.
Жүргізуші: Аналар жөнінде күн сайын қаншама жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде. Әйтсе де, осылардың ешқайсысы да ақ даулықты аналардың толық болмыс бітімін суреттеп бере алмайды. Ана деген күллі тіршіліктің иесі болғандықтан, олар жөніндегі әңгіме- жырлармен, қанатты да, шабытты да, ұлы да киелі әндермен аяқталуы мүмкін емес. Ол ғасырлар бойы жалғаса беруі тиіс. Сағыныш толы жүректің нәзік қылын шертетін, жаны жайсың, көңілі дарқан, пәк сезімді асыл аналар жөніндегі әдемі әуендер үздіксіз шырқалып, әрбір адамның жүрегінің төрінен орын алып, мәңгілік сарқылмауы тиіс. Өйткені, «Ана- таусылмас жыр, сарқылмас дастан, аяқталмайтын ән».
Хор: «Ана туралы жыр».
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.