.
.
Тақырыбы: Қариясы бар үйдің,қазынасы бар. Қариясы бар үйдің,қазынасы бар.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2664 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсатын: Үлкенді құрметтеп,сыйлауға.Ата дәстүрімізді сақтауға.Өз аталарының ісін
үлкенге өнеге,кішіге үлгі ете білуге тәрбиелеу.
Түрі: Ардагерлер кеңесінің төрағасы
А.Түрікпенәлиевпен кездесу.
Әдісі: Сұрақ жауап,пікірлесу,шығармашылық тапсырмалар.
Б а р ы сы :
Уәждемелік кезең:
а) “Мен атамның жалғасымын” тақырыбында оқушылардың ойларын тыңдау.
ә) Аталар сөзі,ақылдың көзі: Аталы сөздер айту.
Сәулелі сөз сөне ме,
Орны бөлек батаның.
Бізге тәлім өнеге,
Ақ тілеуі атаның.
Ата бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Өз бетінше жұмыс: Қай бидің сөзі екенін тап.
Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат.(Қазыбек би)
Баз бала әкесінен өтіп туады,
Баз бала әкеісіне жетіп туады.
Баз бала кері кетіп туады(Төле би)
Аң халқыңа пайдаң тисін
Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін.(Әитеке би)
Шығармашыдық жұмыс: Тақтадағы өлеңді оқып,жатқа жазу.
Иә,туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ата сөзін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Негізгі бөлім: а)Ауыл ардагері, ұстаздардың ұстазы,Абай ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы , Түрікпенәлиев Алпамыс атаймен пікірлесу.
ә)«Алпамыс атайдың бір күні» атты сюжет көрсету.
б)Оқушылардың сұрақтар беру арқылы пікірлесуі.
Қорытынды кезең: “Үлкенге құрмет,
Кішіге міндет”
мақалын пайдалана отырып тілектерін,өз ойларын айтуға ата аналарға, қонақтарға,оқушыларға сөз беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.