.
.
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы «Қарттарды сүйем» Мұқағали Мақатаев.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2278 | Размер: | Автор: ТәрбиеНұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
3 Сынып Ана тілі «Қарттарды сүйем» Мұқағали Мақатаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларды қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. «Қарттарды сүйем» өлеңін мәнерлеп оқуға үйрету:
Дамытушылығы: Оқушылардың тілін дамыту,сөздік қорын молайту;шығармашылық қабілетін жетілдіру;
Тәрбиелілігі: Ата-ананы құрметтеуге,қарт адамдарды қадірлеп,сыйлауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: М.Мақатаев портреті,суреттер,сөзжұмбақ,сызбалар,кітаптар.
Әдісі: Сұрақ-жауап,топтастыру
Пәнаралақ байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру Психологиялық дайындық
Жарқырып күнде ашылды
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз білім алу Міндетіміз еңбектену.
Еңбек ете жұмылып, 5-ке қолды жеткізу.
ІІ. Үй тапсырмасы
Ыбырыа Алтынсарин «Шеше мен бала»
1.Әңгімені рөлге бөліп сахналау.
2. Өткен сабақты пысықтау
1.Осы әңгімеден не түйдің?
2. Жаңылтпашты жатқа айтып бер
3.Диалог дегеніміз не?
4.Осы оқиға сенің басыңда кездессе не істер едің?
5. Үлкен қызға мінездеме бер
6. Әңгіменің соңындағы шешенің сөзін қалай түсінесің?
ІІІ.Жаңа сабақ
1. «Алпамыс » батыр жырынан үзінді оқу
2. Қандай бөлімді өтіп жатырмыз?
3. Сөзжұмбақ шешу
Ортадағы ерекше жолдан «Қарттарды сүйем» сөзі шығады.
1.Бүгінгі өтетін сабағымыз М.Мақатаевтың «Қарттарды сүйем» өлеңі
2.Автор туралы түсінік беру.
3.Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу,мазмұнын түсіндіру.
Бұл өлең «Алпысқа келдіңіздер » деген 10 шумақ өлеңнен үзінді.
4. Сөздік жұмысы
Керім-көркем
Шежіре-бір руға тән ұрпақтардың таралу жолдары,рулық,туыстық кесте
Шежіреші-шежіре айтқыш,жинаушы
Мұрагер-мұраға ие болу,белгілі бір істі жалғастырушы.
Баба-атаның әкесі
ІV. Сергіту сәті
Ән айту «Құттықтаймын,мама,туған күніңмен!»
V Түсінгендерін тексеру
1.Оқушыларға тізбектей оқыту
2.Дәптермен жұмыс
«Қарт» ұғымына синоним сөздер жазу. «Күн шұғыласы»
VI. Топтық тапсырмалар
1. Шашылған сөздерден ана,ата туралы мақал-мәтелдер құрастыру.
2. Шағын шығарма жазу
«Қарттарым асыл қазынам»
«Атам менің қорғаным»
«Әжемдей адам бар ма екен?»
VII. Қорыту
Оқушылардың аталары туркалы әңгімелету
Сақалыңнан айналдым қарт бабалар
Ұрпағыңа не айтарсың артта қалар
Сенімдерді ақтаймыз,ақтаймын да
сендердің мұрагерің атанамын.деп ақын айтқандай сендер де аталарыңның сенімін ақтайтын мұрагері болыңыздар.
YIII. Үйге тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқу Ақынның кез-келген өлеңін жаттап келу.
Бағалау
Тақырыбы: «Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы»
Мақсаты: Кеш жас ұрпақты елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге үйрету, адамгершілік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу мақсатында өткізіледі. Отан, туған ел, туған тіл туралы өлеңдер айту.
Көрнекілігі: Слайд, буклет, бейнетаспа «Желтоқсан желі» бейне фильм
Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар Біздің сыныбымыздың “Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы” атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
“Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы” атты ашық тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне содан бері 22 жыл!
Би: «Қазақ биі» . Сейтова Ақерке, Жарылқасынова Ұлболсын, Асанова Гүлжауар
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық. Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.
Тәуелсіздікке арналған оқушылар өлеңдерін оқиды.
Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы. (Таңатарова Алтынай)
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді
Бізге оны ешкім аяп бермеді,
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың
Тас көшеде тас – талқан боп өлгені (Асанова Гүлжауар)
Жеттік, міне, осы күнге көптен бері аңсаған
Ата – баба ұрпақ үшін көп қуатын жұмсаған
Осы күндер құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын (Алпамысова Гүлжайна)
Тәуелсіздік – тірлігімнің айғағы
Татулығым – бірлігімнің айғағы
Сөгілмесе еліміздің іргесі,
Әлде де бар ұрпағымның арманы
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейін құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер. Махсутбекұлы Нұрсұлтан
Тәуелсіздік ата – бабам аңсаған,
Жете алмай құрбан болды қанша адам
Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар,
Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған. Жақсымұратұлы Асылбек
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы
Ол әркімге еркін өмір сыйлады
Тәуелсіздік он бір әріп құраған
Сан ғасырлар бар қазаққа бол арман
Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек жан тәңіммен ұғып біл
Он бір әріп не мағына береді
Ал тыңдайық, жеткенінше, қызыл тіл Дабыл Нұрлан
Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?
Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.
КӨРІНІС
Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр. Өлеңін оқиды.
Қайрат:
Қайнама қазақ қамы үшін,
Қарусыз шықтық алаңға.
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды-ау табанда.
Сөйлесем даусым жетпейді,
Кез болдық мынау заманға.
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жанжалға.
Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.
Хатшы: Сот келеді, тұрыңдар!
Хатшы: Отырыңдар!
Сот үкімді оқиды.
Сот: -Алдындағы сот нәтижесі бойынша:
Қазақ КСР Жоғары сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын.
Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.
Апасы: -Жоқ, бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.
Хатшы: -Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.
Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?
Қайрат: Бар.
”Ақтық сөз” өлеңін оқиды.
Қайрат:
”Ақтық сөзің не?” – деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтамын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
”Еркек тоқты - құрбандық”,
Атам десең атыңдар!
Хош аман бол артымда,
Ағайын, туған-азамат.
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым саған аманат!
Сот: -Бүгінгі сот жабық.
Екі жендет Қайратты залдан жетеледі. Осы кезде апасы баласының соңына жүреді. Осы кезде Қайрат “Анама” деген өлеңін оқиды.
Қайрат:
Мейірімді ақ жүзіне анамның,
Көңіл жүдеп, көз жасаурап қараймын.
Кешір ана, кешірімшіл едің ғой,
Кемістігі көп-ау мына балаңның.
Кейін білдім, кеш ұғындым, өкінем,
Өкінем де, басымды иіп өтінем.
Кешір, ана, кешірімшіл едің ғой,
Қолыңнан тым ерте ұзап кетіп ем.
Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.
Ұлы Отан соғысында көптеген батыр қыздар болды, Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай осы екі күнге созылған сұм соғыста елім деп, алаңда жүрген қыздар болды ма?
Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті-Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. Желтоқсан оқиғасы туралы режиссер Қалдыбай Әсенов түсірген ”Аллажар” фильмінің басты кейіпкері де – Ләззат.
Желтоқсан оқиғасы біткен соң әділдік орнады ма?
Қыршын кеткен жастардың күткені-әділдік еді. Ол үміттері ақталды ма? Бірақ сондай жаза қолданатындай олардың бұзықтық жасамағандығы бірнеше жылдардан кейін анықталды. Желтоқсан жаңғырығы алысқа жетті.
1989 жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды.
Ән: «Жаса Қазақстан!». Орындайтын Қайырмағамбетов Айбек.
Бейнематериал көрсетіледі.
Тәуелсіздігімізді желтоқсанның жемісі дей аламыз ба?
Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау
күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орыны ерекше.
Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар
екенін көрсетті.
Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,
Жүректерге үміт боп жағылғансың
Аяулысың білмеген алақаннан –
Суып барып қайтадан табылғансың.
Қорытынды:
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! -
дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!
"Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық
жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.
Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!"
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы
«Атамекен» әні орындалады (хор)
Бірге: Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын!
Қазақстанның болашағы гүлдене берсін!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.