.
.
Қарты бар елдің қазынасы бар Қарты бар елдің қазынасы бар.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 8489 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабаққтың мақсаты: оқушыларға 1- қазан қарттар күні туралы түсінік бере отырып, қарттарға құрметтеп қарауға, сыйлауға үйрету.
Таным үрдістерін, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Қарттарды құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: қанатты сөздер, мақал – мәтелдер
1. «Қарты бар елдің – қазынасы бар»
2. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»
3. «Ағадан – ақыл, актадан - нақыл»
4. «Аталы үй – баталы үй»
Тәрбие сағаттың барысы.
І Кіріспе бөлім
Оқушыларға 1 – қазан қарттар күні екенін хабарлап, «қарт» сөзінің мағынасын ашқызу. Ата – әжелері туралы әңгімелету.
ІІ. Негізгі бөлім
Әдеби монтаж
Ислам:
Жақсы көрем атамды,
Атам жүзге тақалды
Ұрыспайды ұстасам
Аппақ қудай сақалды.
Көркем:
Жақсы көрем қасын да,
Қардай аппақ шашын да,
Қорықпаймын ешкімнен
Атам жүрсе қасымда.
Рамазан:
Адымы үлкен, әрі кең
Жете алмаймын әлі мен,
Менің атам күштірек
Аталардың бәрінен.
Ән «Асыл әже», үн таспада орындалады.
Бибі:
Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді,
Біздің үйдің бәріне.
Сауалнама: «Үлкенге -құрмет, кішіге- ізет»
1-көрініс: Автобус ішінде бала отырады. Бір кезде үлкен қарт әже кіреді. Бала не істеу керек еді? (оқушылар жауабы)
2-көрініс:
Қарт әжей дүкенге келе жатты. Қолында ауыр заты бар. Балалар ойнап жүрді. (оқушылар жауабы)
3-көрініс:
Бір бала жүгіріп келе жатса алдынан бір әжей шықты. Бала не істеу керек еді? «балалар жауабы)
Сөз: Алма апайға беріледі.
Құлмырза Бекзат:
Қорытынды: Оқушылар плакатқа жазылған нақыл сөздердің мағынасын ашып, ата – әжелерінің үйреткен мақал – мәтелдерін, тыйым сөздерін, берген баталарын, жатқа айтудан сайысқа түседі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.