.
.
«Қасиетті-Түркістан». ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ, №213 «ҚЫРКЕҢСЕ» ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ ӘКІМБАЕВ БАУЫРЖАН « Қасиетті-Түркістан»
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 7322 | Размер: | Автор: ТәрбиеТәрбие сағатының тақарыбы: « Қасиетті-Түркістан»
Сабақтың мақсаты: Ежелгі қазақ хандығының
астанасы болған Түркістанның
елдік бейнеміздің кәусар бұлағы
екенін, оның пайда болу тарихын
осы қала арқылы біз өткен
тарихымызды, мәдениетімізді
білетінімізді оқушыларға дәріптеу
оларды Отан сүюге, ұлттық салт-
дәстүр, әдет-ғұрпымызды берік
сақтауға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі : Қазақстанның картасы,
«Түркістан- көне қала» бүктемесі, Тайқазан, Түркістан, Қ.А.Йассауи кесенесінің суреттері, нақыл сөздер жазылған плакаттар. Т.б.
Сабақтың әдісі : Топтастыру ойын, сұрақ-жауап,
әдеби монтаж.
Тәрбие сағатының барысы :
1. Бастаушы:
Түркістан- екі дүние есігі ғой,
Түркістан-ер түріктің бесігі ғой,
Тамаша Түркістандай жерде тұрған,
Түріктің тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып өскен,
Тұранның тарихы бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер өткен. М.Жұмабаев.
2. Оқушы
Түркістан-көне қала ғана емес, ірі оқиғалардың куәгері. Қазақ мемлекеттігін құрған, қалыптастырған хандардың, билердің, батырлардың бұл қасиетті шаһарда тұрмағаны немесе соғып өтпегені жоқ деуге болады. Демек, Түркістанның әрбір көшесі тарихи бертерге толы.
3. оқушы
IV-X ғ Түркістан орнында Шағбар деген үлкен қала болған. IX-X ғ ол жақсы қалалар қатарына қосылып, гүлденеді. Сол кезден бастап Яссы, ал XV ғ –дан бастап Түркістан деп аталады. “Түркістан деген сөз – түріктер мекені, елі” деген сөз. Өйткені сол заман бұл аймақты түркі тілдес халықтар мекендеген. Сол кезден бастап қала түркі халықтардың діни орталығы болып келді.
4. оқушы
XVI ғ бастап Түркістан қаласы мен төңірегінде қазақ хандығының бөлігіне берілді . Қала көп уақыт қазақ хандығының орталығы болды. Жаугершілік заманында сыртқы жаулардан қорғану мақсатында қаланы айналдыра қорған салынған. Қорған мен қақпаның беріктігі сондай, кейде сырттан келген шапқыншылар бұза алмаған.
5 оқушы
Ежелгі Түркістан қаласы қазақ топырағындағы сол кездегі саяси мәселелерді, дау-дамайларды шешу орталығы болған. Бұл қаланың түбінде мәр төбеде үш жүздің өкілі ылғи бас қосып, уәжге келіп отырған. Жер дауы , жесір дауы осы арада шешіліп, әңгіме өзек болған.
6 оқушы
Исі түркі халықтарының екінші меккесі атанған Түркістан аумалы-төкпелі заманда елге нық сенім беріп, діни және рухани беріктікті сақтап қалуға көмектескен рухани тазарту орталы болған.Оны қазақ жерінің әр жерінің тұкпірінен мінәжат етіп келген халық ауыр қасіретпен қиындықтан қорғайтын пана деп білген.
7 оқушы
Қазақстанның халық жазушысы Ш.Мұртаза «Киелі Түркістан»
деген мақаласында былай деген: “Әр елдің, егер ол өз тарихын ,өз мәдениетін, өз намысын бағалай білетін ел болса, сол елдің пір тұтатын бір мекені болды.”Мысалы, ол өзбектерде Самарханд, Бұхара, орыстарда Суздаль,Владимир,Иранда-Машхат.Ал біз үшін қазақтар үшін сондай рухани алып –Түркістан.
Бүкіл қазақ халқы мойындайтын піріміз-Түркістан.
8оқушы
Қасиетті Түркістанға барғанда теңгесі жоқ Ахмет Иассауидің сөулетті ғимараты ерекше көзге түседі.Мұны Х1V ғасырдың алдында әйгілі Ақсақ Темір салдырған.Оның ені 46,5 ұзындығы 62,5 биіктігі 40 метрге жуық.Әр түрлі мақсатқа пайдаланатын 35 бөлмеден тұрады.Ортада қазандық деп аталатын бөлме бар.Осы бөлмеде салмағы 2тонна келетін ішіне 60шелек су сиятын үлкен «Тайқазан » орнатылған.Тайқазан 1399 жылы Түркістан шаһарынан 25 шақырым жерде Қарнақта 7 асыл металдан жасалған.
9 оқушы
1935 жылы Санкт-Петербургте Иран өнері жөніндегі 3 халықаралық конгресс өтті.Конгреске байланысты Қазақстан үкіметінің рұқсатымен тайқазан Санкт-Петербургке жіберілді.Тайқазан әрмитажда ұзақ жыл тұрды.1939 жылы Тайқазан Түркістанға қайта әкелінді.Тайқазан-молшылықтың белгісі.
10 оқушы
Қожа Ахмет Иассауи ХХ ғасырда өмір сүрген.Қазақ халқының көне мәдени тарихын айрықша орын бар.Бұхар қаласын діни білім алған кейін Түркістанға келіп, сол кезде Орта Азияда кең тараған софылық діни мистикалық идеялардың насихаттаушы болды.
Ахмет Иассауидың бүгінгі ұрпақ жеткен шығармасы «Диуани Хикмет».Онда қазақ халқының ежелгі мәдениеті,әдебиеті,тарихы,этнографиясы,экономикасы жазылған.
11 оқушы
Есімі ежелден ел жүрегінде сақталған,асыл сөздері зерделерде жататын инабаттылық пен имандылыққа шақырған адамгершілік биік мұраттарын уағыздаған ұлы ғұлама ,киелі әулие Құл-Қожа Ахмет Иассауидің халқымыздың рухани өмірінднгі өнегелі орны өзгеше жоғары . «Мадинада –Мұхаммед,Түркістанда –Қожа Ахмет».
«Мына бізге жәрдем ет,» деген аталы сөз, мәртебелі теңеу орынды айтылған.
12 оқушы
Түркістанның «Екінші мекке» атануыда осы әруақты атамыздың бәтуалы бабамыздың бүкіл Түркі дүниесін нұрландыған шапағат шам шырағы екенін айқындайды.
Уа,көне көз Түркістан
Иассауиден бата алған
Ғажайып қай түр нұсқаң
«Кіші мекке» атанған
Пікірталас: Екі команда
13 оқушы
Қасиетті Түркістан жеріне барған қазақ халқы Арыстанбабтың қабіріне орнатылған кесенегеде бармай кетпейді. Арыстанбаб-ғалымдық діндердің бірі исламды түркі әлеміне танытушы,таратушы Мұхаммед Пайғамбардың ісін жалғастырущы дінге сыйынған зиратшылар «Арсытанбабқа түне,Қожа Ахметеке тіле!»-дейді:
Түркістанда түмен баб
Сіздермен медет тілеймін
Сайрамдағы санныз баб
Отырардағы отыз баб
Ең үлкені Арыстанбаб
Сіздермен медет тілеймін
14- оқушы
Даламның шынарындай
Санамның шырағындай
Бабамның тұмарындай
Алаштың тұрарындай
Бегімнің үранындай
Көгімнің қыранындай
15-оқушы
Даңқымен сағындырған
Тегі үшін жұлқысқан
Көгі үшін қырқысқан
Төтеп берген бәріне
Төзімдісің Түркістан
16- оқушы
Көз тіксе жарты ғалам
Асырған даңқын заман
Қожа Ахмет Йассауи
Жұлдыздай жарқыраған
Қазақтың ұлан жері
Ардақтап тұрар елі
17-оқушы
Сан ғасырлар тәу етіп
Келіп жатты қанша жұрт
Армандарын тау етіп
Қайтып жатты тамсанып
18-оқушы
Мақтанышы халықтың
Тұнығысың ойдың да
Бір парағы тарихтың
Жатыр сенің қойныңда
19-оқушы
Түркістан ежелгі заманда да , қазірде үлкен саяси орталық. Бұл қаланың сол ғасырлар бойы елдің басын біріктіріп, рухани негізді сақтап қалуға сіңіргенеңбегі ұлан-теңіз. Қаланың жалпы мұсылман әлемінде «Екінші мекке» атануы тегінен тегін емес. Осындай бой көтерген зәулім кесене- Қожа Ахмет Йассауи кесенесі бұл кезде ЮНЕСКО –ның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қасиетті қала кезінде шашыраған халқымыздың басын біріктіріп, елдігіміздің нышанын айдай әлемге паш етті. Мұнда қазақ хақының нар түлғалы түлғалары Есім хан, Қасым хан, Тәуке хан, Малай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер жиі-жиі болып, елдің мәселесін қозғаған.
Дінахмет:
Мәңгілік нұры жақын
Рухыңды ұғып халық
Көтерді көк туыңды
Бір сапқа тұрып анық
Сәт сайын сана халқым
Кемедей көрінесің
Айдында дара қалқып
Арайласа үрдістан
Жазирадай нұр құшқан
Түрлене бер, Түркістан !
Гүлдене бер, Түркістан !
Ән: «Түркістан тойы» Орындаған : Маханбетова, Үсенбекова, Мырзатаева.
Ойын : Білемін , білмеймін, үйренемін.
Тәрбие сағатының соңында оқушылар қормен «Егеменді Қазақстан»
әнін орындады
Ахмет Жассауи кім?
Х1ғасырдың бас кезінде жарық дүниеге шыр етіп келген жас сәби,бүгіндері аты аңызға айналған Ахмет Жассауи есімі (оның толық аты жөні Қожа Ахмет Ибн Ибрахим Бин Мұханбет Бин Афтихар Жассауи) тек соңғы жылдар бедерінде ғана ерекшеназарға алынып , мерзімдік баспа сөз беттерінде жан-жақты атала бастады.Ал оған дейін есімі тек дін өкілі,софолық ілімді насихаттаушы кісі ретіде ғана белгілі болған.Осынау ғұлаша туралы енді егжей-тегжейлі зерттеулр де жазылмақшы. Осылайша Жасаутану ғылымы да өзінен өзі туындап келе жатыр. Ахмет есімі шығыс әлемінде соншалық белгілі болса да, ол туралы толық мәлімдейтін құжаттар жоқтың қасы. Бірқатар зерттеушілеріміз ол туралы толық ханды сөзді Бұхарадағы хаммадани сопы мен оның аты шулы мектебі туралы жазбалар арқылы дәйектеп , түгендеп жатқан рас. Бұған сүйенер болсақ, ол XI ғ аяғы мен XII ғ бірінші жартысында өмір сүрген болып шығады.
Йассауи қай жерде туды? Қашан туды? Бұл сұраққа әр кезде әр түрлі жауап беріп келеді. Ол қазіргі сыр бойындағы Сайрам қаласында дүниеге келген. Бұны талай тарихшыларымыз бен зерттеушілеріміз жазды. Оның туған жылы мен қайтыс болған уақыты туралы да белгілі бір ғалымдарымыз әр түрлі жорамал айтып жұр :
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .
1. «Киелі Түркістан» Ақиқат журналы 2004 ж № 8-9
2. «Түркістанға 1500 жыл» Ақиқат ? 4 1997 ж
Жас алаш № 123 12 қазан 2000 ж
«Түркістан » газеті № 21 2000 ж
Алматы Ақшам №117 2000 ж
Егеменді Қазақстан 11-18 қазан 2000 ж
3. «Түркістан екі дүние есігі ғой …» Қ.М. № 6 . 2000 ж
4. «Түркістан 1500 жыл» Түркістан газеті № 22 . 2000 ж
5. «Қазаннан кейінгі оралған қазына» Түркістан газеті № 22 2000 ж
6. «Түркістан альбомы» табылды. Түркістан газеті №23. 2000 ж
7. «Түркістан ежелгі астанамыз» Түркістан газеті № 21 2000 ж
8. Түркістан 1500 жыл
Авт. Жолтай Жұмат . Астана –2000 ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.