.
.
Тақырыбы: Қасиетті төрт ана-тағдырыңның тынысы Қасиетті төрт ана-тағдырыңның тынысы
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2000 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты:
Білімділік. Оқушыларды өз жері мен елінің тарихын, салт-дәстүрін, тілін, ауыл тарихын білуге қызықтыру, әдет-ғұрып пен салт-санасын қастерлеуге, тәуелсіздік шежіресін білуге баулу, білімге деген құштарлығын арттыру.
Дамытушылық. Сабақ барысында тарихқа, тілге, салт-дәстүрге байланысты сұрақтар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.Ойлау, сөйлеу дағдысын, азаматтық өзіндік санасын қалыптастыру, зерде мәдениетінің дамуына ықпал жасау.
Тәрбиелік. Туған ел тарихын, тілін, салт-дәстүрін құрметтеу, елін, жерін, Отанын сүюге баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, мәдениетті түрде ойын, пікірін дұрыс жеткізуге үйрету.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, киіз үй, шаңырақ, шарлар, ленталар.
Нақыл сөздер.
1.Туған ел-Қыдырың.
2.Тіл –халықтың тарихы.
3.Тіл қаруы- сөз, сөз қаруы-ой.
4.Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы , салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.
5.Туған жері-түп қазығы, айбынды,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр- салт-санасы, тірегі:
Қадамына шуақ шашар үнемі.
6.Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың
Жарасымды, ұнасымды ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
7.Туған жерде жаралдым,
Туған жерден нәр алдым.
Туған жерге әрқашан,
Бар бақытты арнадым
8.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
9.Ауыл –қазақтың ақ бесігі.
10.Ата салтым-асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
11.Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ.
(Н.Назарбаев)
12.Туған соң адам боп
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады надан деп.
13.Ауыл –ұлттық тәрбиенің ошағы.
14.Ауылында қарияң болса,жазып қойған хаттайын»
15.Ауыл –елдің кешегісі,бүгіні,ертеңі.
Ауыл-тарихтың түп тамыры.
Ауыл-елдіктің,ерліктің өшпес алауы.
Ауыл –қасиетті топырақтың,кәусар
судың,саф ауаның ортасы
Бабалар өсиеті мен аналар
Тағылымының ақ ордасы.
Сайыс сабағының барысы:
Өз талантын алыс-жақынға түгел танытқан беделді де белді ақын, белсенді қоғам қайраткері, халық депутаты, Қазақстанның Қырғызстандағы өкілетті елшісі де болған Мұқтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңімен байланыстырылып өтеді.
Төрт ана
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқадан
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері- түп қазығы, айбынды,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр- салт-санасы, тірегі;
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы, еске алуға қаншама,
Ауыр және қасіретті болса да,
Төрт анаға әнін жолдай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана –тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес күрестердің ұлысы.
Бұл төрт анамызды сақтау үшін мықты ел басшысы, ержүрек батырлары, дарынды саясаткер елшілері, ақылшысы болу керек. Сондықтан, біз бүгін өз білімдерімізді шыңдай түсуіміз керек.Оны ойын түрінде қайталап еске түсіретін боламыз.
Сайыс сабағы қайнар, бастау, бұлақ, өзен, көл, теңіз, мұхит деген бөлімдермен өтеді.Алдымен оқушылардан бұл сөздерді қай сабақпен байланысты екені анықталады, сөздердің мағынасы нені білдіреді- ортақ мағынасы су екені тұжырымдалады.
Адам өміріне таза, мөлдір су қандай керек болса, адамға таза, терең, нақты білім де сондай керек. «Білімсіздің күні қараң»- дегендей, енді, балалар, өз білімімізді осы мөлдір сулармен теңестіріп көрейік.Бұл сөздер туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?
1.Су анасы –бұлақ, сөз иесі- құлақ. 2.Дария жанынан құдық қазба.
3.Су ішкен құдығыңа түкірме. 4.Ақыл- дария, ой-теңіз.
5.Судың да сұрауы бар.
Сайыс сабағының жоспары:
Оқушылар үш топқа бөлінеді.Әр топ өз орындарына жайғасады.
«Мұрагер» тобы.Ұраны: «Өткенді бағаламай, болашақты қадірлей алмайсың».
«Жұлдыз» тобы. Ұраны: «Жұлдыз болып жанамыз, оқып білім аламыз».
«Арман» тобы. Ұраны: «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең».
1.Қайнар сайысы.
«Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой санағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған».
Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.
1.Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр қалай аталады?
Ж:Шашу.
2.Қуанышты хабар жеткізуші адам қандай сөздерді айтады?
Ж:Сүйінші, сүйінші.
3.Ыдысқа қырық қасық су құйып, шомылдыру, сәбидің қарын шашын алу дәстүрі қалай аталады?
Ж:Қырқынан шығару
4.Қаз-қаз балам,қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам! - Қай рәсімге қатысты?
Ж:Тұсау кесер
5.Алас.алас аласы
Келді міне, баласы.
Ұйықтап дем аласың,
Құнап оянсын! Қай рәсімге қатысты?
Ж:Бесікке бөлеу
6.Балалардың,жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый қалай аталады?
Ж:Байғазы
7.Тойды өлеңмен бастау қалай аталады?
Ж:Тойбастар
8.Келін келді,көріңіз,
Көрімдігін беріңіз,
Анау-мынау демеңіз
Түсін айтып қойыңыз,-қай рәсімге қатысты?
Ж:Беташар
9.Алыс сапарға,саяхатқа,сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне,көрші-көлемдеріне,сыйлас адамдарына,жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі.Ол қалай аталады?
Ж:Базарлық
II.Бастау сайысы. Тәуелсіздік-көтерген азат туым,
Есте сақтар елінің азат мұңын.
Өшкені жанып,өлгені тірілгендей,
Еркіндікпен бақытты қазақ бүгін.
Тәуелсіздікке қатысты сұрақтар.
1. Қашан Жоғарғы Кеңес мемлекеттік Егемендік туралы Декларацияны қабылдады?Ол күн қандай күн деп жарияланды?
Ж:1990жыл 25 қазан Республика күні.
2.ҚР-ның «Тіл туралы»заңы қашан қабылданды?
Ж:1997жыл 11шілде.
3.Тәуелсіздік ескерткіші қашан,кай жерде ашылды?
Ж: Алматы 1996 жыл 17 желтоқсан. ҚР Тәуелсіздігіне 5 жыл толғанда.
4.Қазіргі қолданыста жүрген Ата заң қашан қабылданды?
Ж: 1995 жыл 30 тамыз.
5.Қазақстан ББҰ-на қашан мүше болды?
Ж:1992 жыл наурыз
6.ҚР ұлттық валютасы қашан айналысқа шықты?
Ж: Теңге 1993 жылы 15 қарашада айналысқа шықты.
7.ҚР қай жылы тәуелсіздік алды?
Ж: 1991 жылы
8.Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
Ж: Ту, Елтаңба,Әнұран.
9.ҚР бірінші ғарышкері кім?
Ж: Тоқтар Әубәкіров 1991 жыл 2 қазан
ІІІ.Бұлақ сайысы.
Ана тілің -арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте!
Тілге байланысты сұрақтар.
1.Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?
Ж: 9
2.Жазудағы бірізді ережелердің жүйесін жасап, зерттейтін фонетиканың бөлігі қалай аталады?
Ж:Орфография
3.Дыбысқа берілген шартты графикалық таңба қалай аталады?
Ж: Әріп
4.Қазақ тілінің байлығын, көркемдігін ашып көрсететін тілдегі сөздер тобының бірі қалай аталады?
Ж: Мақал-мәтелдер.
5.Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды?
Ж:1989 жыл.
6.Қазақ алфавитінің реформатырын ата.
Ж: А.Байтұрсынов
7.Сөздердің лексика-грамматикалық байланысынан тұратын, біршама тиянақты ойды білдіретін, белгілі интонациямен ерекшеленетін синтаксистік құрылым қалай аталады?
Ж: Сөйлем.
8.Қимыл іс-әрекеттің жай-күйін, мекенін, мезгілін, мөлшерін, мақсатын т.бт белгілерін білдіретін сөз табы қалай аталады?
Ж: Үстеу.
9.Сөз бен оның формалары туралы тіл білімінің бір саласы қалай аталыды?
Ж: Морфология
ІV.¬Өзен сайысы.
Ауылымның өткен өмір іздері.
Арттағыға өнеге болған істері.
Кейінгі ұрпақ біліп өссін, айтыңдар,
Қадірлесін туған елін, біздерді.
Ауылға, ауыл адамдарына қатысты сұрақтар.
1.Жаңажол колхозы қашан құрылды?
Ж:1938 жылы.Үш шағын Жаңажол, Теңдік (кейбір деректерде Түндік) ,Қарасу қосылды.
2.Ең алғаш колхозды кім басқарды?
Ж:Темірбаев Сағынай
3.Ұлы Отан соғысы басталғанда шағын ауылдан қанша адам Отан қорғауға аттанды?
Ж:70-тен астам азамат
4.Ауылымыздағы «Қызыл жұлдыз» орденімен наградталғандар кімдер?
Ж: Мұқанов Тайшық, Райымбеков Әшім.
5.Жаңажол ауылында орналасқан мектеп ғимараты қай жылы салынды?
Ж: 1991 жылы
6.Қазақстан ЛКСМ 16 сьезінің делегеты, Қазақстан ЛКСМ комитетінің мүшесі болған кім?
Ж:Шакирова Сафиля
7.Ауылымыздың ең қарт тұрғынын атаңдар.
Ж: Утеп Рабиға әжей 1913 жылы 1 қаңтарда туған
8.Ауылымыздың батыр аналарын атаңдар.
Ж: 6, Бидал Бақытжан, Қайыргельдина Жәкен, Рахимова Шолан. Хамзина Ақаш. Хамзина Бөптай. Шаяхметова Мария
9.Жаңажол ауылы қай жылы Торғай совхозына қарады?
Ж: 1957 ж
V.Көл сайысы.
«Көп түкірсе -көл»
Ақыл тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын көл.
Бұл сайыста сөзжұмбақ шешіледі.
VІ. Теңіз сайысы.
Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелсең жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат сезімге баурайды,
Халқымыздың бүгіні мен өткені.
Тарихи тұлғалар туралы сұрақтар.
1.Дина Нұрпейісоваға домбырасын ұстатқан күйші кім?
Ж:Күй алыбы-Құрманғазы.
2.Құмай тазысынан, қыран құсынан, сүйген жарынан, тұлпар атынан айырылып өмірден баз кешкен ақын, әнші-сазгер кім?
Ж: Ақан сері Қорамсаұлы.
3.1876 жылы шыққан «Қазақ хрестоматиясының » авторы кім?
Ж:Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жылдар)
4.Спорт әлемінде дүниежүзілік даңққа бөленген тұңғыш қазақ кім?
Ж:Қажымұқан Мұңайтпасов (1883-1948 жылдар)
5. «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) шығармасының авторы кім?
Ж:Ахмет Йасауй.
6.Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі өрлеген кезде, Ордабасы тауының бөктеріндегі халық жиналысында қазақ жасақтарының бастаушысы болып сайланған хан?
Ж:Әбілқайыр (1693-1748жж)
7.Қазақ ханы, батыл қолбасшы, 15 жасында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен кім?
Ж:Абылай хан (1711-1781жж)
8.Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, философ, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, классик кім?
Ж:Абай Құнанбаев (1845-1904 жж)
9.Дүниежүзіне қазақты қазақ деп танытқан Мұхтар Әуезовтің шығармасы қалай аталады?
Ж: «Абай жолы» романы.
VІІ.Мұхит сайысы.
Оқу –білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
Аралас сұрақтар.
1.ҚР-нің Конституциясы неше бөлім, неше баптан тұрады?
Ж:9 бөлім, 98 бап
2.20 жасында «Спорт әлемінде» жұлдыз болып жанған спортшы кім?
Ж:Бекзат Саттарханов
3.Қазақстан дүниежүзінде көлемі жағынан нешінші орында?
Ж: 9 Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан, Аргентина, Қазақстан.
4.Қазақстанның Президенті тұңғыш рет қай жылы сайланды?
Ж:991 жыл, 1 желтоқсан
5.ҚР Мемлекеттік тілі қандай?
Ж: Қазақ тілі
6.Мұсылманша жыл басы қай айда?
Ж:Наурыз
7.ҚР неше мемлекетпен шекаралас?
Ж:5 Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан
8.Қашан қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі атанған ақын- жазушылар мерей тойы қашан тойланды? Олар кімдер?
Ж: 1994 жыл С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б.Майлин.
9.Абайдың неше қарасөзі бар?
Ж: 45
Әділ қазылар алқасы қорытынды шығарғанша оқушылар мына парақтарға «Бүгінгі сабақ бізге не берді?» деген сұрақ бойынша ой толғаныс жазыңдар.
Тілім барда қазағым бар, халөқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ- демекші өз тарихымызды ұмытпай, салт-дәстүрімізді сақтап, тілімізді құрметтеп, ата-бабамыз қызғыштай қорғаған жерін қорғау келешек ұрпақ сендердің қолдарыңда.Білімдеріңді шыңдай беріңдер деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.